метакогнитивті білім – адамның оқу туралы және өзінің ойлау үрдістерін білуі: зейінінің тұрақтылығын, есте сақтау қай түрі жақсы дамыған, оқытудың қай әдісі оған тиімді және т.б;
метакогнитивті реттеу – оқу барысын реттеу қабілеті;
метакогнитивті тәжірибе – білім алу барысында адамның жинақтаған тәжірибесі.
4
13 – дәріс
Дәріс 13. Оқыту әдістері мен технологияларын зерттеу және таңдау
Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері туралы жалпы түсінік
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Демек, қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы, өйткені сабақ барысында тұлғаның дамуына қатысты білім берудің барлық мақсаттары орындала алады.
2. Сабақ – оқыту үрдісінің мазмұнын құрудың қарапайым түрі. Сондықтан сабақта бұл үрдістің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастыру мен басқаруға қажетті іс-әрекет және оның дидактикалық элементтері болады.
3. Сабақ – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін атқарады. Сабақтың басты мақсаты аталған қызметтерді жүзеге асыру.
Сабақ - нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада берілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды.
Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс.
Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Білім берудің жаңа парадигмасы бүгінгі күннің сабағына өзінің әсерін тигізуде, инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.