Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі.Танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы.
Т.И. Шамованың пікірінше танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұны мен үрдісіне, іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін меңгерудегі талпынысына, оқу-танымдық мақсаттарға жетудегі адамгершілік және еріктілікті жұмсауға, танымдық қызығушылықтың бағытылығы мен тұрақтылығына қатынасынан көрініс табатын тұлға іс-әрекетінің сапасы.
Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер Г.И.Щукинаға тиесілі. Оның анықтауынша оқушыныңтанымдық іс-әрекетін белсендендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үрдіс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары: Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.
Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.
Оқытудағы ізденістік тұғыры.
Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.