5. Асқазан сөлінің ферменттері төмендегіше бөлінеді: Протеазалар – бөлшектендіретін ақуыздар. Бұлар пепсин, химозин, гастриксин. Пепсин асқазанның шырышты қабатында белсенді емес түрде пепсиноген жасалынады. Ол пепсин ингибиторы полипептидті ажырататын НCL-мен белсендіріледі. Пепсин ақуыздарды альбумозаға дейін бөлшектендіріп өзінің белсендігін рН–1,5-3,9-да көрсетеді. Химозин (іріткі ферменті) суда еритін казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырып сүтті ірімшік түріне әкеледі. Химозин ферментатив белсенділігін қышқыл, нейтрал және сілтілі ортада көрсетеді. Липаза майларды глицерин және майлы қышқылдарға дейін бөлшектейді. Ол тек қана сүттің және сарымайдың эмульгацияланған майына әсер етеді. Лицозимнің бактерияларға қарсы әсері бар.
Асқазан сөлінің барлық ферменттері асқазан шырышты қабатының басты жасушаларымен істеп шығарылады. Сілекей қосымша жасушалармен жасалынып ас түйірін қоршап алады. Асқазанда сілекейдің маңызы: асқазан шырышты қабатын механикалық және химиялық тітіркеткіштердің қорыту әсерінен қорғайды; сонымен олардың әсерін күшейтетін асқазан сөлінің ферменттерін, минералды заттар және Кастлдың ішкі ықпалын адсорбциялайды, А, В, С дәрумендерін адсорбциялайды және т.б.
Тұз қышқылы жабынды жасушаларында жасалынады. Еркін және байланған түрде болады. Сөлде еркін НСl концентрациясы – 0,4-0,5% немесе 20-40, байланысқан НСl – 10-20, ал жалпы – 40-60 титр. бірлік. НСl маңызы: пепсинді белсендіреді; пепсиннің әсері үшін оптимальды рН орта жасайды. ақуыздардың денатурациясын және ісінуін шақырады; сүттің ірімшектеніуне ықпал етеді; бактерицидтік әсерге ие; химустың асқазаннан ішектерке өтуін реттеуде қатысады; ұлтабар да асқазан-ішектер гормондарының жасалынуына ықпал етеді; АІЖ қозғауыш қызметін ынталандырады.
6. Асқазан сөлін реттеу механизмдері. Асқазандағы сөл 3 кезеңге бөлінеді: күрделі рефлекторлық кезең (ми). Бұл кезеңде сөлдің секрециясы тамақтандырудан алдын болатын түрге, иіске және дыбысқа шартты рефлекстермен ерекшеленеді. Кейін шартсыз рефлекторлық сөл бөліну басталады. Ас ауыз қуысына түсіп оның рецепторларын, одан кейін жұтқыншақ және өңеш рецепторларын тітіркендіреді. Рецепторлардан импульстар V, IX, X жұп қаңқа-ми жүйкелерінің афференттік талшықтары бойынша сопақша мидың ас қорыту орталығына келіп түседі. Бұл орталықтан импульстар вагус талшықтары бойынша асқазан бездеріне түсіп сөл бөлінуге алып келеді.
Асқазан кезеңі нейро-гуморалдық болып табылады. Ол асқазан шырышты қабатының рецепторларын аспен тітіркендіру нәтижесінде басталады. Бұл рецепторлардан импульстар афференттік жүйкелер бойынша ас қорыту орталығына, ал одан вагус талшықтарынан асқазан бездеріне барады. Бұдан басқа асқазан секрециясын экстрабелсенді заттар ынталандырады. Бір уақыттың өзінде асқазан шырышты қабатының жасушаларында секрецияның гуморалдық реттеуін жүзеге асыратын функционалды белсенді заттар (гистамин, гастрин) істеп шығарылады.
Ішектер кезеңі химустың асқазаннан ішектерге өтуімен басталады. Химус механикалық және аш ішектер шырышты қабатының хеморецепторларын тітіркетеді, импульстар афференттік жүйкелер бойынша ас қорыту орталығына, ол жерден вагус бойынша асқазан бездеріне барады. Ішектерте асқазан секрециясын күшейтетін гастрин, энтерогастрин, бомбезин, мотилин шығарылады. Секретин, ЖИП, ВИП, нейротензин, соматостатин, энтерогастрон, глюкагон, серотонин – секрецияны тежейді.
7. Асқазан қызметін зерттеу әдістері. Тәжірибелік жағдайларда асқазанға жасалған ота асқазан секрециясының үйренудің негізгі әдісі болып табылады. 1842 жылы орыс ғалымы Басов асқазанға фистула қойды. Бірақ, оның көмегімен таза асқазан сөлін алуға мүмкін болмады.
1889 жылы И.П. Павлов өзінің қызметкері Шумилова-Симоновскаямен бұл отаны өңешті кесуді - эзофаготомиямен толықтыруды ұсынды. Сондай иттің көмегімен «тойдырылу сезімі» іске асырылды.
Гейденгайн таза асқазан сөлін алу үшін изоляцияланған асқазанша отасын жасауды ұсынды. Бірақ бұл ота изоляцияланған асқазаншаға баратын жүйкелердің кесілуіне алып келетін болды. Бұл әдіс асқазан секрециясының гуморалдық мехнизмдерін зерттеуге мүмкіндік береді (сурет 16).
Сурет 16. Оқшауланған асқазанша отасының схемасы (Р. Гейденгайн бойынша).
1894 жылы И.П. Павлов асқазаншаның жүйкелендірілуі сақталатын отаны жасауды ұсынды. Бұл әдіс асқазан секрециясының әрі жүйкелік әрі гуморалдық механизмдерін зерттеуге мүмкіндік береді (сурет 17).
Сурет 17. Оқшауланған асқазанша отасының схемасы (И.П. Павлов бойынша).
Клиникада асқазан сөлі жуан асқазан зонды Курцин-Слуцкий зонды арқылы алынады. Ацидотест қолдану арқылы зондсыз әдіс те қолданылады.
Асқазан моторикасын зерттеу үшін сульфат барийді қолдана отырып рентгеноскопия және рентгенография әдістерінен пайдаланады. Және электрогастрография (асқазанның биопотенциалдарын жазу), эндорадиозондтау (науқас жұтқан радиозондтың сигналдарын жазу) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |