Жедел жадтау құрылғысы – сақталатын ішкі жад:
1. компьютер қосылмай тұрғанда да ақпарат сақталады;
2. нақты міндеттерді шешуге арналған программа;
3. осы мезетте пайдаланылатын программа және ол тікелей жұмыс істейтін деректер сақталады;
КЭШ-жад дегеніміз - ...
1. дәл осы мезеттегі программаны өңдеуге арналған жад;
2. жедел жадтың аса жиі пайдаланылатын бөліктері сақталатын шағын көлемді жедел жад;
3. операциялық жүйенің программаларын сақтауға арналған жад.
Сыртқы құрылғылар қандай қызметтер атқарады?
1. ақпарат сақтау және өңдеу;
2. ДК-нің пайдаланушыларымен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
3. берілген программа бойынша ЭЕМ-нің жұмысын басқару;
4. компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын үйлестіру.
Компьютердің қандай бөлігінде басқарушы және жадыда сақтайтын құрылғылар бар? Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.
1. Жүйелі блок 4. Сканер
5. Пернетақта 2. Монитор
3. Принтер 6. Маус
Мультимедиамен қоса компьютер құрамына енеді:
1. модем;
2. CD-ROM мен дыбыстық тақта үшін дискіжетек;
3. диджитайзер мен плоттер;
4. жедел жад.
Адаптер дегеніміз - ...
1. сыртқы құрылғыларды қосатын программалық құрылғы;
2. сыртқы құрылғыларды ақпараттық кеңарнаға жалғайтын арнайы құрылғы;
3. сегіз, оналты немесе отыз екі сымның жиынтығы.
Компьютер жұмысының өнімділігі неге тәуелді?
1. жадтау құрылғының көлемі мен шапшаң әрекетне;
2. қоректендіру кернеуіне;
3. сыртқа жадтың көлеміне;
4. батырманы басу шапшаңдығына;
5. процессордың тактілік жиілігіне.
Компьютерді ажыратқанда ........... барлық ақпарат өшіріледі:
1. магнитооптикалық дискідегі;
2. магниттік таспалардағы;
3. CD-ROM – дағы;
4. жедел жадтағы.