Еркебұлан: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – дей келе ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады. Сахна төріне Ибрашов Даниалды, Құралбай Сабинаны ,____________________ шақырамыз.
( сөз соңында директорға Алдияр гүл береді)
Ерке :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Асылым қыздарыңыздың орындауындағы «Әгугай» әнін қабыл алыңыздар.
Еркебұлан:
«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
Асылым:
Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
Концертіміздің соңында керемет ән - анаға деген ыстық ықыласпен «Ана туралы жыр».
(2-3 жігіт мұғалімдерді биге шақырады)
Шуақты күндерде кездескенше, сау саламатта болыңыздар!
Мақалды жалғастырыңыз. Тапқан ана емес, ...
Мақалды жалғастырыңыз. Анасын сүйгеннің, ...
8 наурыз мерекесінің шығу тарихын білесіз бе?
Балықта не болмайды?
Дінмұхамед Қонаев атамыздың жарының есімі кім?
«Ақиқат пен аңыз» шығармасының авторы кім?
«Қыз Жібек» көркем-фильміндегі Жібек пен Төлегеннің рөлін сомдап шыққан кісілердің есімдерін білесіз бе?
Д.Қонаев қай жылы дүниеге келген?
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауы қашан өтілді?
Президентіміздің соңғы жолдауының идеологиялық тақырыбы қандай болды?
Достарыңызбен бөлісу: |