8 практикалық сабақ Тақырып


Асқазан сөлі секрециясының көлемі



бет4/5
Дата12.12.2022
өлшемі171,31 Kb.
#56597
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
практикалық сабақ-8

Асқазан сөлі секрециясының көлемі


Ересек адамда тәулігіне асқазанда 2 литрге жуық асқазан сөлі бөлінеді.
Ер адамдарда (әйелдерде 25-30%-ға аз) базальды секрециясы (тамақпен, химиялық стимулятормен және т.б. стимулденбеген, яғни тыныштық жағдайында) құрайды:

  • Асқазан сөлі — 80—100 мл/сағ;

  • Тұз қышқылы — 2,5—5,0 ммоль/сағ;

  • Пепсин — 20—35 мг/сағ.

Ер адамдарда тұз қышқылының максимальды бөлінуі 22—29 ммоль/сағ, әйелдерде — 16—21 ммоль/сағ.
Жұмыс 2. Индикатор көмегімен асқазан сөлінің реакциясын анықтау.
Жұмыс мақсаты: Асқазан сөлінің реакциясын анықтауды үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал- жабдықтар: пробиркалары бар штатив, метилоранж индикаторы бар ерітінді, дистильденген су, табиғи асқазан сөлі.
Жұмыс барысы:
Пробирканы алып, оған 2-3 мл фильтрленген асқазан сөлін құйып, оған 1-2 тамшы метилоранж индикаторын қосу, асқазан сөлінің қышқыл ортасында метилоранж индикаторы түсін қызылға ауысқанына көз жеткізу. Жасалған сынаманы дистильденген сумен қайталау.
Жұмыс нәтижесі және өңдеу: Индикатордың асқазан сөлінде және дистильденген суда түсін өзгергенін бақылау, сөл және су құйылған пробиркаларды қажетті түстермен бояп, суретін салу.
Қорытындыға нұсқаулар: Қорытындыда индикатордың асқазан сөлінде түсінің өзгеруінің және дистильденген суда мұндай өзгерістің болмуының немен байланысты екенін түсіндіру.


Жұмыс 3. Адамдар мен жануарлардан асқазан сөлін алу әдістерімен танысу (иттерде созылмалы тәжірибелерде) (кесте бойынша)
а) «Асқазан фистулы бар эзофаготомирленген итті жасанды қоректендіру»:




б) «Изоляцияланған асқазан операциясының схемасы (И. П. Павлов бойынша)»: сол жағында – изоляцияланған кіші асқазан операциясы кезіндегі асқазан тілігі; оң жағында – қарынша операциясынвн кейінгі; АС – тілік сызығы; В – изоляцияланған қарынша пайда болатын асқазан қабырғасы; АА- құрсақ қабырғасы; кезбе нервтің талшықтарының жолы тармақталған сызықтарымен көрсетілген









в) Изоляцияланған кіші асқазаны бар ит (И.П. Павлов бойынша)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет