«8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай 11-«А» және 11-«В» сынып оқушыларының ұйымдастырылған мерекелік концерт



бет1/2
Дата15.04.2023
өлшемі23,75 Kb.
#82777
  1   2
Байланысты:
8 наурыз сценарий Асылым


«8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай 11-«А» және 11-«В» сынып оқушыларының ұйымдастырылған мерекелік концерт

(3,2,1 и құттықтау видео кетеді)


(Қазақ биі «Күй шашу»)

Сахна сыртында:
Еркебұлан: Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой


Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Ақнұр: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді


Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Ерке:
Қайырлы күн! аса қадірменді арулар! Ардақты ұстаз - аналар!гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,


Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің

Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.



Асылым:
Иә. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Ерке :
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Мұсаханова Гүлнар Махамбетқызына береміз.


Асылым:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе — 11-«В» сынып оқушысы Сайлау Жандәулетті «_____________________» әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Ерке: Жыр дегенің сезімтал тамшы ғана,
Сол тамшыда жатады әр шұғыла.
Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,
Болмаса олар әдемі ән шыға ма?!

Ендеше, келесі кезекте 11-«Б» сынып оқушысы Аминов Ержанның орындауындағы ару қыздарымызға аранаған «Аққу» күйін қарсы алыңыздар!



Асылым : Сезімдері шынайы гүл атқанда,
Ұмтылатын келелі мұраттарға.
Мен жастарды теңеймін күліп аққан,
Жылғалардан тұп-тұнық бұлақтарға, - дей отыра мектебіміздің жалындаған жас түлектерінің орындауындағы көңілді «музыкалық қойылымды» қабыл алыңыздар!
(Вальс, той жыры, Армандастар)

Асылым:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі «Ана» деген сөзбен астасып жатыр.
Ал ендеше, құрметті ұстаздар, біздің сіздердің көңілдеріңізді көтеру мақсатында әзірлеген қызықты ойынымыз бар еді. Ойын шартымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Ерке:
Ойын шарты мынадай – сіздерге әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі тақырыптағы сұрақтар берілген.Сұрақтарға дұрыс жауап берген адамға тәтті сыйлық ұсынылады.
Ол үшін гүл қадалған бокстан гүлді суырып аласыздар, шыққан сұраққа жауап берулеріңіз керек. Ал кеттік!

(Сұрақтар)




  1. Мақалды жалғастырыңыз. Тапқан ана емес, ...(баққан ана)



  1. Мақалды жалғастырыңыз. Анасын сүйгеннің ... (баласын сүй)



  1. 8-наурыз мерекесінің шығу тарихын білесіз бе? (1857 жылы 8 наурызда өткен Нью-Йорк қаласындағы тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдерінің наразылық шарасынан туындайды. Яғни, олар 10 сағаттық жұмыс уақытын, жарық әрі таза жерде жұмыс жасауды, еркектермен бірдей көлемдегі жалақы алуды талап етеді. Нәтижесінде әйелдер конференция өткізіп, көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. 8 наурызды мереке етіп тойлауды ұсынған Клара Цеткин пікірі жүзеге асып, 1975 жылы 8 наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» болып жарияланды.



  1. Балықта не болмайды? (кірпік болмайды)



  1. Дінмұхаммед Қонаев атамыздың жарының есімі кім? (Зухра Шәріпқызы)



  1. «Ақиқат пен аңыз» шығармасының авторы кім? (Әзілхан Нұршайықов)



  1. «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек пен Төлегеннің рөлін сомдап шыққан кімдер? (Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова)



  1. Д.Қонаев қай жылы дүниеге келді? (1912 жылы 12 қаңтар)



  1. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауы қашан өтілді? (2022 жылдың 1 қыркүйегінде)



  1. Президетіміздің соңғы жолдауының идеологиялық тақырыбы қандай болды? (Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі Қоғам)

Асылым: Алақанда бәйек болып аялаған,


Ас-дәмін қонағынан аямаған.
Ұлан-асыр осынша ықыласқа,
Шіркін-ай, ішпей-жемей тояды адам.
Келесі кезекті біздің «Құтты қонақ» атты көптен күткен айдарына бергіміз келіп отыр. Олай болса, алдарыңызда 2020 жылдың түлегі, мектебіміздің мақтанышы , дарынды әнші ұлдарыңыз Мадибек Айбек!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет