7М01501 – «Математика» «математиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері»


«БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНА ЭССЕ



бет5/8
Дата23.12.2022
өлшемі166,5 Kb.
#59272
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МӨЖ 1 Бағалау

«БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНА ЭССЕ.

Соңғы кездерде оқушылардың оқу сапасын бағалауда рейтинг технологиясының элементтеріне негізделген әдістер кеңінен қолданыла бастады. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесі оқушылардың оқу сапасының барлық түрдегі көрінісі болып табылады. Сондықтан да болар, белгілі бір мағынада, ол маман жұмысшыларды дайындаудың сапасын дәл анықтай білудің кепілі де болып саналады. Сонымен қатар бұл жүйенің оқу орнындағы оқу процесін басқару ісіндегі ең тиімді құрал екендігіне шек келтіруге де болмайды, өйткені мұндай бақылаулардың қорытындылары жайындағы мөліметтер оқу процесін жақсарту жолындағы шараларда кеңінен қолданыс тауып отырады. Осы мәселеге тікелей байланысты мәліметтерге сүйенетін болсақ, дәстүрлі төрт балдық шкалаға (2,3,4,5 бал) қарағанда бақылаудың рейтингтік жүйесінің бірқатар артықшылықтарының бар екендігін мойындауға да тура келеді- Олар төмендегідей болып келеді:

  • оқу процесінің негіздерін әлдеқайда тиімді түрде қалып- тастыруға көмектеседі;

  • күнделікті тапсырмаларға деген оқушылардың ынтасын арттырады;

  • оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін күшейтеді;

  • оқушылардың білімі мен олардың кәсіптік дайындық деңгейін әрі дәл, әрі объективтік түрде бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қорытынды бағаларды қою кезінде орын алатын кездейсоқ факторларға жол берілмейді.

  • оқушылардың қызметін өз тобындағы, курсындағы жеткен жетістіктеріне сай бағалауға мүмкіндік береді;

  • оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің педагогикалық қызметінің нәтижелілігінің артуына оң әсерін тигізеді;

  • оқу процесін әрі тиімді, әрі жедел түрде басқаруға мүмкіндік береді-

Рейтинг жүйесінде қарастырылған білімді бағалау шаралары оқушылардың білімі мен тәжірибелерін бақылауға қойылатын талаптарды нақты орындауға жол ашып береді. Олар: жүйелілік, объективтілік, жан-жақтылық, тиімділік, жекелік және т.б. Сонымен қатар мұндай кездерде дәстүрлі педагогикалық бақылаулардың түрлерімен қатар (ауызша және жазбаша сұрау, бақылау, зертханалық және өндірістік жұмыстар, ауызша және жазбаша емтихандар жәнет.б.) бүгінгі күннің талаптарына сай келетін жаңа өдістерді де (мысалы, тестілеу) кеңінен қолданамыз. Бұрынғы дәстүрлі технологиялық бақылауға қарағанда рейтинг жүйесінің артықшылығына бағалаушылық және түзетушілік функцияларды күшейту арқылы жетуге болатын көрінеді. Мұндай технологияның құндылығына шек келтіруге болмайды, өйткені оларды қолданудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу қабілеті артады, өздерінің жеткен дәрежелеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік алады.
Белгілі бір пән бойынша оқу барысын рейтинг жүйесі бойынша бақылауды ұйымдастыруда модульдік оқудың принциптерін пайдалану ұсынылады. Бұл арада оқушылардың оқу процесіндегі қызметін бағалау бақылаудың үш түрі арқылы жүзеге асыры лады: күнделікті бақылау — бір модульдің шеңберінде бақылау бағыттары бойынша, аралық бақылау — 3-4 модуль шеңберінде жүзеге асырылса, ал үшінші қорытынды бақылау кезінде оқудың нәтижелері шығарылады. Бұлардың барлығының да қорытындьілары бақылаудың өрбір кезеңінде балмен бағаланады және оқушылардың пән бойынша алған қорытынды көрсеткіші (қорытынды рейтинг) есептеп шығарылады.
Рейтинг жүйесінің білім беру тәжірибесінде қолданыс табуы мынандай мақсаттарды көздейді:робне
small.kz

  • оқушылардың жүйелі өзіндік жүмыстарын баянды ету;

  • оқу процесіндегі оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оларды өзара жарысқа түсіру элементтерін енгізу;

  • оқу процесіндегі күнделікті бақылау жүмыстарының өнімділігін қамтамасыз ету;

  • оқушылардың жекелеген немесе белгілі бір циклде пәндер бойынша алган білімдерін объективті түрғыдан бағалау-

  • жеке бағыттағы білім беруді оптимизациялау мен дәл осы бағытта жобалық технологияны кеңінен қолдану үшін оқушыларды оқу барысында жеткен жетістіктері бойынша бағалау;

  • оқушыларға стипендия тағайындау мен оларға алғыстар жариялауға, жүмысшы мамандарын дайындауға байланысты өнеркөсіп орындарымен шартқа отыру, оқушыларды көп сатылы дайындықтың келесі сатысына көшіруге байланысты қабылданатын шешімдерді негіздеу жәнет.б.;

  • оқу орнын бітірушілердің білімдерінің жоғары болуын қадағалау;

  • оқу процесін педагогикалық тұрғыдан жобалаудың сапасын арттыру және оны ойдағыдай жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру.

Қорыта келе, рейтинг жүйесінде қарастырылған білімді бағалау шаралары оқушылардың білімі мен тәжірибелерін бақылауға қойылатын талаптарды нақты орындауға жол ашып береді.
Жалпылама түрде рейтинг жүйесінің мақсатын былайша сипаттауға болады: оқушылардың білімдерін арттырудағы, өзіндік төжірибе жинақтауындағы және шеберліктерін шыңдаудағы аралық және соңғы уақытта болған өзгерістерді нақты анықтап, бағалай білудің негізінде жұмысшы мамандарын дайындаудың жағдайын дер кезінде түзетумен қатар, бұл процесті тиімді басқара білу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет