90.Гербицидтер терминін тұжырымдаңыз. ербицидтер, шөпжойғыштар(лат. herba — шөп және caedo — өлтіремін) – арамшөптерді жою үшін қолданылатын хим. қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды гербицидтер. Біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады. Гербицидтер өсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты тікелей жойғыш және жүйелік болып бөлінеді.
Тікелей жойғыш Гербицидтер – өсімдікті тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды. Жүйелік гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, бұл гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Тікелей жойғыш және жүйелік гербицидтердің ерітінділерін, эмульсияларын өсімдіктің сабағына бүркеді. Гербицидтер ретінде органик. және анорганикалық заттар қолданылады, кейде бірнеше гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек
91.Сүттіген өсімдігінің ерекшелігіне мысал келтіріңіз. Сүттіген (ағылш. Euphorbia) – сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар. Биіктігі 15 – 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі. Қандауыр тәрізді жапырағы бүтін жиекті. Гүлдері дара жынысты, жасылдау сарғыш түсті. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – үш ұялы қауашақ. Сүттігеннің көпшілік түрінің сабағы сүтті, шырынды болады, кейбіреуінің ұрығында іш өткізетін май бар. Өте улы өсімдік. Көкшіл сүттіген (Е. helіoscopіa) – дәрілік өсімдік. Халық медицинасында сүттігенді іш өткізетін, несеп жүргізетін және ішек құртын түсіретін, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде қолданады. Сүттігенді аса сақтықпен пайдаланған жөн, көп мөлшері ауыр асқынуларға, шырыны көздің, еріннің, мұрынның, жыныс мүшелерінің шырынды қабатына зиянды. 2 түрі: берік сүттіген (Е. sclerocyathіum) және Ярослав сүттігені (Е. jaroslavіі) – өте сирек кездесетін өсімдіктер ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.