77. Ақыл-ойы бұзылған мектеп оқушыларында психикалық процестерді дамытуға арналған түзету жұмыстарының түрлерін анықтаңыз.
78. Ақыл-ойы бұзылған оқушылардың психикалық процестерінің ерекшеліктерін және оны дамыту бойынша түзету жұмыстарының бағыттарын ашыңыз.
79. «Ақыл-ойдың бұзылуы» ұғымын ашыңыз.
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы.
Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі. Мысалы, деменциясы бар 4жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады. Есейген сайын олардың патоло- гиялық белгілері төмендейді.
Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатоло- гиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психоло- гиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді.
Ғылымның түрлі салалары ой-өрісінің ауытқуы бар балаларды зерттеген және әлі де зерттеп келе жатыр: дәрігерлер, психологтар, генетиктер, әлеуметтеиаушылар, психотерапевтер, юристер, тіпті соңғы уақыттарда- экологтар жэне диетологтар. Осыган сэйкес бұл топтың мүгедектеріне тән көптеген терминдік сөздіктер пайда болды.
Терминологиялық сөздіктердің алуан түрлілігі оның эр елде эр даму тарихында эртүрлі көзқарастың болуына байланысты. Терминологиялық сөздіктерінің кейбіреулерінде келтірілген мысалдар: ақыл-ойының кемдігі, олигофрения, зиятының бүзылысы, психикалық кешеуілдену, психикалык дефект, танымдық аясының жетік дамымауы, психологиялық жетілмеуі, психикалык субнорма, психикалык тапшылығы, зиятының жетіспеушілігі жэне т.б. Әрбір терминнің мазмүны осындай түлғалардың психикалык өзіндік ерекшеліктері мен оның себептерінін өзгешеліктерімен немесе баланың психикалык дамуындағы ауытқулардың пайда болуына эсер ететін ойлау эрекетінің механизмдерінің бүзылулары туралы ақпараттармен, жинақталған. Кез келген басқа қүбылыстар сияқты акыл-ойы кемістігі жэне онын барлық тараптарын есепке ала отырып тегіс қамтитын аныктамалар беру киынға түседі, Акыл-ойы кем балаларды окыту бірнеше ғасырлардан өтеді. «Ақыл-ой кемістігі» психиатриалык түсініктердің ең коне үгымына жатады. Ж. Эскироль (1838) ақыл-ой кемістіктін туа біткен жэне жүре пайда болған түрінің арасындағы айрмашылығын сипаттап берген. Туа біткен ақылсыздықта психикалык әрекеттін жетік дамымауы байқалады, ал жүре пайда болуына - психикалык ыдырауының белгілері үстем болып жатады. Туа біткен ақыл-ой кемістігін аныктаудың маңызды жолы Э. Крепелинның (1915) зерттеуі болып табылды. Ол барлық ақылсыздыктың клиникалык формаларды максатты түрде бағытталған бір топқа біріктіріп, оларды «олигофрения» (кіші ми) терминимен атады. Дегенімен олигофрения сол кезеңнен бастап - ак нақты клиникалық шеңберінде қарастырылмаған. 80. «Олигофрения» және «деменция» ұғымдарын сипаттаңыз. Бұл жіктеудің негізі қағидасын көзрсетіңіз.
Пайда болу уакытысына карай ой-өрісінін жетіспеушілігін екі топка белуге болады: