7.Қарапайымдылар биотехнология нысаны ретінде: жалпы сипаттама



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,72 Kb.
#130230
  1   2   3
Байланысты:
7^J8^J9^J10


7.Қарапайымдылар биотехнология нысаны ретінде:жалпы сипаттама.

Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.


Қарапайымдар - дәстүрлі емес биотехнология нысандары. Қарапайымдар биотехнологияның дәстүрлі емес нысандарына жатады.Жақын уақытқа дейін белсенді балшықтың компоненттері ретінде ағынды суды биологиялық тазартуда қолданып келген. Қазіргі кезде олар зерттеушілердің назарын биологиялық белсенді заттардын продуценті ретінде аударды. Бұндай әртүрлі биосинтетикалық мүмкіндігі бар, сондыктан бостандықта өмір сүретін қарапайымдарды тиімдірек пайдалану керек болды.

Ерекше экологиялық орны бар қарапайымдар күйіс қайыратын жануарлар қарнында өмір сүретіндер. Олар қарындағы клетчатканы ыдырататын целлюлаза ферментін бөледі. Қарапайымдар осы бағалы ферменттің қайнар көзі бола алады. Оңтүстік американың қоздырғышы трипанасома - Trypanosoma (Schizot- rypanum cruzi) ісікке қарсы круцин препаратының бірінші про- дуценті болды (ССРО) және оның бір түрі - трипаноза (Фран- ция). Бул препараттардың әсер ету механизмін зерттеу совет ғалымдары (Г. И. Роскин, Н. Г. Клюева т.б.) және олардың Француз қызметтестері (Ж. Кудер, Ж. Мишель-Брэн т.б.) бұл препараттың ісікпен тікелей жанасуы цитологиялық нәтиже береді, ретикулоэндотелиальды жүйені ынталандыру арқылы тікелей ингибирлейді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет