Тақпақтар:
Дінислам: Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген
Еркелетіп күлгізген
Алғаш «ана» дегізген
Раяна: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз
Фатима: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізім.
Бақдаулет: Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
Айша: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Фариза: Ана деп күнде ән салам
Ауылға бүкіл жар салам
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде бес алам
Әдемі: Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Ясина: Сыйлаймын мен жырымды,
Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын Ақ анам!
Мейрамбек: Айналайын, Анашым,
Аялайсың, бағасың.
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың
Інжу: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ілияс: Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
Диас: Ойнаймыз күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
Нұғымар: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі
Әмір : Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Анамызға мың алғыс
Ойын «Анамды даусынан танимын»
Мұғалім:
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, - дей отырып, асыл әжелерімізге арнап, жақсылап бір ән шырқайық.
Ән Диас «Ай дидарлы Анашым»
Би «Жүрекпен»
Мұғалім:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке – деп, сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, бүлдіршіндердің дайындаған гүлдерін қабыл алыңыздар, бүгінгі мерекеге арналған мерекелік бағдарлама өз аяғына жетті, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет (балалар аналарына сыйлықтарын тарту етеді).
Достарыңызбен бөлісу: |