8.Саңырауқұлақтар биотехнологияның объектілері ретінде: саңырақұлақтардың биотехнологиялық өндірістегі рөлі.
Биотехнология - өнеркөсіптік өндірісте биологиялық үдерістерді пайдалану. Биотехнология адами білімнің едәуір жас саласы. Сонымен қатар сыра ашытуда, сыр қайнату, шарап ашыту және нан пісіруде ашытқылар мен бактериялар ежелгі уақыттан бері іске асырылғанына к
қарамастан XX ғасырдың 70-жылдары енгізілген.
Көптеген қалпақты саңырауқұлақтар ғана емес, өзге де саңырауқұлақтар кең пайдаланылып, адам мәдени дақыл ретінде өсіреді. Адамдар пайдаланатын қалпақсыз саңырауқұлақтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) зең саңырауқұлақтары антибиотиктер, оның ішінде пенициллин алуға пайдаланылады;
2) ашытқылар.
Біржасушалы ұсақ ағзалардан бактериялар кең пайдаға асырылады. Солардың жәрдемімен сан алуан витаминдер, ферменттер және басқа көптеген заттар алуға болады. Ұсақ ағзалардың негізгі сұрыптау ерекшелігі қысқа мерзімде дарақтар мен ұрпақтардың көп мөлшерін оңай алуға болатынында. Өйткені бактерия жасушасы қолайлы жағдайда әрбір 20 минут сайын көбейеді. Зертханада бір жұмыс күнінде сынақтәжірибе қойып, олардың нәтижесін көптеген ұрпактарда бақылауға мүмкіндік туады. Дәл осындай зерттеуді біржасушалы өсімдіктермен өткізу үшін көптеген жылдар және өте көп қаржы жұмсау қажет болар еді. Атап айтқанда бұл ағзалар топтарының негізгі сұрыптау әдістерінің бірі қолдан мутагенездеп, соңынан іріктеу болып табылады.
Осы әдіспен зең саңырауқұлақтарының жаңа себінділерін (штамма) алуға қол жетті. Ол жабайы ата тектеріне қарағанда антибиотик пенициллиннен 1000 есе өнімді. Мұндай зерттеулердің едәуір арзан екенін де бағалауымыз қажет. Өйткені саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзалар зертханалық жағдайларда онша қымбат емес қоректік ортада және сынауықтарда қолға түсуі біршама оңай ферменттермен жақсы көбейеді. Сынақтөжірибенің сәттілігіне қажетті негізгі жағдайлар — ұрықсыздығы, ұқыптылық және салыстыра тексеруге болатындығы. Сондай-ақ жасушалы себіндімен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайтын тиісті құрал-жабдық
та қажет.Саңырауқұлақтар және ұсақ ағзаларды сұрыптаудың тағы бір ерекшелігі қоректік орталарды таңдап алу әдісі болып табылады. Ол қандай да болса орта факторына тұрақты себінділер алу қажет болғанда пайдаланылады. Мәселен, егер сортаңдыққа тұрақты себінділер алу қажет болса, қоректік ортада ас тұзының концентрациясын арттырып, соған төзімділік көрсететін дарақтар таңдап алынады. Спирттің 16%-ға дейінгі концентрациясына төзетін шарап бактерияларыньщ себінділері осылай жасалады. Спирт косылмаған тек таза мейіз немесе жүзім шырынын пайдалана отырып, көсіпорындық қарқында күшті ликерлі шарап өндіруге мүмкіндік туды. Үй жағдайларында күштілігі 12%-дан жоғары шарап алуға болады. Өйткені қолданылатын бактериялардың жабайы себінділері жуылмаған жеміс бетінде болса да, мұндай концентрацияда тіршілік ете алмайды да ашу тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |