6В01701 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы 3-курс 301- топ Орындаған:Қаирбаева Б



Дата27.11.2023
өлшемі146,87 Kb.
#129713
Байланысты:
қазақ тілі әдістеме Қаирбаева Б.




Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты+
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ


Тақырыбы: Блум деңгейлері бойынша тапсырма дайындау
6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
3-курс
301- топ
Орындаған:Қаирбаева Б.
Қабылдаған:Рахметова Р.



Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.\


Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т.б.​​​​​​​
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы, Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т.б.​​​​​​​
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы, Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т.б.​​​​​​​
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде, қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы, сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы, әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б.
Блум деңгейлері бойынша тапсырмалар:
1.БІЛУ. “Пицца әдісі” Оқушылар пиццаны бөлшектерге бөліп алып. пицца бөлшегінде жазылған тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға ауызша жауап береді.
1.Үстеу дегеніміз не
2.Туынды үстеу қандай жолмен жасалады
3.Үстеу мағынасына қарай неше түрге бөлінеді
4.Мақсат үстеуінің сұрақтары қандай


2.ТҮСІНУ. Берілген мақал-мәтелдердегі бос орындарды толықтырып жазыңыз.Үстеудің қай түрі жасырынып тұрғанын табыңыз.
1.Арғымақ аттың баласы
( ) оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, ( ) тыңдайды.
2.Ұлыңа( ) жасқа дейін патшадай қара,
Он бесқа дейін қосшыңдай сана.
Он бестен асқан соң досыңа бала.
3.Күйеу- ( ) жылдық,
Құда- ( ) жылдық.
4.Бір ауылда ( ) туысың болғанша,
әр ауылда бір туысың болсын.


3.ҚОЛДАНУ. Төменде берілген үстеулерді сұрақтарымен сәйкестендіріп жазыңыз.
Түрлері: Сұрақтары:
1.Сын қимыл үстеуі Қалай?
2.Мезгіл үстеуі Қайда? қайдан? қалай қарай?
3.Мөлшер үстеуі Не мақсатпен? қалай?
4.Мекен үстеуі Қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап?
5.Себеп-салдар үстеуі Қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
6.Күшейткіш үстеуі Не себепті? қалай? неге?
7.Мақсат үстеу Қашан? қашаннан?
4.ТАЛДАУ. Оқушылар топқа бөлініп үстеудің түрлеріне байланысты топтық жұмыс жасайды. Яғни әр топ үстеу түрлеріне байлынысты плакатқа сурет салып, сол суретті талдап көрсетеді.


5.ЖИНАҚТАУ. Мына үстеулермен тіркес құраңыз.Сұрағын қойыңыз.
Лезде,жылдам,шапшаң,баяу.
6.БАҒАЛАУ. «Тазалық» ойыны
Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
Құрметті оқушылар
, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет