45. Сіздің ойыңызша, университет ұйымдастырған оқу және өндірістік практика түрлері қаншалықты пайдалы? Практика өту барысында теориялық білімдерін нақты тәжірбиемен ұштастырамыз. Практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларын қалыптастырамыз. Оқу үрдісінде алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге және нығайтуға, таңдаған білім беру бағдарламасында практикалық дағдыларды игеруге және жетілдіруге және болашақ кәсіби қызметке дайындайды.
46. Кітапхана қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы сізді қанағаттандырады ма? Иә, кітіпхана қызметкерлерінің қызметі толықтай қанағаттандырады. Кітапхананың сайты мен электрондық ресурстары, абонементтер мен оқу залдарының қызмет көрсету жүйесі, электрондық каталог және әлеуметтік желілері барлығы жоғары деңгейде.
47. Сіз әдетте қайда тамақтанасыз? Егер сіз университеттің асханасына барсаңыз, онда олардың қызмет көрсету деңгейі сізді қанағаттандырады ма? Университет асханасынан тамақтанамын. Асхана қызметкерлері, асхананың тағамдарының барлығы толық көңілімнен шығады. Тағамдардың бағасы қолжетімді, әрі дәмді.
48. Бұл асханалардағы бағалар студенттер үшін қолайлы ма? Барлық студенттерге жеткілікті орын бар ма? Иә, әрине бағасы студенттер үшін қолайлы. Соңғы кездегі барлық тауарлар мен заттардың баға өсімін ескерсек, бүгінгі таңдағы асхана баға саясаты қанағаттандырады.
Университет асханасының сыйымдылығы үлкен, студенттерге орын жеткілікті.
49. Университетте студенттің бос уақыты қалай ұйымдастырылады? ЖОО өткізетін іс-шаралар сіз үшін қаншалықты қызықты? «Болашақ» университетінде жастар саясатын жүзеге асыру үшін «Студенттік үкіметі» жұмыс жасайды. «Мейірім» еріктілер клубы, «Болашақ TV» телевизиялық жобасы, «Кәсіби бағдар беру» ұйымы, «Ханшайым» қыздар клубы, Жастар театры, «Жігер» спорт үйірмесі, «Ой-дария» пікір–сайыс клубы, «Болашақ start-up» бизнес-инкубаторы, «Жас ақын» үйірмесі т.б. көптеген үйірмелер Студенттік үкімет құрылымына кіреді. Яғни бос уақытымызда осы үйірме бойынша жоспарланған іс-шараларға ат салысамыз. Іс-шараға қатысу біз үшін маңызды, яғни университет деңгейінде өткізіліп жатырған барлық іс-шаралар студенттердің басқарушылық қабілеттерін дамытады, білім алушының тұлғасын қалыптастырады, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелейді, білім алушылардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырады.