7.Қарапайымдылар биотехнология нысаны ретінде: жалпы сипаттама


Жалпы ұғымдар: конструктивті метаболизм және анаболизм



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,72 Kb.
#130230
1   2   3
Байланысты:
7^J8^J9^J10

9.Жалпы ұғымдар: конструктивті метаболизм және анаболизм.
Энергетикалық метаболизм және катаболизм.

Анаболизм, биосинтез немесе конструктивті метаболизм, клетканың қор заттары және құрылымдық элементтерінің биосинтез реакцияларының жиынтығы. Анаболизм кезінде клеткалық заттардың қарапайым молекулалардан синтезі энергия жұтылуымен жүзеге асады. Анаболизм жолында ең алдымен клетканың негізгі компоненттері, одан кейін полимерлі макромолекулалар синтезделеді. Клеткада анаболизм және катаболиз процестері бір уақытта жүреді, бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, белоктар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.


Микроорганизмдерге энергияны қажет:
қоректік заттарды цитоплазмалық мембрана арқылы тасымалдауға ;
қоректік заттардан негізгі клеткалық компоненттерді синтездеуге;
көбею мен клетка қозғалысына.

Катаболизм немесе энергетикалық метаболизм, бейорганикалық және органикалық қосылыстардың тотығу реакцияларының жиынтығы. Қоректік заттардың ыдырауы энергия бөлінумен жүреді. Катаболизм жолында ірі полимерлі молекулалар алдымен кішкене фрагменттер мономерлерге ыдырайды, одан әрі органикалық қышқылдарға және фосфорлы эфирлерге айналады. Катаболизм (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау), организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау. Клетка мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Ондағы белок, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды. Осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады.




10.Прокариот және эукариот жасушаларының тыныс алуы.
Анаэробты

Анаэробты микроорганизмдер қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробтарға көптеген бактериялар, инфузориялар кейбір тас құрттар, аскарид және аздаған ұлулар жатады.Анаэробты организмдер Анаэробтар (гр. an -сыз, сіз, емес қосымшасы, гр. aeer- ауа және гр. bios - тіршілік) оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер. Анаэробты организмдер негізінен прокариотты организмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал клеткалы организмдер көп ішек паразиттерінде (атап айтқанда таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі.


Аэробтық организмдер




Аэробтар (гр. аэро-ауа және Віо, - тіршілік) молекулалық бос оттек (02) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Аэробтық организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жатады. Оттектің (02) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет