8. Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері «Жаратылыстану»


Пікірлердің ақиқаттығы және жалғандығын оқыту әдістемесі



бет2/2
Дата08.06.2022
өлшемі17,71 Kb.
#36550
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8-14 Математика жауапбы

11. Пікірлердің ақиқаттығы және жалғандығын оқыту әдістемесі

12. Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат жасау үшін әрқайсысы 14 орындық 5 автобус жүреді. Барлық орындар толы болса, осы автобустармен 20 рет қатынағанда, қанша туристі саяхатқа апаруға болады?
14×5=70
70-20=50

13. «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
«Математика» пәні бойынша 1 – 4 – сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1 – сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2 – сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3 – сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4 – сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
14. Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.)

Адам мен табиғаттың біртұтастығы жайында пікір айтып, ұлағатты тұжырымдарын қалдырған қазақ ағартушы – ойшылдарымыз аз болған жоқ. Соның ішінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханоов, Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың жастардың дүниетанымын кеңейтуге қосқан үлесі зор, жеке зерттеулерді қажет етеді.


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысында дүние жүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа ала, қазақ даласында оларды оқу – ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту жайында пікір айтумен ғана шектелмей табиғат пен адам тіршілігінің байланысын ашатын материалдарды оқу – әдістемелік құралдарға енгізді. Оның: «білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып білу»-деген пікірінен көрінеді. Ғылым негізін балаға өте қызықты, түсінікті етіп оқытуға ерекше көңіл бөліп, орыс тілі, арифметика, табиғаттану сабақтарына сөзді бір тілден екінші тілге аударуға көп көңіл бөлді.
Ол өзінің әдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтерді. Оның лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері, мақалалары, табиғат туралы өлеңдері оқыту үрдісінде мәні зор.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, жазушы. Ол 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сезініп, көріп жүрген нәрселеріміз табиғат заттары, адам қолымен жасалған заттарға адамның өнері, білімі, күші жұмсалғанын, яғни жасанды заттар даярлауға білім керек екендігін айтады.
Балаларға білім берудің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Сондықтан «Адамға тіл, құлақ, қандай керек болса, бастауыш мектеп те үйрететін білім де сондай керек»-деп жазды ол. Бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, алғашқы 3 жылын – қазақша, 2 жылын орысша оқыту керек деп ұсыныс берді. «Мектепке керектер» деген мақаласында : «…. Ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керекті құралдар, қолайлы пән сайлы болу керек, құралсыз іс істелмейді, пән құралдары қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа (бағдарлама). Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі, я мерзімді өлшемі болуы керек….» деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда айқындап берді.
А.Байтұрсынов қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, жағрафия, жаратылыстану болуы керек екендігін нақтылап көрсетеді. Оның «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», «Оқу құралы», «Маса» т.б. еңбектері оқыту үрдісінде әлі пайдаланып келеді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ол 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазып мұғалімдер қауымына ұсынғанда «Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» - деп басталады. Бұл дегеніміз қазақ балаларын оқытып, тәрбиелеуге өз тілімізде, қазақи нақышта жазылған оқулықпен ғана ұтымды нәтижеге жететінімізді мегзейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет