№8 практикалық жұмыс



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі228 Kb.
#138586
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
№8 График.косымшалар каз

Жұмыстың мазмұны:
1-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы.
Кескіндердің көмегімен сурет салу. Контурдың тиімділігін пайдалану (7.1-сурет). Суретті салу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
Құрама кескіндерді құру керек:

    1. Э ллипс.

    2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш.

    3. Эллипс (шеңбер).

    4. Екі бірдей шеңбер.

    5. Үш нүктелі көпбұрыш (полигон).

Суретте көрсетілген кескінді (каркас) салыңыз. Орындалу реті объект номерімен сәйкес келеді:

  • 1-объектіні қою қоңыр бояуға баяңыз. 2 және 3 объектілерді Weld командасымен біріктіріп, алдынғы көрініске қоямыз. Interactive Fill Tool құралының көмегімен ашық түсті қоңырдан қою түсті қоңырға ауысатын радиалды градиентпен бояймыз. Жиегін алып тастаймыз. 4- объектті қара түске боялады, жиегі алынады. 5-объект қара сұр түске боялады, жиегі алынады.



  • Pick құралдың көмегімен барлық объектілерді қосып топтастырамыз (Ctrl+G). Мұртшаларды бояуға кірісеміз. Point Curve Tool 3 құралын таңдаймыз (үш нүкте бойынша қисық). Бұл құралдың атқаратын қызметі алдынғы құралдарда айтылғандай. Үш нүкте бойынша тіктөртбұрыш және үш нүкте бойынша Эллипис. Алдымен (тышқанның сол жағымен екінші нүктені ұстап тұрып) қисық нүктені белгілеңіз, сондан кейін үшінші нүктеге кішкентай имек жасаңыз.



  • Мұртшаның ұшына кішкентай эллипсті орналастырып, қара түске бояу қажет. Жасалған сол мұртшаны топтастырамыз. Объектіні көшіріп, көлденеңінен қойыңыз. Оң жақ мұртшаны толығымен симметриялы болу үшін бұрыңыз.



  • Барлық объектілерді тағы да топтастырамыз. Қанаттарын жасауға кірісеміз. Polyline немесе Pen көмегімен сол жақ қанатын жасаймыз. Барлық сегменттер кәдімгі түзу сызық.


Shape аспабымен қанатшаның жоғарғы жағын бөліп аламыз. Select All Nodes панельден кнопканы басамыз(барлық жүйелерді қосамыз). Осы жерден 70 дейін (Curve Smoothes) созу белгісін орнатыңыз. Қанатшаның жоғарғы бөлігі жасалып келеді.


  • Осы оперцияна қанатшаның төменгі бөлігіне Curve Smoothes 80 дейін орнатыңыз. Жоғарғы жағын қызғылт сары түске боялады. Төменгі жағын ашық түске бояңыз.



  • Қанатшаларды ашық түстерге бояу қажет. Ол үшін (интерактивті контур) Interactive Contour құрал көмегімен (анықтама: Интерактивті контур). Қанатшаның жоғарғы жағына бұл құралды қолданамыз. Төменгі суреттегідей панельдің параметрлерін белгілейміз.



  • Оң жақ тышқанмен жоғарғы жақтағы түстер палитрасын аламыз. Аналитикалық үлгіде қанатшаның төменгі жағы алынады. Сізде мынандай сурет пайда болуы қажет.



  • Екі бөлік қанатшаны топтастырып денесіне орнатамыз. Содан кейін «арқы жаққа» қоямыз.



  • Pick құралымен сол жақ қанатын белгілеңіз. Scale палитраны шақырамыз (басқа тізім арқылы Arrange-Transformations-Scale немесе Alt+F9 клавишасымен). Суреттегідей көлденең параметрлер орнатамыз.



  • Apply to Duplicate кнопкасын басыңыз (дубликатқа қолдану). Pick аспабымен оң қанатын денесіне жақын орналастырамыз. Көбелектің барлық денесін бірге топтастырамыз. Біздің көбелек дайын.


7.1-сурет – Тапсырма нәтижесі


3-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы. Нұсқа бойынша тапсырманы орындаңыз.
7.1-кесте – Тапсырма нұсқалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет