8 қыркүйек 2015 ж сейсенбі


ЖАЛАЌЫЛАРЫН ала алмай ж‰р



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.03.2017
өлшемі9,35 Mb.
#11033
1   2   3   4

ЖАЛАЌЫЛАРЫН

ала алмай ж‰р

Соњѓы кездері мањдай термен ењбек етіп, айлыќ

жалаќыларын ала алмай, сот табалдырыѓын

тоздырып ж‰ргендер саны артып барады. ¤з

ењбекаќысын ала алмай ж‰ргені аздай, олардыњ ќаѓаз

ж‰зінде жасалѓан ењбекшарты жоќ екендігін алѓа

тартып, μздерін "кінєлі" етіп жатќан кєсіпорындар да

жоќ емес.

БОЛАШАЌЌА 100 ЌАДАМ

Аманкелді ауданы єкімі аппа-

ратыныњ мєжіліс залында Ќазаќ-

стан Республикасыныњ Мемле-

кеттік ќызмет істері жєне сыбай-

лас жемќорлыќќа ќарсы іс-

ќимыл агенттігініњ Ќостанай об-

лысы бойынша департаменті

μкілдерімен Ќазаќстан Респуб-

ликасы Президентініњ "100 наќты

ќадам" стратегиясын талќылау

μткізілді.

Оѓан Ќазаќстан Республика-

сыныњ Мемлекеттік ќызмет істері

жєне сыбайлас жемќорлыќќа

ќарсы іс-ќимыл агенттігініњ Ќос-

танай облысы бойынша депар-

таменті басшысыныњ орынбаса-

ры Б.М.Беспалинов жєне Ќазаќ-

стан Республикасыныњ Мемле-

кеттік ќызмет істері жєне сыбай-

лас жемќорлыќќа ќарсы іс-

ќимыл агенттігініњ Ќостанай об-

лысы бойынша департаментініњ

мемлекеттік ќызмет жєне сыбай-

лас жемќорлыќтыњ алдын алу

басќармасыныњ басшысы

Є.М.Досекенов, аудандыќ мєсли-

хат хатшысы Є.Ќ.Саматов жєне

аудан єкімі орынбасарлары,

аудан єкімі аппаратыныњ басшы-

сы, аудандыќ басќармалар мен

бμлім басшылары, аудан єкімі

аппаратыныњ жауапты ќызмет-

керлері, ауыл жєне ауылдыќ ок-

руг єкімдері мен БАЌ μкілдері

ќатысты.

Талќылауды аудан єкімініњ

орынбасары Т.Т.Карбозов ашып,

ж‰ргізіп отырды.

Мєжілістіњ к‰н тєртібінде

Ќазаќстан Республикасы Прези-

дентініњ 5 институтционалдыќ

реформасын ж‰зеге асыруѓа бай-

ланысты ±сынылѓан "100 наќты

ќадам" стратегиясы талќыланды.

Алѓашќы сμз Ќазаќстан Рес-

публикасыныњ Мемлекеттік ќыз-

мет істері жєне сыбайлас жем-

ќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл

агенттігініњ Ќостанай облысы

бойынша департаменті басшы-

сыныњ орынбасары Берген  Бес-

палиновке берілді. Ол μз сμзінде

Елбасы ±сынѓан стратегияныњ

мањызына кењінен тоќталды.

Стратегияда кμрсетілген 100 на-

ќты ќадамныњ елімізді одан єрі

μркендетіп, дамыѓан 30 елдіњ

ќатарына ќосуѓа ерекше ыќпал

ететінін айтты.

Келесі кезекте Ќазаќстан Рес-

публикасыныњ Мемлекеттік ќыз-

мет істері жєне сыбайлас жем-

ќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл

агенттігініњ Ќостанай облысы

бойынша департаментініњ мем-

лекеттік ќызмет жєне сыбайлас

жемќорлыќтыњ алдын алу басќ-

армасыныњ басшысы Єсет Досе-

кенов Стратегияныњ "Кєсіби мем-

лекеттік аппарат ќ±ру", "Зањныњ

‰стемдігін ќамтамасыз ету" баѓыт-

тары бойынша талќылауѓа ќа-

тысќандарѓа кењінен т‰сінік

берді. Ол аталѓан таќырыптар

бойынша 2016 жылы жасалатын

μзгерістерді жан-жаќты сμз етті.

М±нан соњ аудан єкімініњ

орынбасары Т.Т.Карбозов Стра-

тегияныњ "Индустрияландыру

жєне экономикалыќ μсім" баѓыты

бойынша белгіленіп отырѓан

міндеттер туралы баян етті.

Ал, аудандыќ ішкі саясат

бμлімініњ басшысы Н.Ќ.Тєжин

Стратегияныњ "Біртектілік пен

бірлік" баѓыты бойынша, аудан-

дыќ экономика жєне бюджеттік

жоспарлау бμлімініњ басшысы

М.С.Сакетов стратегияныњ "Есеп

беретін мемлекетті ќалыптасты-

ру" баѓыты бойынша атќарыла-

тын істерді ортаѓа салды.

Елбасыныњ "100 наќты ќадам"

стратегиясын талќылау бары-

сында аудандыќ мєслихат хат-

шысы Є.Ќ.Саматов Є.М.Досеке-



Хамитбек

       М¦САБАЕВ

Мањызды ќ±жат талќыланды

новке стратегия негізінде мемле-

кеттік ќызметкерлерге жалаќы

мен бонустыњ ќалай тμленетіні

жμнінде с±раќ ќойды. Б±л тура-

лы Є.М.Досекенов наќты жауап

берді.

 Аманкелді ауданы.



СУРЕТТЕ: ЌР Мемлекеттік

ќызмет істері жєне сыбайлас же-

мќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл

агенттігі Ќостанай облысы бой-

ынша департаменті басшысы-

ныњ орынбасары Б.М.Беспали-

нов пен осы департаменттіњ бас-

ќарма басшысы Є.М.Досекенов.

7

8 қыркүйек  2015 жыл

А

яулы ұстазға деген ыстық ілти-



пат, ерекше құрмет сезімі шәкірт 

жүрегінде мәңгілік ұялайды екен. Мен 

бұған Нұрсұлтан Шәйкенұлының «Қос­

танай  таңында»  жарияланған  «Ел 

қорғаны» (17.07.2015) мақаласын оқи 

отырып, тағы бір мәрте көз жеткіздім. 

Сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтап, 

аман­есен  елге  оралған  Қыпшақ 

Ысмағұлұлының өмірінен, ұстаздың жо-

лынан сыр шертер деректерді келтіре 

отырып, автор келер жылы кейіпкерінің 

туғанына  100  жыл  толатыны  туралы 

құлағдар етеді.

Иә, адам өміріндегі айтулы бір да-

таға орай, мерейжас иесі туралы сөз 

айту, лебіз білдіру я болмаса қандай да 

бір іс­шара өткізу бұрыннан жалғасып 

келе жатқан игі дәстүр.

Н.Шәйкенұлы да, ол кісі ардақ тұта-

тын Қ.Ысмағұлұлы да біздің  ұстазда-

рымыз, киелі Науырзым өңірінде адал 

еңбек етіп, білім беру саласында ең-

бек сіңірген мұғалімдер. Қанша жасқа 

жетсек те, балғын балалық шақтан оң 

мен солымызды таныған, ақ пен қара-

ны ажыратқан, кәмелет жасқа жеткен 

кезеңге дейін білім нәрімен сусында-

тып,  жақсылық  атаулыға  баулыған 

жандардың қадірін уақыт өткен сайын 

тереңірек  сезініп,  сағынышпен  еске 

аламыз.

Тек  анасы  ғана  емес,  ұстаздары 



бар адамдар да қартаймайды десек, 

артық болмас. Неге десеңіз, әлі күнге 

шәкірт қалпымыздан таймай, ұстазы-

мыз алдында именіп тұрамыз, сый­құр-

метімізді білдіруге тырысамыз. Бүгінде 

арамызда жүрген Нұрсұлтан ағайымыз 

70  жасқа  толғанда,  облыстық  газет 

арқылы  арнайы  құттықтау  сөзімізді 

жолдаған едік. Содан бері де он жыл 

жылжып өтті. Бұл жолы да үнсіз қалуды 

жөн көрмедік.

Ұстаз туралы сөз қозғағанда, өзге де 

мұғалімдеріміз, оқушы кезіміздегі кейбір 

ұмытылмас сәттеріміз көз алдымызға 

келеді.

Алпысыншы  жылдары  Науырзым 



орта мектебінде «елімнің басы болма-

сам да, сайының тасы болайын» дейтін 

небір мықты мамандар ұстаздық етті.  

Негізінен ер азаматтар. Тек әдебиетте 

ғана  емес,  «алыптар  шоғыры»  деген 

тіркесті  білім  саласына  қатысты  да 

қолданар болсақ, олардың қатарында 

Қыпшақ Ысмағұлов, Кәкімжан Нұрпейі-

сов, Ислам Балахметов, Көшек Ермек-

баев, Кәмел Абдрахманов, Кенжеғара 

Қалиев, Мәнай Нұрғазин, Әлімғазы Ер-

мекбаев, Мырзалы Қалқаев, Атымтай 

Шілтиев сынды ұстаздарымызды атар 

едік.  Бастауыш  сыныптарда  бүгінде 

жасы 90­нан асқан Күләнда Уайысова 

апайымыз қызмет етті. Кейіннен педа-

гогтік ұжымға Қасым Нұрсейітов, Темір 

Тілемісов, Аманжол Айтқұлов ағайла-

рымыз бен Алма Әмірғалиқызы, Тама-

ра  Қалиева,  Гүлжауһар  Ысмағұлова 

апайларымыз келіп қосылды. Аталған 

мұғалімдердің бәрі аралас мектебіміздің 

қазақ сыныптарында сабақ берді.

Ал, үлкен ұжымның көрігін қыздырып, 

барлық істерге бастамашы болып, бел 

ортасында жүретін Нұрсұлтан ағайымыз 

еді десек, қателеспейміз. Қою, қайрат-

ты  ақ  шашын  шалқасынан  қайы рып, 

шалқайып тік жүретін мұғалім бізге хи-

мия, биологияны оқытып үйретті. Ол кісі 

үй тапсырмасының дұрыс орындалуын 

жіті қадағалап, жақсылап тыңдайтын. 

Ондағысы оқушының кезекті тақырып-

ты қаншалықты түсініп, меңгергендігін 

анықтау,  олқы  тұстарын  толықтыруға 

өзге балаларды тарта отырып, мәселені 

бірлесе шешу, осылайша білімнің берік, 

тиянақты болуына ықпал ету ғой. Сон-

дай­ақ биолог ағайымыз біздің жазғы 

тәжірибелік жұмысымызға да жетекшілік 

ететін.

Ақсуат көліне таяу орналасқан мек-



тебіміздің сыртын ала қоршалған үлкен 

аумағында  көктемде  көкөністер  оты-

рғызып,  жазда  оқушылар  оларды  ке-

зекпен күтіп, баптайтынбыз. Жағалай 

өсіп тұрған зәулім ағаштардың басына 

шығып, асыр салып ойнаушы едік. Шір-

кін, балдай тәтті балалық шақ­ай де-

сеңізші!.. Анасынан ақ шашпен туғандай 

көрінетін Нұрсұлтан ағайымыз сол кезде 

небәрі отыздан асқан жас жігіт екен ғой.

«Ол  кісі  қандай  мұғалім  болды?» 

деген  сұраққа  ғұлама  Әл­Фарабидің 

мына бір өсиет сөздері жауап болатын-

дай  көрінеді:  «Ұстаздың  мінез­құлық 

нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым 

қатал да болмауы керек, тым ырыққа 

да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса 

қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал 

тым ырыққа көне беру қадірін кетіреді, 

берген  білімі  мен  ғылымына  шәкірті 

селқос қарайтын болады».

Кейін  дипломға  ие  болып,  туған 

мектебімде аяулы ұстаздарыммен бір-

ге қоян­қолтық еңбек ете жүріп, оларды 

тереңірек тани бастадым. Маған Нұр-

сұлтан ағайдың ана тілімен қатар, орыс 

тілінде жетік сөйлейтіні ұнайтын. Жазуы 

өте  сұлу, екі тілде де сауатты жазады. 

Үлкен­кішімен тіл табысып, әзіл­қалжың-

ды да орынды айта біледі. Әлі есімізде, 

Мырзалы ағай көрінсе, «Қалқаев, келе 

жатыр шалқайып», Ысмағұловқа қарата 

«Әй, Сәб­и­ит!» деп, соңғы екі дыбысқа 

екпін  түсіре  қайталап,  отырғандарды 

мәз қылатын. Ал, Сәбең болса, үлкен 

қара көздері нұрға толып, жымиятын да 

қоятын. Осы тұста «әр сөзі құйылған-

дай қорғасыннан» деп, Нұрекеңнің сөзге 

шешендігін, нақты, жақсы сөйлейтіндігін 

айтып өткеніміз жөн болар.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Адамдарға 

ақыл­парасат өз өмірін жақсарту үшін 

берілген» деген сөзі бар.

Ақыл­парасаты  мол  Н.Шәйкенов 

ұзақ  жылдар  бойы  оқу  ісінің  меңге-

рушісі,  мектеп  директоры  қызметін 

абыроймен  атқарды.  Адамгершілігіне 

қоса кәсіби және басшылық қызметте-

гі біліктілік, жауапкершілік, талапшыл-

дық секілді қасиеттері өз жемісін беріп 

отырды. Осындайда «Жақсы адам ғана 

жақсы басшы болады» деген нақыл тілге 

оралады. Адам деген ардақты атты тек 

ұжымда ғана емес, туған­туысқандар-

мен,  көрші­қолаң,  көпшілік  қауыммен 

қарым­қатынаста да лайықты арқалап 

жүргенін көріп жүрміз. Ол ұдайымен 18 

жыл аудандық Кеңес пен мәслихатқа 

депутат болды.

Біздің отбасы мүшелеріне де қашан-

нан жылы қабақ танытып, өзінің ақ ние­

тін білдіріп жүргені.  Сонау 1980 жылы 

әскер қатарында жүрген інім Ұранның 

мекенжайын  сұрап  алып,  қателеспе-

сем,  туған  күніне  құттықтау  жеделха-

тын жібергені бар. Әкем Балтаға үнемі 

«Бәке» деп тіл қатып, құрмет тұтатын. 

Жан әкеміз 2004 жылы кенеттен қайтыс 

болғанда, күннің борандатып тұрғанына 

қарамастан, көрші Қожа ауылынан көлік 

толы адамдарды бастап келгенін қалай-

ша ұмытарсың. «Қайғы бөліссе, азаяды» 

демекші, қиын­қыстау кезеңде жаныңа 

жақын адамдардың қасыңнан табылып, 

демеу болғанын жұбаныш етесің.

Адам баласын бауырым деп сүйетін, 

жан­жағына  шапағат  шуағын  төгетін, 

жаны жайсаң Нұрекеңді білетіндер бү-

гінде оны көрген­түйгені мол ел ағасы 

ретінде  сыйлап,  құрмет  тұтады.  Осы 

ретте белгілі түрколог­ғалым, жазушы 

Немат Келімбетовтің «Қазақ дейтін тұтас 

қауымды бөліп­жармай, бүкіл елдің қа-

мын ойлау дәрежесіне дейін көтерілген 

құрметті қартты «ақсақал» дегім келіп 

тұрады» деген сөзін келтірген орынды 

секілді.  Киелі  Науырзым  өңірінің  ар-

дақты тұлғаларын насихаттауының өзі 

кейіпкеріміздің азаматтық бір қырын көр-

сетсе керек. Жақсы ағайымызға алдағы 

уақытта да жақсылық атаулы молынан 

болғай!  

Ұстаз туралы аз­кем сөзімді аяқтай 

келе, мынаны айтқым келеді: жоғары-

да есімдері аталған мұғалімдеріміздің 

қай­қайсысы болсын өзінше бір әлем. 

Олардың  кейбірінің  жазып  қалдыған 

дүниелері бар. Ұрпақтары, әріптестері, 

шәкірттері бар, Науырзым мектебінен 

шыққан  Күлтай  Абдрахманова,  Маға-

уия  Қалиев,  Дархан  Әбдуахит,  Гүл-

жан  Марқабай  сынды  журналистер 

бар.  Қызметтес  болғандар,  аталмыш 

мұғалімдердің  бірі  болмаса,  бірінен 

тәлім­тәрбие алғандар естелік жазса, 

бәрін біріктіріп «Науырзым мектебінің 

мұғалімдері»  атты  кітап  шығарылса, 

тағылымы мол игі бір іс болар еді...

«Ұстазыңа  бар  ықылас­ниетіңмен 

қызмет ет» деп Қожа Ахмет Яссауи ба-

бамыз өсиет еткендей, ұстаздарды құр-

меттеудің бұл түрі Мәңгілік ел болуға бет 

бұрған мемлекетіміздің еңсесінің биіктей 

түсуіне әсер етері сөзсіз. 



Пиалаш СҮЙІНКИНА,

Ы. Алтынсарин атындағы  

Рудный  әлеуметтік-гуманитарлық 

колледжінің оқытушысы.

СУРЕТТЕРДЕ: Нұрсұлтан Шәйке-

нов және  Науырзым орта мектебінің 

ұжымы. Сол жақтан екінші Нұрсұл-

тан Шәйкенов.

КЕЛБЕТ

Ұстазы бар адамдар  

ешқашан қартаймайды

Ұлағатты ұстаз Нұрсұлтан Шәйкенұлы туралы сөз



8

8 қыркүйек  2015 жыл

 Биыл елімізде Қазақ хандығының 

550 жылдығы кең көлемде тойлануда.

Осыған  орай,  ой  өрбітсек,  ке-

шегі  ата-бабаларымыздың  аңсаған 

арманы орындалып егемендігімізді 

алып, ел болып тәуелсіздігіміз тиіп, 

бабалардың    білегінің    күшімен, 

ақ  найзаның  ұшымен,  шыбындай 

жанын  шүберекке  түйіп,  осынша-

ма ұлан-байтақ жерді қорғап бізге 

мирас  қылып  қалдырғанын  естен 

шығармауымыз керек.

Қазақ хандығының 550 жылдық 

тарихы құрметіне Қостанай-Тобыл 

өңірінен  шыққан  бүкіл  қазақтың 

хас батырларының қатарында жер-

лесіміз Дербісәлі мен Маңдай батыр-

лар да лайық. Ағайынды қос батыр 

жаугершілік  заманда  үш  жүздің  

ханы Абылайдың әскерінің бір шетін 

бастаған қол басшылар. Жау жүрек  

бабаларамыздың айбыны мықты жа-

уынгер екенін, есімдері елге мәлім 

Қаракерей  Қабанбай,  қанжығалы 

Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батыр-

ларымызбен  үзеңгілес  жүріп,  бір-

неше  жорықтарға  қатысқаны  ту-

ралы  І.Есенберлин  «Көшпенділер» 

трилогиясының  346  бетінде  айқын 

жазылған. Қазақтың шүршіттермен 

(қытайлармен)  бір соғысындағы Тәт-

тіқара жыраудың мына жырынан да 

білуге болады.

Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

Алдында су, артынан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда

Бөкенді айт Сығырменен 

 

 



 

Дулаттағы,

Дербісәлі, Маңдайды айт

 

 



 

 Қыпшақтағы,

Өзге батыр қатысса да 

 

 



       бір қайтпайтын,

Сары мен Баянды айт Уақтағы.

Келесі дерек.  Абылайхан Орда-

сы  («Көшпенділер»  350-бет).  Міне 

тізесіне  тізесі  тие  отырып  кексе 

тартқан Бөгенбай, оған таяу Жабай 

батыр, әрірек Қыпшақ Дербісәлі мен 

Маңдай, Дулат, Бөкей, Алтайдың ақ-

бас атаны Сеңгірбай, Уақтан шыққан 

Сары батыр. Бәрінің де даңқы жер 

жарады.

(«Көшпенділер» І.Есенберлин 358-



бет) Шүршіттердің ел шекарасынан 

асып  елді  талап  жатқанын  елшілер 

жеткізген шақта жан-жаққа шабар-

мандар  шаптырып  қатты  қысылған 

шағы.  Қазықұрт  жаққа  көз  тастап 

тұрған шақта, кенет ат дүбірі естіледі. 

Абылайдың жүзі жылып сала береді. 

Бұл келген Қыпшақ Маңдай батыр мен 

Керей Жанай батырдың жасақтары 

еді, «Аттан» деген айқайды естісімен 

хан ордасына жеткен беттері.

Бұл оқиғалардан басқа кітапқа ен-

бей қалған ел аузындағы аңыз былай 

дейді:


Тобыл өзен бойын жайлаған қалың 

Жоңғар  елі  жергілікті    қазақтарға 

күн  көріс  бермей  жанды-жанға, 

малды-малға  қостырмай,  шұрайлы 

жерді өздері (алып) иемденіп, міне 

осы  жағдайға  шыдамаған  Маңдай 

батыр қолы Абылай ханның көмек 

әскерімен Тобыл бойын азат еткен. 

Сонда  Абылай хан Маңдай батыр-

ға: «мынау кіндік қаның тамған То-

былды саған сыйладым, анау ортаға 

түскен  олжа  мал-жан  мүліктен  не 

аласың?» депті. Маңдай батыр:«Осы 

сый-құрметіңізге рахмет, маған қа-

тын, келіншек, қыздарды және жетім 

қалған  балаларды  берсеңіз  болды.  

Қатын,  келіншектерді  тоқалдыққа 

беремін, қыздарды үйленбеген жігіт-

терге қосамын, ал жетім балаларды 

өсіріп-тәрбиелеп  Қоқан  хандығын-

дағы жерді қайтарып алу үшін даяр-

лаймын»  деген екен. Абылай хан қо-

лын жайып: «Қыпшақ Маңдай батыр, 

батырлығыңмен қоса даналығың сай 

екен, еліміз тыныш, жұртымыз аман 

болсын.  Осындай  батырларымыз 

көп  болсын!  «Әумин»  депті.  Басқа 

да кітап қа енбеген  көп ерліктері әң-

гімелер жетерлік. Әсіресе қартайған 

шағында мешіт салып, медресе ашып 

бала оқытқаны. Алқа мүшелерін сай-

лап билік құрған шақтары ол бір төбе, 

қазір сол ауыл Алқау ауылы атанды.

Бірақ  тәуелсіздік  алғалы    батыр 

бабалардың лайықты бағасын ала ал-

мауы, елі-жері Тобыл  өңірін  мекен-

деген жұртты  қынжылтады. Сіздер 

мен біз болып осы олқылықтың ор-

нын толтырсақ нұр үстіне нұр болар 

еді.  Дербісәлі мен Маңдай батырлар-

дың есімдерін ел жадында жаңғырту 

үшін ауыл және көше аттарына атта-

рын беруді ұсынамыз. Мәселен, За-

тобол кентінің орталығындағы қызыл 

империя көсемдерінің бірі Калинин 

көшесін (сол көшеде Маңдай батыр 

мешіті  орналасқан)    Маңдай  батыр 

көшесі деп атасақ қандай жарасымды.  

Сондай-ақ  Қостанай  ауданының  

Давыденко ауылын бұрынғы тарихи 

есімін  «Кенжебай  ауылы»  дегенді 

қайтарсақ...  (Кенжебай  Сүттібай-

ұлы – батырлардың тікелей ұрпағы 

болғандықтан 1929 жылы репрессия-

ға  ұшырап  «Халық  жауы»  атанып 

Қостанай  Ақ  түрмесінде  әулетімен 

атылған) атасақ деген ұсыныстары-

мыз бар.  Бұл ұсынысты қолдаған  Да-

выденко ауылы тұрғындарының қол-

дары қойылған тізім бар.  Бұл мәселе 

бұрында көтеріліп қол қойылған тізім 

Қостанай  ауданының  мәслихатына 

жолданған  болатын,  бірақ  әртүрлі 

себептермен шешілмей жатыр.

Осы бастаманы қолдап, мен қа-

зақпын,  мен  қазақтың  баласымын 

деген ер-азаматтар бар болар.  Осын-

дай тарихи есімдері мен ерліктері бар 

бабаларымызға қандай сый-құрмет 

көрсететін уақыт жетті. Себебі  ор-

тамыздағы  Дербісәлі  мен  Маңдай 

батырларымызда  кесене  жоқ,  жа-

лаңаш жатыр, тек бір белгі тас бар.  

Оның өзін Мұхамбет Қанафия қажы 

Темірғалиев  ақсақал  балаларымен 

тұрғызған, сауап үшін. 

Құрметті редакция, сізге осы ма-

териалды  жолдай  отырып,  қолда-

рыңыздан келгенше көмектеседі деп 

ойлаймын. Бәрімізге бір ойланатын 

кез келген сияқты.

Жақсылық  МЕҢДІБАЙТЕГІ.

Давыденовка ауылы,

Қостанай ауданы.



ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Елімізде  дәстүрлі  болып 

заңды  түрде  бекітілген  Ха-

нафи  мазхабы  мен  қазақ 

халқы  дәстүрінің  сабақтас­

тығы  көптен  бері  айтылып 

келе  жатқан  тақырып. 

Соңғы кездері қазақты түр-

лі деңгейде Исламнан алыс­

татуға  тырысушы  пікірлер 

пайда  болды.  Кейбірі  теріс 

пиғылмен әдейі әрекет етсе, 

енді  бірі  білместікпен  на-

дандық  дәуіріне  тартады. 

Бірі қазақ халқының негіз-

гі діні бақсылық десе, енді 

бірі қазақ жерінде басқа да 

діни дәстүрлер басым болды, 

қазақ  мұсылманшылықтан 

алыс  болды  деген  негізсіз 

пікірлерін тықпалайды. Кей-

бір адасқан ағымдар халқы-

мызды  Алланың  бірлігін, 

таухидті білмеген, аруақ қа, 

отқа табынған, қазақ халқы 

тек  жиырмасыншы  ғасыр-

дың аяғында мұсылман бола 

бастады деген теріс пікірлер 

таратуда. 

Ислам  діні  елімізге  VIII 

ғасырдың  ортасында  келе 

бастаған, ал оған дейін қа-

зақтың көп тайпалары Көк 

Тәңірге  сиынып  келген. 

Исламды  қабылдаған  соң 

шынайы Тәңірдің бір Аллаһ 

екенін  танып  білді.  Қазақ 

халқы мұсылман болған соң 

еш уақытта «ширкке», яғни 

Аллаға  серік  қосуға  жол 

бермеген.  Бір  Аллаға  құл-

шылық  етіп,  әулиелер  мен 

аруақтарды  құрмет  тұтқан. 

Оларға  оқыған  Құран-

ның  сауабын  «хадия»  етіп 

бағыштаған.  Мұның  бар-

лығы  Құран  ережелері  мен 

Мұхаммад  пайғамбарымыз-

дың  сүннетіне  сай  келетін 

амалдарынан алынған.

Біздің елімізде  шариғат-

тағы іс­амал мазһабы 



 ұлы 

имам Әбу Ханифаның мазһа-

бы болып табылады

Исламның  бірінші  ғасы-

рында, яғни хиджри жылы-

ның  80­ші жылында дүние-

ге келген Нұғман ибн Сәбит 

(Имам  Ағзам  әбу  Ханифа) 

Пайғамбар  мақтап  кеткен 

алғашқы  үш  ғасырдың  Са-

лафу Салих  (Алғаш ғұмыр 

кешкен тазалар) қатарынан 

жарып  шыққан  ұлы  ға-

лымдардың бірі. Құран мен 

сүннетке, қияс пен иджмаға 

негізделе  отырып  500  000­

нан астам шариғи шешімдер 

қалдырып  кеткен,  Пайғам-

бар  (А.С.)  сахабаларының 

көзін  көрген,  олардан  өз 

құлағымен  хадис  естіген, 

Имам  Бухаридің  ұстазы 

Уақиғ  ибн  Жаррахтың  ұс-

тазы болған, Мұтлақ Мұжта-

хид атағын алған ғұлама.

Әбу  Ханифаның  мектебі 

Исламның екінші ғасырынан 

бастап бүкіл Ислам әлеміне 

тарала бастады. Сол заман-

дағы  сахабалардың  шәкірт-

тері  ол  кісінің  білімін 

мойын дап, аталмыш мектеп 

уақыт  өте  келе  мазхаб  бо-

лып  қалыптасқан.  Бүгінгі 

таңда  Ханафи  мазхабында 

дүниежүзі  мұсылмандары-

ның басым көпшілігі.

Қазақ халқының ұлттық 

бет­бейнесі,  ділі  мен  тілі, 

әдет­ғұрыпы    осы  идеоло-

гиялық  мектептің  негізінде 

қалыптасты.

Қазақша  «ғұрып»  сөзі 

«әл­ъурф» сөзінен шыққан. 

Араб  тілінде  адамдарға  үй-

реншікті  болған,  әдетте-

гі  іс­әрекет,  үрдіс  деген 

мағыналарды білдіреді.  

Халық  ұстанған  дұрыс 

әдет­ғұрыптар Ислам заңна-

масындағы  құқықтық  нор-

малардың  бастауларының 

бірі  болып  саналады.  Алла 

Тағала: «Ғафу жолын ұста, 

ғұрыппен  әмір  ет  және  на-

дандардан  теріс  айнал», 



 

деп бұйырған (Ағраф сүресі, 

199­аят.) Алланың Елшісіне 

(с.а.с.) пайғамбарлық түскен 

кезде  арабтардың  арасында 

да  алуан  түрлі  әдет­ғұрып-

тар, дағдылар бар болатын. 

Пайғамбар  (с.а.с.)  олардың 

Құдай  Тағаланың  әмір­

тыйым ына  керағар  кел-

мейтінін  қабылдап,  қарсы 

келетініне  тыйым  салды. 

Шариғатта  халыққа  үйрен-

шікті болған жақсы дағды-

лар  мен  әдет­ғұрыптарды 

дәлел ретінде келтіруді бар-

лық  мазһабтардың  имамда-

ры қолдайды.

Ш а р и ғ а т   б і л г і р л е р і 

әдет­ғұрыптың  шариғатта 

қабыл  алынуының  бірнеше 

шартын белгілеген. Олардың 

бастылары төмендегідей: 

1.  Құран  Кәрім  мен 

Сүннетке  және  мұсылман 

ғұламаларының ортақ ұйға-

рымдарына керағар келмеуі 

тиіс. 


2.  Үкім  шығарылған 

уақытта  халық  арасында 

кең  қолданылатын  болуы 

тиіс. Негізінде, әдет­ғұрып-

тар  әр  заманда  өзгеріске 

ұшырап  отырады.  Тарихта 

болып,  кейіннен  жойылған 

әдет­дағдылар  шариғатта 

есепке алынбайды. 

3. Қарастырылатын әдет­

ғұрып  бұқара  халықтың 

арасында кең таралған, үй-

реншікті дағды болуы тиіс. 

Жекелей  адамдар  арасын-

дағы  әдеттердің  заңдылық 

күші жоқ.

Жоғарыда  айтылған  не-

гіздерге  сәйкес  ата­баба-

ларымыз  Исламның  ша-

риғаты  мен  халқымыздың 

әдет­ғұрыптарын  ұштасты-

рып,  бірге  ұстанған.  Со-

нымен  қатар,  теріс  және 

шариғатта тыйым салынған 

әдеттерге жол бермеуге ты-

рысқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет