8. Сабақ беретін оқытушылар балды коймай,студентті қыскан жағдайда кімге шағымданасыздар?


Сіз университеттің спорт залына барасыз ба? Университеттің спорттық және мәдени - сауықтыру базасының жағдайы Сізге қаншалықты сәйкес келеді?



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі25,67 Kb.
#129417
түріСабақ
1   2   3
50. Сіз университеттің спорт залына барасыз ба? Университеттің спорттық және мәдени - сауықтыру базасының жағдайы Сізге қаншалықты сәйкес келеді?
Иә, әрине университет спорт залына жиі барамыз. Университетте жабық спорт кешені бар. Спорт кешені ішінде шағын футбол, баскетбол, волейбол, гимнастика, бокс, күрес, ауыр атлетика мен үстел теннисі залы және бассейн қаралған. Спорт кешені толық біздің көңілімізден шығады.
51. Сабақтар қаншалықты қызықты? Сабақтардағы жұмыс түрлері қаншалықты әртүрлі?
Сабақ таңертеңгі сағат 9.00-да басталады. Сабақтың келесі түрлер бойынша өткізіледі. Лекциялар, зертханалық жұмыстар, практикалық сабақтар. Білім алушы өзіндік жұмыстарды (БӨЖ) орындау барысында, оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер, өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын пән бойынша туындаған барлық сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырамыз.
52. Сіздің ойыңызша, сабақта алынған білім сіздің болашақ мансабыңызда қаншалықты қолданылады?
Университетті дұрыс таңдау адамның мансаптық болашағына айтарлықтай әсер етеді. Яғни, өзім білім алатын «Болашақ» университетінен алған білімім белгілі бір салада студенттерге қарым-қатынас, тағылымдама және жұмысқа орналасу үшін құнды мүмкіндіктер бере алады. 
53. ЖОО-да оқу сіздің өміріңізде басты орын ала ма? Оқудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер сіз үшін қаншалықты маңызды?
ЖОО оқу студенттерді жаңалыққа, тапқырлыққа, логикалық жаңаша ойлауға, проблеманы қоя білуге және оны шешу жолдарын айқындауда, теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыруда ізденімпаздыққа үйретеді. Осыларды меңгерген студенттер келешекте білім ордаларына педагог болып барғанда, балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра алады.Оқудағы жетістіктерге жетуге талпынғандар өз күшіне сенеді. Қиын кедергілерді мүмкіндік деп қарастырады. Өзіміз жоспарлап, нәтижеге жеткенде ғана белгілі мақсатқа жетеміз.
54. Сіз университетте қандай дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болдыңыз?
Қазіргі студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру заман талабы болып табылады. Ақпараттық құзыреттілік, Коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырдық.
Яғни, нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктерін қалыптастырамыз. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. Коммуникативтік құзыреттілік — қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.

ЖОО-да оқу барысында Сіздің өз мамандығыңызға деген көзқарасыңыз өзгерді ме?
«Болашақ» университетінің барлық оқытушылар құрамына қызықты оқу үдерісі үшін алғыс айтқым келеді. Университет оқытушылары құрамы - жоғары білікті мамандар. Мен оларға университет қабырғасында алған білімдерім үшін алғыс айтқым келеді. Аталмыш мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс шешім жасағаныма күн санап көзім жетіп келеді.
«Болашақ» университетінің болашағы жарқын, асар асуы биік, мақсаты айқын» екендігіне толық сеніп айта аламын. Осындай оқу ордасынан білім алғаныма қуаныштымын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет