8. Мектепті басқару және басшылық ету ұғымының мәні, принциптері Мектептi басқарудың басты мәнi



Дата05.06.2023
өлшемі15,92 Kb.
#98968

8. Мектепті басқару және басшылық ету ұғымының мәні, принциптері

Мектептi басқарудың басты мәнi – оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г.Афанасьевтiң пайымдауынша: «Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады».
Мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. 

9. Бастауыш сынып оқущыларының экономикалық тәрбиесі
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады. Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандаққ беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды. Оқушылар кез-келген затты сатып аларда, оның көңілін екі нәрсеге аудартуымыз қажет. Біріншісі, керекті затты сатып алу үшін ақша табу, екіншісі, сол тапқан ақшаны қалай жұмсау керектігін ойланту. Табыс табудың екі жолы бар: біріншісі-жұмыс істеп ақша табу, екінші- қолда бар байлықты пайдаланып, табыс табу. Мектепте алғашқы экономикалық білім экономикалық пәндер арқылы беріледі. Оған математика, дүниетану, еңбек т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет