75. Гербарий ісінің қазіргі жағдайын тұжырымдаңыз. 76. Синтаксономияны тұжырымдаңыз Өсімдіктерді жіктеу


Үстірт қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз



бет5/15
Дата17.04.2023
өлшемі97,78 Kb.
#83459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гербарий тест ответ

85.Үстірт қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз.
Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі кездеседі. .Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген. Үстірт қорығының өсімдік жамылғысы кеңістік құрылымымен ерекшеленеді. Кішкентай аумақта қыруар кешендігіне жататын қара сексеуіл, сорқаңбақ, қызылтаңдай формациялары құм өсімдіктер топтары кездеседі. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі кездеседі. Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден - бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хива сораңы, майда қатыран, берік сүттіген.
Қорықтың флорасы Үстірттегідей онша бай емес, өйткені шөлді аймақтар өте көп. Бұл аймаққа типтік өсімдіктер кактустар, сұр жусан, қауырсынды шөп, боялич және т.б., ал қорық аумағында сирек кездесетін өсімдіктің түрі - туранга өседі. Қорықтың фаунасы жыландар мен кесірткелердің әртүрлі түрлерімен ұсынылған, олардың арасында тек Үстіртте мекен ететін геккондардың сирек түрлері бар
86.Батыс Алтай қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз.
Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек кездесетін және аса бағалы түрлерҚорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақты, күңгіртқылқанды тайга, субальпілік, альпілік, егістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.
Алдын-ала жүргізілген бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)
Сондай-ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер.. Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы - орналасқан, бұл қорық қорғайтын және күзететін өсімдіктер әлемінің ішіндегі қорықтың негізгі байлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет