Балаларға арналған рухани-танымдық журнал 1/2010



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі7,96 Mb.
#9957
  1   2   3

Ш

А

Р



А

П

А



Т

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ 1/2010

Құраған Эльвира ҚАҺАРМАН

Б

Л



П

,



И

Алты рет кездескен әріптерді сыз. Қалған 

әріптерден сөйлемді құрап оқы, сонда сен 

журналдың осы санының тақырыбын біле 

аласың.

Суретін салған Иван СУЛИМА

2

Екі зағип кісі Исаның соңынан 

ілесіп: бізге рақым ете көріңіз! – деп 

айқайлап жалбарынды.

Менің солай істей алатыныма 

сенесіңдер ме? – деп сұрағанда, 

сенеміз деп жауап берген оларға 

     Иса не істегенін оқы.

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


Келесі күні Пелле Иса туралы көбірек біле түсу үшін тағы да келді. 

Есікті  оған  Жонатан  ашты.  Ол  үйінде  жалғыз  екен:  «Үйге  кір,  –  деп 

шақырды  да,  Пеллені  қонақ  бөлмедегі  үлкен  үстелдің  жанына  ертіп 

әкелді. – Мен саған бір нәрсе көрсеткім келеді». Үстел үстінде карта жа-

юлы жатыр екен. «Бұл Израиль, – деді Жонатан. – Ол жерде Иса Мәсіх 

дүниеге келген. Оның қай жерде судың бетімен жүргенін білгің келе ме?» 

Пелле басын изеді. «Мына жерде» – Жонатан саусағымен картадағы 

кішкентай  көкшіл  аумақты  көрсетті.  «Алмұртқа  ұқсайды  екен»,  –  деді 

Пелле. «Бұл Генесәрет көлі, – деп түсіндірді Жонатан. –  Ол жерден бір 

адам аузына күміс теңге тістеген балық ұстап алған».  – «Ол не қылған 

күміс  теңге?»  –  деп  сұрады  Пелле.  «Ақшасы  болмағандықтан  салық 

төлей алмай жүрген бір адам болыпты. Иса оған өзенге барып балық 

ұста дейді. Сонда ол аузында теңгесі бар балық ұстап алады».

Кари ВИНЬЕ

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

Егер ағаш қоршаудан кенеттен 

пайда болған қуысты көрсең, 

сен не істер едің? Одан әрі қарай 

өтер ме едің? Пелле де солай 

етті. Осылайша бала Жонатанмен 

танысып, онымен достасып 

кетті. Пелле Жонатаннан Исаның 

құдіреті шексіз екенін, ал оның 

мамасынан – Исаның адамдарды 

сүйгендіктен осы әлемге 

кішкентай нәресте болып келгені 

туралы білді.

Бесінші тарау

ШАР


АПА

Т 1/2010


3

Пелле  ол  өзендегі  өзге  балықтардың  ауыздарында  да  теңге  бар-

жоғын  білгісі  келген  еді,  бірақ  Жонатан  тоқталмай  әңгімесін  жалғастыра 

берді... Ол бүгін таңертең ғана мамасымен бірге осы картаны қарап шыққан екен. Сондықтан 

ол Иса жайында тағы да көп нәрселерге қанық болыпты. Оның Пеллеге білгенінің бәрін айтып 

бергісі келгені түсінікті еді. 

Жонатан  Исаны  шын  көңілімен,  жер-көкке  сыйғызбай  мақтай  берді.  «Иса  кез  келген 

дәрігерден артық болды, – деді ол. – Науқас адам жанына жақындаса болды, Иса оны сол 

сәтте-ақ жазып жіберетін. Ол: «Науқасыңнан айық!» деген кезде адамдар бірден сауығып 

кететін». – «Мүмкін емес!» – деді Пелле бұған сене алмай. «Рас айтам! Тіпті, Ол бір адамға 

құлақ жапсырып берген». – «Сонда не, бұрын оның құлақтары болмаған ба?»

«Бұл оқиға былай болған. Иерусалимде құлақтары жоқ бір адам тұратын. Тоқта, олай емес. 

Оның  тек  бір  құлағы  ғана  бар  болатын.  Ол  екінші  құлағын  жоғалтып  алған».  –  «Жоғалтып 

алған?» – «Иә, ал Иса оның құлағын тауып, орнына қайтадан қойып берген. Сөйтіп, бір сәтте 

оның  қайтадан  екі  құлағы  болды».  Пелле:  «Мүмкін  емес!»  дей  берген  кезде  диван  жақтан 

шыққан дауысты естіді. Бірақ бұл сөйлеген диван емес, балаларға байқалмай бөлмеге кіріп 

келген Йенсен ханым болатын.

«Жонатанның айтып отырғаны рас, – деді ол. – Иса шынында да Иерусалимде бір адамның 

түсіп қалған құлағын орнына салып берді. Бұл Оның тұтқындаларының алдында жасаған соңғы 

кереметі болатын». – «Тұтқындаларының алдында дейсіз бе?» Пелле қатты таңданып қалды. 

«Мен саған енді ғана айтып бермекші болып едім, – деді Жонатан. – Олар Исаны тұтқындап, 

байлап алды». – «Олар кімдер?»

«Исаны жек көретін адамдар. Олар Исаны байлап алды, содан соң...» – «Олар Исаны неге 



4

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

жек көрді?» – «Өйткені халық оларды емес, Исаны көбірек 

тыңдай бастады. Олар Исаны тұтқындап, Оны өлтіру қажет 

деп шешті». – «Оған көмектесе алатын ешкімнің болмағаны 

ма?» Жонатан басын шайқады. «Құдай да көмектесе алма-

ды  ма?»  Жонатан:  «Жоқ,  ешкім  де  көмектесе  алмады»,  – 

деді де, үнсіз қалды.

Бірақ  Йенсен  ханым  әңгімені  әрі  қарай  жалғастырғысы 

келді. Ол Пеллені мамасына ұқсап тізесіне отырғызып алды. 

Жонатан болса оның жанына келіп жайғасты. Сөйтіп, Йесен  

ханым Құдайдың Исаны не үшін құтқарып алмағаны тура-

лы әңгімелей бастады. Егер қаласа, Ол Исаны оп-оңай-ақ 

құтқарып алар еді. Бірақ, егер Иса өлмегенде, адамдардың 

күнәсінің құны өтелмей, олар әлі дұшпанның қарамағында 

жүрер еді. 

Пелле қазір Исаның жалпы жер бетіне не үшін келгенін 

ұмытып та қалған болатын. Енді есіне түсті. Иса адамдардың 

құнын  төлеп,  оларды  Құдай  үшін  өтеп  алуға  тиіс  бола-

тын.  Сондықтан  да  Ол  өлуге  тиіс  болды.  Әрине,  Оның 

өмірі  осы  әлемнің  бар  ақшасынан  қымбат  болатын.  Бірақ, 

Пеллені Құдайдың Өз Ұлын құрбан етуге дайын болғандығы 

таңдандырды. 

Аз  үнсіздіктен  кейін  ол:  «Егер  Иса  өлмегенде,  мен  де 

Оның  дұшпандарының  қатарында  болар  ма  едім?»  –  деп 

сұрады. «Әрине, – деп жауап берді Йенсен ханым». 

«Жонатан да ма?». – «Иә, Жонатан да». – «Папам да, ма-

мам да, Мия да ма?» – «Иә, сен де, мен де,  Жонатан да, сенің 

ата-анаң да, Мия да және жер бетіндегі адамдардың бәрі де. 

Егер Иса біз үшін өлмегенде, бәріміз де оның дұшпаны бо-

лар едік». – «Сонда, Ол шынымен өлді ме?» – «Иә, – деді 

Йенсен ханым дауысын бәсеңдетіп. – Иә,        Пелле, Ол шы-

нымен өлді». – «Енді адамдардың бәрі ақталды ма?» – деп 

сұрады Пелле бәрін біліп алуға тырысып. «Иә, олардың бәрі 

ақталды  және  егер  қаласа,  қайтадан  Құдаймен  дос  бола 

алады».  –  «Онымен  дос  болғым  келетінін  анық  білемін,  – 

деді Жонатан. – Мен мұны көптен бері білемін». Мен де!» 

– деді Пелле шешімді түрде. Ол мұны бұрыннан білмейтін. 

Бұл шешімді ол дәл қазір қабылдады.

(Жалғасы бар)

      Суретін салған Виктория ДУНАЕВА

5

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


Суретін салған Лариса ГОРОШКО

И

ордан  өзені  келіп  құйылатын  Генесәрет 

көлінің жағасында бір кездері Бетсайда деп 

аталатын қала болған. Бұл қаланың тұрғындары 

Исаның  жасаған  көптеген  кереметтерін  көре 

тұра және бүкіл әлемнің Құтқарушысы Құдай 

Ұлының уағыздарын Оның Өз аузынан ести 

тұра  тәубеге  келмей  жүрген  болатын.  Бүгін 

мен  сендерге  Исаның  Бетсайдада  жасаған 

кереметтерінің бірі туралы айтып бермекпін.

Жеті  күлшемен  және  бірнеше  кепкен 

балықпен төрт мың адамды тамақтандырғаннан 

кейін,  Иса қайыққа мініп көлдің екінші жағасы- 

на өтіп, Бетсайда қаласына барды. Айтпақшы, 

Исаның Әндір, Петір және Філіп атты елшілері 

осы Бетсайда қаласынан болатын.

Сонымен, Исаға зағип адамды ертіп әкеліп, 

Одан  әлгіге  қолын  тигізуін  сұрайды.  Сірә, 

олар Исаның қандай күшке ие екенін білетін 

болса  керек,  әйтпесе  бұлай  деп  өтінбес  еді 

ғой, солай емес пе? Иса болса, оған жай ғана 

қолын  тигізудің  орнына  оны  қолынан  жете-

леп қаланың сыртына алып шықты. Содан соң 

оның көзіне түкіріп, басына қолын қойды да: 

«Бірдеңе көресің бе?» – деп сұрады. Зағип 

жүріп  бара  жатқан  адамдардың  бұлыңғыр, 

ағаштарға ұқсап көрінетінін айтты. Сонда Иса 

қолын  оның  көзіне  қойды  да:  «Енді  қара!» 

– деп бұйырды. Жан-жағына қараған зағип 

бәрін анық көрді. Ол сауығып кетті!

Егер  сен  бір  кездері  Израильге  бара 

қалсаң,  Иса  зағипты  сауықтырған  жерге 

қойылған зағип пен оны емдеп тұрған Исаның 

скульптуралық  бейнелерін  көресің.  Исаның 

жасаған бұл кереметі жайлы сен Марқа жазған 

Ізгі хабардың сегізінші тарауынан оқи аласың. 



Болат ҚАҺАРМАН                                                                         

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

6

Ойпырмай,  ауырған  деген  қандай  жаман!  Сан  түрлі  ауыр  науқастарды  айтпағанның 

өзінде,  тұмау,  суық  тию  немесе  тамақ  ауыру  секілді  жай  үйреншікті  науқастардың  өзі 

біздерді қаншалықты азап пен қолайсыздыққа тап қылады. Неліктен адамдар ауырады? Біз 

осылардың бәрін алғашқы адамдардың күнә жасап, пейіш бағынан қуылып, өлімге кіріптар 

болғанынының салдары екені жайлы Киелі кітаптан оқып білдік. Күнәға бату арқылы дүниеге 

сан алуан аурулар келді. Бұл – адам тек күнә жасап қойып ауырады дегенді білдірмейді, 

адам табиғаты күнәһар болмысқа айналды. Құдайдың шөптерге, өсімдіктердің тамырла-

рына, жапырақтар мен гүлдерге немесе неше түрлі жемістерге ауруларды емдейтін қасиет 

бергені қандай ғанибет! Мысалға, айталық, егер де сенің аяғыңда немесе қолыңда жара 

болса, ол өте баяу жазылады, ал сол жараңа таза жуылған «мыңтамыр» жапырақты қойып, 

шүберекпен бостау таңып қойсаң, жылдам жазылып кетеді. Киелі кітапта науқас адамның 

жарасына інжір ағашының кептірілген жемісін қойып, содан жазылып кеткені жайлы айты-

лады.

Науқас  адамдарды  емдейтін  дәрігерлердің  бары  қандай  ғанибет!  Егер  тісіміз  ауы-



ра  қалса,  тіс  дәрігеріне  бару  керек 

екенін біз білеміз. Киелі кітапта Иса 

Мәсіх  туралы  Ізгі  хабарды  жазған 

Лұқа  деген  дәрігер  барлық  қауіп-

қатерлерге  толы  ауыр  сынақ  жол-

дарда үзбей Пауылмен бірге болған. 

Иә,  Пауыл  өзінің  денсаулығының 

нашарлағанына  байланысты  дәрі-

гердің  көмегіне  әркез  мұқтаж  бола-

тын. 


Ең  қуаныштысы  –  әрқай сымызды 

жеке-жеке  өте  жақсы  білетін,  бар-

ша  аурулар  мен  өлімнен  де  билігі 

үстем дәрігеріміз бар. Ол – бәріміздің 

жан  ауруымыз  бен  тән  ауруымыз-

ды, барлық бейшара халдерімізді Өзі 

арқалаған  Тәңіріміз  Иса  Мәсіх.  Киелі 

кітап  осылай  деп  ашық  жариялай-

ды. Оның адамдарды барлық аурула-

рынан  жазып  емдеуге  құдіреті,  күші, 

билігі  жеткілікті.  Бір  нәрсеге  мұқтаж 

бола қалған жағдайда да Одан өтініш етіп, сұрауымызға бола береді. Сен бір адамның лез-

де науқасынан сақайып кеткенін көрдің бе? Мен мұндайды бір емес, бірнеше қабат көріп, 

куә болдым. Жай, қарапайым дұғадан кейін-ақ, науқас адам сауығып, нық жүріп кетті. Осын-

дай мысалдар күнделікті өмірлерімізде де, Киелі кітапта да мол айтылып жазылған. «Мен 

сенің шипагеріңмін» –  деп (Мыс. көшу 15:26) Тәңір Иеміз Өзі айтқан. Тартыншақтамай, 

өтінішпен Одан бәрін сұра. Ол сен үшін бәрін де жасай алады.

Болат ҚАҺАРМАН                                                                   

МЕНІҢ ШИПАГЕРІМ – ТӘҢІРІМ

МЕНІҢ ШИПАГЕРІМ – ТӘҢІРІМ

Суретін салған Лариса ГОРОШКО

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

7


ТӘҢІРДІ БІЛЕМІН

Мүмкін емес сүймеуге,

Мейірімді Тәңірді.

Алаламай ешкімді,

Қабылдайды бәріңді.

Қалың жұрты қаумалап,

Келеді Иса жолменен.

Мұқтаждарға құлақ сап,

Сауықтырды қолменен.

Ергің келсе соңынан,

Күнәменен қоштасқын.

Ұлы, дана Исамен,

Мәңгілікке достасқын.

Адамзатты таңдамай,

Сүйді Иса барлығын.

Құтқаруға келді Ол,

Естіп елдің зар-мұңын.

Өтер жылдар, ғасырлар...

Тар жолымнан таймайын.

Мәңгі Құдай Әкеге,

Мадақтау жыр айтайын.

Қажет емес еш байлық,

Бақытты өмір сүремін.

Себебі мен Тәңірді,

Жастайымнан білемін.

КӨКТЕГІ ДӘРІГЕР

Тікенекті кірпі,

Бүгін ерте тұрды.

Тосап жейін, ем ғой деп,

Асүй жаққа бет бұрды.

Қаймақ емес, тосап жеп,

Таңдай қақты сүйіне.

Жиі жесең таңқурай,

Пайда көңіл-күйіңе.

Деді кірпі мақтанып, –

Әрі шипа дертіңе.

Жандандырар ағзаңды,

Шырай беріп көркіңе.

Тұмау тиіп ауырсақ,

Тосап жейміз бәріміз.

Ыстық шәймен ішкенде,

Кіріп қалар жанымыз.

Бірақ көкте одан да,

Мықты бар бір Дәрігер.

Одан көмек сұрасаң,

Емдеп болар әбігер.

Тек тәніңді емес-ау,

Жаныңды да емдейді.

Арылтады күнәдан,

Ағат басқың келмейді.

Суретін салған Елена МИКУЛА

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

8

Аяжан МҰХТАР 


Советхан АРАШОВА

кінші  қабаттың  ашық  тұрған  терезесінен  алма 

ағашының  ақ  гүлдерге  малынған  бұталары 

көрініп  тұр,  ал  олардан  шығып  тұрған  хош  иіс 

көктемнің  келгенінен  хабар  беріп  тұрғандай.  Бірақ, 

бөлмеде  отырған  кішкентай  қыз  бұл  қуанышты 

хабарды  естіген  жоқ  немесе  естігісі  келмеді.  Басы 

салбырап  кеткен  ол  қалың  ойдың  құшағында  отыр. 

Сірә, оның ойлары көңілсіз де қайғылы болса керек, 

себебі оның жүзінен ауыр уайымның ізі байқалады. 

Әсіресе  оның  кеңсірігінің  жанындағы  екі  тік  сызық 

айқын көрінеді.

Өз  ойымен  болып  отырған  қыз  бөлмеге  кірген 

шешесін  байқаған  жоқ.  Әйелдің  ағарып  кеткен 

самайлары оның өмірінің уайыммен өтіп жатқанын 

байқатады.  Аурудан  аяқтары  бүкірейіп  қалған 

қызына  қарап  тұруға  шыдай  алмай,  ол  көздерін 

бұрып әкетті. 

–  Сен  маған  қарап  тұра  алмайсың  ба,  мама?  Ал 

менің ішкі дүниемде не болып жатқанын білесің бе?

Жоқ! Маған жақындама! Сенің аяушылығың қажет 

емес,  –  деді  қыз  бетінен  сүйгісі  келген  мамасынан 

басын алып қашып. 

Әйел  сыртқа  шығып  кетті  де,  шамалыдан  кейін 

қолына  бір  кесе  сүт  пен  ыстық  бауырсақ  көтеріп 

қайтып оралды. Оларды қыздың жанындағы үстелдің 

үстіне қойды да, науқас қызына кедергі болмау үшін 

ақырын басып шығып кетті.

E

E

ШАР



А

ПА

Т 1/2010

9

Бүгін  Жанелдің  көңіл-күйі  нашар.  Ол  өзінің  науқасы  туралы 

ойлаған кезде ұдайы осылай болатын. Оның көңіл-күйінің бұлай 

болуына таңертең қарап шыққан сән жорналы да әсерін тигізді: 

бәрі шетінен сәнді киінген әдемі, сымбатты қыздар жорнал 

бетінен күлімдей қарайды. Мұның үстіне олар өздігінен 

жүре алады... Эх, бұл өмір неткен әділетсіз еді!

Күні  бойына  қыздың  басынан  осындай  көңілсіз 

ойлар кетпеді. Бірақ дәл сол күннің кешінде Жанелдің 

былайғы  өміріне  әсер  етіп,  оны  түбірімен  өзгерткен 

бір оқиға болды. 

Мамасы  шамды  жағуға  кірген  кезде,  қыз  ауызғы 

бөлмеде  шығып  жатқан  ер  адамдардың  дауыстарын 

естіп қалды. Ол біреуінің дауысын бірден таныды, ал 

екінші  дауыс  оған  бейтаныс.  Жанелді  қонақтар  мен 

өзіне  келушілерді  ұнатпайтын.  Олардың  ауяшылығы 

қыздың  намысына  тиетін.  Қыздың  өзіне  достар 

табуына  менмендігі  жібермейтін,  сондықтан  да  ол 

іштей ширығып, қайдағы бір бейтаныс адамның өз 

тынышытығын бұзуына жол бергені үшін әкесімен 

ұрсысуға даярланды. 

Дауыстар  жақындап  келе  жатты.  Өзінің  әлсіз 

қолдарымен орындықтың тұтқасынан қысып ұстап 

алған  қыздың  жүректері  қатты-қатты  соғып 

кетті. Қызының жағдайын байқаған әкесі:

–  Қызым,  қорықпа,  мен  саған 

дәрігерді  ертіп  әкелдім.  Ол  саған 

көмектесе  алар  деп  үміттенемін,  – 

деді. 


О,  Жанел  дәрігерлерді  қандай  

жек  көретін  еді  десеңізші!  Ол 

дәрігерлердің  ауру  аяқтарының 

әрбір  сүйегін  сипап  көретінін 

ұнатпайтын.  Олардың  жүздерінен 

қыз  өзіне  деген  немқұрайдылықты 

байқайтын  және  олардың  «мұқият» 

тексерулерінің  астарында  басқа  нәрсе 

жатқанын сезетін. Мұндай аурумен ауыратын 

бай  адамдардың  балалары  –  кез  келген  дәрігер 

үшін  қомақты  табыс  көзі  еді.  Жанел  осы  уақытқа 

дейін  олардың  қаншасын  көрмеді  дейсің  және  олардың 

ешқайсысы да бұған көмектесе алған жоқ. 

Әкесінің  арт  жағынан  орта  жастағы  адамның  бейнесі 

көрінді.  Оның  шаштары  жасына  қарамай  ағарып  кетіпті, 

ал бет әлпеті жас, қуанышты күйінде қалған. Қызбен жылы 

амандасып,  басын  сәл  иген  кезде  оның  тап-таза  етіп  алған 

иегінде кішкентай шұңқыр пайда болды. 

– Жанел, бұл кісінің есімі Тимур Асанұлы.

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

10


Жанел өзінің ата-анасына сай қыз еді, сондықтан 

да ол бойын жайлаған сезімдерді білдірген жоқ, тек 

оның  жүзінен  салқын  сыпайылық  қана  байқалып 

тұрды. 


– Өте қуаныштымын, Тимур Асанұлы, – деді ол 

сыпайы үнмен.

Шақыруды күтпестен, ол қыздың жанына отырды 

да,  сөзін  бастап  кетті.  Мұны  оның  соншалықты 

қарапайымдылықпен және шынайы істегені сондай, 

қыздың  оған  күлімдей  жауап  қатқаннан  басқа 

амалы қалмады. Сенімсіздік пен тәкаппарлықтың 

сеңі  бұзылып  жүре  берді.  Дәрігер  оны  қарап 

болғанда  қыздың  бет  әлпетінен  бұрынғыдай 

ұялу  сезімі  мен  ыңғайсыздану  байқалған  жоқ, 

себебі  Тимур  Асанұлы  осынау  әлсіз  денеден 

жеке  тұлғаны,  өзінің  жасына  сәйкес  сезімдері 

мен  уайым-қайғылары  бар  жас  қызды  көрді.  Ең 

бастысы, ол Құтқарушыға мұқтаж жанды көрді.

Кетер  алдында  Тимур  Асанұлы  қызға  «Емдеу 

қасиеті бар» деп атаған кітабын сыйға тартып:

– Жанел, осы кітапты міндетті түрде күнделікті 

оқып тұр – бұл сенің сауығуың үшін қажет, – деді.

Сол  ұмытылмас  күннен  бастап  қыз  дәрігердің 

нұсқауын  мүлтіксіз  орындай  бастады.  Бір 

күні  қызының  жатуына  көмектесу  үшін 

бөлмесіне  кірген  мамасы  оның    әлгі 

Емші  кітапты  кеудесіне  қысып  алып, 

жылап  отырғанын  көрді.  Мамасы 

оның  жанына  келіп  басынан 

еркелете  сипап,  көзінің  жасын 

алжапқышының  етегімен  сүрте 

бастағанда,  ол  бұрынғысындай 

шешесін  кері  итерген  жоқ, 

керісінше,  мамасын  құшақтай 

алып:

–  Мама,  кешір  мені,  сені  жиі 



ренжіткенімді  Иса  үшін  кешірші! 

– деді. 


Көңілі босап, көздеріне жас толған 

әйел қызын құшақтап:

–  Бұлай  таусылудың  қажеті  жоқ, 

қызым,  мен  саған  ешқашан  ренжіген 

емеспін, – деді.

–  Ах,  мама,  мен  неткен  жаман, 

неткен тәкаппар қыз едім! Сендерге менің 

бабымды табу қандай қиын болды десеңші! 

Бірақ, енді бәрі де басқаша болады. Сендер енді 

11

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


Жанелді танымай қаласыңдар, өйткені осы күннен бастап 

оның  жүрегіне  Иса  енді.  Қазір  мен  емес,  менде  Мәсіх 

өмір сүріп жатыр, – деді қыз алған сабағын қайталағандай 

болып.


  Келесі  жолы  ол  дәрігерді  бақшада,  алқызыл  раушан 

гүлдерінің арасынан әкесі өзіне арнайы жасап берген сәкіде 

отырып күтіп алды. 

–  Науқасымның  жағдайының  жақсарып  қалғанын  көріп 

тұрмын,  –  деді  дәрігер  амандық  орнына.  –  Сірә,  ол  емдік 

қасиеті бар Кітапты оқыған болар?!

– Иә, Тимур Асанұлы, мен оны оқып шықтым. Шынында 

да емдік қасиеті бар екен. 

– Сен одан дәрігерлердің Дәрігері жайында оқыдың ба?

– Иә, Тимур Асанұлы. Ол – Иса!

– Жарайсың, Жанел! Өте зерек қыз екенсің. Ал енді мен 

саған  соңғы  және  ең  маңызды  сұрағымды  қояйын:  сен 

сауығуға қол жеткіздің ба?

Қыз еріксіз жансыз аяқтарына көз тастады. Ол сауықты 

ма?  Дәрігердің  мұнымен  не  айтқысы  келді?  Өзі  де  көріп 

тұр емес пе?.. Кенет қамқоршы дәрігердің айтпақ болып 

тұрған ойы Жанелдің миына жетті. Әрине, ол сауықты! 

Жоқ, әлсіз денесі емес, ауру жаны сауықты. Ол бәрінен 

артық мұқтаж болған сауығу. Иә...

–  Жанел,  алғаш  келгенімде  жүрегіңді  көрсетіп, 

ауруды бәрінен де жүрегіңде сезінетініңді айтқаның 

есіңде ме? Сен оның тән ауруы емес екенін айтқан 

болатынсың. Осы ауруыңнан айықтың ба?

– Иә, дәрігер, мен мұны мың рет қайталап 

айта  аламын!  Менің  ауруымды  Иса  өз 

мойнына  алып,  оны  сонда  қалдыру  үшін 

Ғолғотаға алып кетті.

–  Жанел,  сен  үшін  өте  қуаныштымын! 

Саған тағы бір сұрақ қоюыма бола ма? 

Қазір дәрігердің ең қиын сұрақты қойғалы 

отырғанын сезген қыз ақырын ғана басын изеді. 

– Жанел, қымбаттым, маған айтшы, егер Иса 

сені осындай әлсіз қалпыңда қалуға арнаған болса, 

Исаға сен не деп жауап қатар едің? 

Иә, бұл сұраққа жауап беру Жанел үшін өте қиын еді! 

Мұндай ауыр үкімге мойынсұну қандай ауыр еді десеңші! 

Өзінің  өміріне  осындай  ауыртпалық  жіберген  Құдайдың 

еркін  түсіну  қандай  қиын!  Бірақ,  Жанел  өз  шешімін 

жасаған болатын. Ол өзінің майда, әлсіз үнімен:

– Сенің еркің болсын, Тәңірім! – деді. 

Бұл көрініске, аурудан азап шеккен байғұс қыздың 

мойынсұнуына көзге жас алмай қарап тұру мүмкін 

емес еді! Тимур Асанұлы да жылап жіберді, ол 

12

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


күші әлсіздікте көрінетін Құдайға риза болып жылады.

– Құдай саған жар болсын, қызым!

Арада  тағы  біраз  уақыт  өтті.  Дәрігер  Жанелдің  отбасының 

досына айналды. Қыздың мамасы оны есіктің қоңырауын басу 

мәнерінен  бірден  танып,  қадірлі  қонағының  алдынан  есік  ашу 

үшін  тұра  ұмтылатын.  Бірде,  Тимур  Асанұлымен  әңгімелесіп 

отырған қыздың әкесі былай деді:

– Иә... сіз келгеннен бері Жанел қатты өзгеріп кетті. Бүкіл 

дәрігерлердің ішінде, оны тәни жағынан сауығып кетеді деп 

үміттендірмеген  жалғыз  дәрігер  сіз  ғанасыз,  бірақ...  Сіз 

оның... м-м-м...

– Жанын сауықтырдым ба?

– Иә, иә! Сіз оның жанын сауықтырдыңыз!

– Жоқ, Рамил Максимұлы, оны істеген мен емес, емдік 

қасиеті бар Кітап. Сізге де оны оқып шығуға кеңес берер едім. 

– Мен сізбен дәл сол үшін сөйлесіп отырмын. Жанел бізге 

күнде  кешкісін Інжілді  оқи  бастады. Біз  оның  мұнысына 

қарсы  ештеңе  айта  алмадық.  Бірақ,  білесіз  бе,  әлгі 

Иса... Мен Оған немқұрайды қарай алмаймын. 

Науқасына  қарамастан,  қызымның  менен 

де  бақытты  болып  кеткенін  байқадым, 

сондықтан  да  оның  қуанышын  бөліскім 

келеді. Бұл үшін не істесем болады?

–  О,  сізге  тек  өзіңіздің  күнәһар 

екендігіңізді мойындасаңыз жеткілікті! – 

деді дәрігер қуанып.

–  Мен  мұны  мойындауға  дайынмын, 

Тимур Асанұлы.

–  Келіңіз,  онда  бұл  туралы  Жаратушыға 

айтайық,  сонда  Ол  сізді  міндетті  түрде  Өз 

балаларының қатарына қабылдайды. 

Мұны естіген Жанелдің қуанышында шек болмады! 

Әкесі ғана емес, оның мамасы да емдік қасиеті бар Кітап 

– Інжілдің күшін мойындап, тәубеге келді. Қыздың одан 

кейінгі  өмірі  Құдайды  мадақтау  әнұранына  айналды. 

Жаратқанның  еркіне  мойынсұну  Жанелдің  өміріне  мол 

бата алып келді.

Суретін салған Мұсабек АСАНБЕКОВ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет