Егеменді еліміздің
бүгінгі таңдағы ең
басты мақсаты жан-
жақты әлемдік білім
кеңестігінен орын алу
болып табылады. Жас
ұрпақ – егемен еліміздің
болашағы, халық
тағдырын жетелейтін
азамат.
ұлттық тәрбие –
бүгінгі күннің
басты талабы
Ал сол ұрпаққа әлемдік деңгейде
өркениетті негізде білім мен тәрбие беру,
ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бой-
ына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге
айналып отыр. Ғаламдану үрдісінде
ұлттық құндылықтарды сақтау мен
өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрін сақтау
жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау
күресі екенін түсіну, яғни ұлттық сана-
сезімі мен мінез-құлқының ана тілінде,
ата тарихын, төл мәдениетін және
ұлттық салт-дәстүрді меңгеруі негізінде
қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу
бастапқы орында.
Ұлттық тәрбиені бала бойына
сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын
жұмыстың орны ерекше. Сәби тәрбиені
ана құрсағынан бастаса, оны білім
теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық
құндылықтарымызбен жетілдіру өте
маңызды. Ұлы Абай: «Балаға мінез
үш алуан адамнан жұғады: біріншісі–
ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан,
үшіншісі – құрбысынан» – деген
екен. Қоғамға қызмет ететін болашақ
жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі
ұлттың тәрбие беру – ұстаздың басты
парызы.
Оқу мен тәрбие – егіз. Оны бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі
күнделікті сабақтың әрбір негізінде-ақ
оқушы бойына сіңіре бастайды. Қазіргі
таңда бастауыш сыныпта білім беріп
жүрген ұстаздардың мақсаты – ұлттық
құндылықтарды бойына сіңіру арқылы
қалыптасқан тәні мен жаны сұлу, өзіне-
өзі сенімді, халықтың салт-дәстүрін,
Ата Заңын, тарихын құрметтейтін,
елжанды, әлемдік бәсекеге қабілетті
тұлғаның негізін қалау. Сондай-ақ
бастапқы білім, тәрбие негізін салу. Бұл
мәселенің өзектілігі – халқымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық руха-
ни және материалдық құндылықтарымыз
жойылып кету алдында тұр. Расында,
бүгінгі оқушының рухани байлығы
төмен, ұлттық санасы өзгеріп бара-
ды. Сондықтан оқушының бастауыш
сыныптан санасына құятын, тәлім-
тәрбие негізі қаланатын ошақ – мек-
теп. Білім ошағының табалдырығын
бүлдіршін аттағаннан бастап білім
беруде ел тарихын терең қозғап,
тәрбие сағаттарында, оқыту үрдісінде
қазақ зиялы қауымның еңбектерінің,
қоғам дамуына қосқан үлесін айтып,
түсіндіру арқылы олардың бойына адами
құндылықтарды қалыптастыра аламыз.
Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі
қолданылмалы көріністері рәсімдер,
ырым-тыйымдар, жөн-жоралғылар,
діни ұғымдар, сенімдер, перзенттік
парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтың
міндеті арқылы іске асырылып, ұлттық
қасиеттерге айналады. Сондықтан
оқушыларды ұлттық тәрбиеге бастауыш
сыныпта тәрбиелеудің маңызы зор.
Ақмарал дАУКУЛовА,
№58 бастауыш мектеп мұғалімі.
ды ғана бұзып айтады. Ал дизартрия жағдайында
баланың сөйлеу мүшелері жүйке тамырларымен
толық қамтамасыз етілмейді. Тіл мүкістігінің ең
ауыр түрлерінің бірі – афазия. Яғни бала миының
зақымдану факторы. Бұл кезде сөйлеу ақауының
әр түрі өзінше жұмыс тәсілдерін қажетсінеді.
Мәселен, афазия деңгейіндегі әдіс-тәсілдерді
жай дыбыстарды бұзып қана айтатын балаға
қолдануға болмайды. Байқап тұрсаңыз, әр
кезеңнің өзіндік емдеу тәсілі бар. Және оларды
бір-біріне араластыруға болмайды. Әрине, мұның
бәрі – логопедтердің мойнына артылатын жүк.
Алайда қаладағы балабақшалардың көбінде тіл
мүкістігін түзеуге қолайлы жағдай жасалмаған.
Мәселен, №8 арнайы логопедтік балабақшаның
сыйымдылығы 280 орынға арналған болса, қазір
мұнда 410-ға жуық бала тәрбиеленіп жатыр.
Барлығы 12 топ, әрқайсысында 30-35 баладан.
Ал №6 балабақшада 299 бала тәрбиеленеді. Бұл
мекемеде де сол жағдай. Екі балабақшада да әр
сыныпқа бір ғана логопед маман белгіленген.
Енді ойланып көріңіз, бір маман 30-дан аса
баланың тілдік құрылымын реттеуге уақытын
қалай жеткізеді? Оған қоса, әр баланың диагнозы
әртүрлі болғандықтан, әр балаға жеке жаттығулар
жасату қажет. Міне, мәселе қайда!
Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде логопед-
дефектолог категориясындағы мамандарды
бар болғаны сегіз жоғары оқу орны даярлай-
ды екен. Солардың бірі – Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты. Мұнда 2004 жылдан
бері «Дефектология» мамандығы бойынша 300-
ге жуық маман диплом алып шыққан екен. Алай-
да бұл мамандар қазір қай салада қызмет етіп
жүргендері белгісіз. Оған қоса, 300-ден астам
маман қаладағы балабақшалар мен аудандардағы
балабақшалардың жұмырына жұқ болмайтыны
айдан анық. Күні кеше осы мәселені шешу үшін
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира
Суханбердиеваның қатысуымен Балалардың
сөйлеу тілін түзету мен дамытуға қолдау
көрсету орталығы ашылды. Орталықта бала-
лармен жүргізілетін логопедиялық сабақтарды
болашақ логопедтер де іске асырады. Бүгінде
мұнда 10 бала оқытылуда. Мамандар әр ба-
ламен 20-30 минут жұмыс жасайтын жеке
және топтық жұмыстармен айналысады.
Мамандардың айтуынша, бастапқыда тегін
оқытатын орталық алдағы уақытта қаладағы
төлемі ең аз орталық болады. Заман талабы-
на сай соңғы технологиялық құралдармен
жабдықталған орталыққа бала қабылдау жүріп
жатыр. Қала бойынша екі балабақшаны жас
мамандармен қамтамасыз етіп отырған оқу
орнында ашылған орталық еліміз бойынша
алғашқысы екен. Тағы бір айта кетерлігі, қазір
балабақшадан бөлек, кейбір мектептерде ар-
найы логопедтік топтармен қатар жеке меншік
логопед орталықтары да ашылып жатыр. Алайда
бұлардың қызметтерінің дені ақылы. 1 сағаттық
жұмысына кемі 1000 теңге төлеуіңіз керек.
Ал бір сағатпен бар дүние шешілмейтіні тағы
белгілі. Осыдан барып қалтаңыз тағы қосымша
қағылады.
// «Жамбыл - Тараз» // №8 (1348), 22 ақпан 2017 Жыл //
РуХаният
11
Жырдың қыЗыл
ЖолБарысы
қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі,
жырау, жыршы, ксро Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы, жанартаудай жыр
мұрасы ұлы дала Елінің ұрпағына аманат. ұлы отан соғысы
жылдарында оның жыры батырларға бойтұмар болғанына
тарихтың өзі куә, өзі дәлел. 28 ақпан – жыр алыбының дүниеге
келген күні.
«болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» суретті түсірген н.тұрғынбек.
қалалық мәдениет үйінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,
төрт мезгілді төрт шумақ жырға айналдырған, елінің махаббатын,
рухын, алапат сезімін, қайсарлығы мен құдіретін, достығы мен
парасатын қасиетті қара өлеңге кестелеген ақиық ақын Мұхаметқали
Мақатаевтың дәстүрлі көсемсөз оқу байқауы өтті.
Мұқағали – жас ұрпақтың музасы
нұржан СеРІКХАнҰЛЫ
Ақиық ақын тірі болса, биыл 86 жасқа то-
лар еді. Халық, Отан, тіл, дәстүр оның
шығармашылығының шынарына айналған. Жыр-
лары халқындай қарапайым, табиғаттай тылсым,
сәбидей пәк, махаббаттың өзіндей мөлдір. Бір өзі
қазақ поэзиясының қазынасы. Бүгінде әдебиеттің
ауылында шыр етіп дүниеге келген әр перзенттің
тілі Мұқағалидің үнімен үндесуде. Халықтың
жүрегін жаулаған жанартау ақынның бұл да бір
құдіретінің қыры ғана. Бүгінгі поэзияның өзі
Мұқағали жырларының інісі іспетті. Жастардың
шығармашылығы ақынның поэзиясымен сыр-
ласа сабақтасып жатса, көп жағдайда жастар
Мұқағали жырларын өз туындыларына эпиграф
ретінде қолдануды әдеби әдетке айналдырған.
Себебі Мұқағали ақынның жырларының басты
оқырманы, ол – болашақ. Қашанда солай еді, со-
лай бола береді де.
Қаланың жас ақындары арасында биыл тағы
Мұқағали оқулары өтті. Оған жергілікті ЖОО мен
колледждерден 16 студент қатысты. Байқаудың
шарты бойынша үміткерлер «Болашағым, сен
тұрсаң, мен өлмеспін!» атты 1-кезеңде ақынға
өз өлеңдерін арнаса, «...Ал екінші бақытым–
тілім менің» атты келесі кезеңде тіл туралы
шығарған жыр шумақтарын жатқа айтудан жа-
рысты. Үшінші кезеңде қатысушылар ақынның
күнделігінен үзіндіні жатқа оқып, оның сөзіне
жазылған әндерді орындаудан бақ сынасты.
Биылғы бұл байқау үміткерлердің жоғары
дайындығымен ерекшеленді деп айтуға толықтай
негіз бар. Бұрындары «сахна мәнеріне сай емес»,
«жырын жаттамаған», «дауыс ырғағы дұрыс
емес» дейтін сынның барлығы мұнда мүлдем
кездескен жоқ. Бағын сынаған 16 үміткердің
барлығы – жан-жақты, бірін-бірі оза шапқан та-
лантты тай-құлындар. Ал жүйріктерінің шабысы
мүлде бөлек. Олардың эмоциясы мен амбициясы
бірден ерекшеленді. Мәселен, ТарМПИ студенті
Ақәділ Әспетов өзінің дауыс ырғағы, жырының
мағынасымен, өз өлеңін халыққа жеткізу жағынан
текті өнердің тізгінін ешкімге берген жоқ.
Сахналық мәнері де сыннан аулақ. Ақынға ар-
науы да, бір кездері «шың, құздарға шағылып,
қу сүйектей шашылған» немесе ана тілінің үнін
сұлудың сырғасына теңеген жыры да жалынды.
Үшінші кезеңде де мүдірмеген ол байқаудың бас
жүлдесін иеленді. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
студенті Жұлдыз Молдағалиеваның поэзиясы
бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды.
Ақын болсаң дұрыс қой самғай білген,
Сендік жүрек жыр жазды талмай мүлдем.
Бізде ақын көп өлеңге шекпен түгіл,
Күпіге қол тигізе алмай жүрген! – деп жас та
болса, ащы ой айтқан ол ана тілге арнаған өлеңінде:
Болса да көп жазылмаған жарасы,
Өз тіліңді құдірет деп санашы!
Сатқындық қой ана тілде сөйлемеу,
Өз анасын сата ма екен баласы?!
немесе «Қазақ тілі – Абай сөзі, айта алсаң,
Сүймеймін деп айтып көрші Абайды» деп заман-
дастарына зілді сауал тастап, жырмен ел алдында
ана тілін қорғауға болашақтың антын айтып кетті.
Оның жырлары бас жүлдеге де әбден лайық еді.
Ал болашағына сенім мол. Сондықтан да бірінші
орын Жұлдыздың еншісіне бұйырды. «Парасат»
Айсана нҰРбАП
Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық
шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық
поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі бо-
луымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының
жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған
даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға
айналып, өзі халық поэзиясының атасы атанды.
Сын сағатта халқына сөзбен сауыт кигізіп, ру-
хын қаруландырып, жырдан жүйрік мінгізген
жауынгер ақынның тағдыры, өнегелі өмір жолы
алты алаштың ұрпағына үлгі. Тараз шаһарында
ақынның құрметіне осыдан жарты ғасырдан
астам уақыт бұрын бой көтерген ескерткішіне
жыл сайын жас ұрпақ гүл шоқтарын қойып,
рухына тағзым етуден жалыққан емес. Тіпті
таяуда ғана өңірдегі жас та болса жалынды
өнер перзенттерінің бастарын бір шаңырақтың
астына қосуды мақсат еткен Жамбыл атындағы
«Руханият» орталығы ашылды. Жас ақындар
мен айтыскерлерді, жыраулар мен күйшілерді,
жалпы қазақ халқының тарихи текті өнерінің
барлық түрін ұрпаққа аманаттауға бағытталған
орталықтың жұмысы, алдағы жоспарлары
да ауқымды. Жалпы бұның бәрі ақынның
шығармашылығы арқылы ұрпаққа патриоттық
сезімді дарыту екені белгілі.
Биыл жырдың қызыл жолбарысына 171 жыл
толып отыр. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-
жырмен өткізген Жамбылдың шығармашылық
өмірі XIX ғасырдың 70-жылдарынан басталған.
Бұл қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы
жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін
түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан
жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы
жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай,
XX ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың
соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты
оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін
тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың
да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың
куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, за-
мана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің
өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады,
күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды
нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан
өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында
қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс
та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында
да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі
сөздің шебері әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен
екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты.
Патша жарлығына қарсы көтерілген халық
бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің
жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа
арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында
Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады.
Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта
түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны
мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет бас-
шылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан
жырларында мемлекеттік мәселелерді көтерді.
Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында, бүкіл Кеңес
Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік
ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің
шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді.
Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған
жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп,
жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымын-
да Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы
қаласында қайтыс болды.
Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан
шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан
астам шет тілдеріне аударылды. Ромен Роллан,
Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна
Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл по-
эзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы
жүздеген өлең-жырлар жазылды. XX ғасырдағы
халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор
болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі
Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев,
т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың
ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі
үшін Жамбыл «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту»,
«Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
1941 жылы Сталиндік сыйлықтың лауреаты атан-
ды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облы-
сына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге,
мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордалары-
на берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық,
125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық
деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Ақынның
Айкүміспен, Құлманбетпен, Шашубаймен,
Досмағанбетпен айтысы, Өтеген, Сұраншы ба-
тыр мен Көрұғлы дастандары қазақ әдебиетінің
алтын қорын молайтты. Жыр алыбының мәңгілік
мұрасы ұрпақ жадында, жүрегінде сақталары
сөзсіз. Оның шығармашылығына болашақтың
өзі бас иері анық.
колледжінен келген Айнақыз Қыдыралиеваның жырлары да өзінің өктемдігімен алдыңғы
қатардан көрінді.
Ешкім оны танымаған ақын деп,
Ақ жүрегі алты алашқа жақын деп.
Жазушылар Одағынан қуылған,
Айтқанына көнбеген соң мақұл деп, – ақынның тағдырындағы астарлы сәттерді
асқақтата жырлаған Айнақыз байқауда жүлделі екінші орынға лайық деп танылды. Ал
үшінші орынды ТИГУ студенті Серік Спанәлі иеленді. Оның өлеңі де осал емес. Де-
генмен әлі де бір қайнауы ішінде. Байқау соңында ұйымдастырушы қалалық мәдениет
бөлімінің тарапынан жеңімпаз бен жүлдегерлердің барлығына бағалы сыйлықтар мен
дипломдар табыс етілді.
РЕСМи
12
// «Жамбыл - Тараз» // №8 (1348), 22 ақпан 2017 Жыл //
Жоб
Тараз қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қаңтардағы
№4 қаулысына қосымша
Тараз қаласында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның
ішінде
бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
(теңге), жергілікті бюджет есебінен, оның ішінде
бір айға
ата-
ананың
ақы төлеу
мөлшері
(теңге)
«Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында
мемлекеттік білім беру
тапсырысын іске асыру»
бағдарламасы арқылы
қаржыландырылатын
(орын саны)
«Мектепке дейінгі
тәрбие ұйымдарының
қызметін қамтамасыз
ету» бағдарламасы
арқылы
қаржыланды-
рылатын
(орын саны)
«Мектепке
дейінгі
білім беру
ұйымдарында
мемлекеттік
білім беру
тапсырысын
іске асыру»
бағдарламасы
арқылы
қаржыландыру
(теңге)
«Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында
мемлекеттік білім
беру тапсырысын
іске асыру»
бағдарламасы арқылы
қаржыландырылатын
балабақшалар мен
шағын орталықтарды
қосымша «Мектепке
дейінгі тәрбие
ұйымдарының қызметін
қамтамасыз ету»
бағдарламасы арқылы
қаржыландыру
(теңге)
«Мектепке
дейінгі тәрбие
ұйымдарының
қызметін
қамтамасыз ету»
бағдарламасы
арқылы
қаржыландыру
(теңге)
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
Толық күндік шағын орталықтар
830
855
15720
0
15720
8750
Оның ішінде:
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (шағын орталық)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Сағи-
Жарқын»
45
0
15720
0
0
12000
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар (балабақшалар)
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№1 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
0
362
0
0
20126
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
0
355
0
0
21179
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
0
170
0
0
22711
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№4 «Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
340
0
0
21566
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№5 «Ақ желкен» балабақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
350
0
0
20868
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№6 «Арнаулы логопедтік» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
0
385
0
0
22362
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№7 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
0
322
0
0
25837
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№8 «Арнайы логопедтік» балалар бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
0
400
0
0
22783
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№9 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
0
410
0
0
22493
8750
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№10 «Наурыз» балабақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
360
0
0
20302
8750
Тараз қаласында 2017 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
31,37-баптарына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27
шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ еТедІ:
1. Тараз қаласында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан
басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы
төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Тараз қаласы әкімдігінің білімі бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он
күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-
ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың
қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы
әкімінің орынбасары Кенжебек Мамашбайұлы Олжабайға
жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген
күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |