8-СЫНЫП. АБАЙТАНУ ПӘНІНЕН І ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Тұла бойың ұят, ар едің» бөлімі
Оқылатын шығармалар: «Тұла бойың ұят, ар едің», «Жиырма жеті жасыңда», «Талаптың мініп
тұлпарын» өлеңдері
Оқу мақсаты: Әбдірахманға арналған өлеңдері арқылы кемел адамға тән тұлғалық қасиеттерді саралап тану, әке жоқтауының мәнін түсіну: - тілдік бірліктердің семантикалық мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу.
- әке жоқтауындағы эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерделеу, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыру.
-шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу.
Тапсырмалар: «Бала болдың, жас болдың —
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың —
Көкірегіңді кермедің» деген шумақтағы ойды айқындаңыз, «жалғандық» сөзінің мәтіндегі қолданысын ашыңыз.
«Іздеп табар жалғаннан,
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім» деген шумақта ақынның қандай сезім күйі танылады? Ақын сезімін сипаттайтын сөз жазыңыз.
...«Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да, көп тұрмады»;
...«Көзге қамшы тигендей,
Шыр айналды артқы жас» үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз. Мәтіндегі қолданысын айқындаңыз.
Абайдың Әбдірахманға арналған «Тұла бойың ұят, ар едің», «Жиырма жеті жасыңда», «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңдеріндегі ортақ тақырыпты табыңыз, идеялық мазмұнды ашатын тірек ұғымдарды кластерте жинақтап, топтастырыңыз.
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Үзіндідегі ойды айқындаңыз, «жалғандық» сөзінің мәтіндегі қолданысын ашыңыз
1
Үзіндіге интерпретация жасайды
2 1
Сөздің лексика-семантикалық мәнін ашады
Шумақтағы ойды айқындаңыз, «жалғандық» сөзінің мәтіндегі қолданысы ашыңыз
2
Шумақтағы ақынның сезім күйін айқындайды
1 2
Ақын сезімін сипаттайтын сөзді жазады
Үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз. Мәтіндегі қолданысын айқындаңыз.
3
Үзіндідегі көркемдік тәсілді табады
1
Мәтіндегі қолданысын ашады
2
Әбдірахманға арналған ақын өлеңдеріндегі ортақ тақырыпты табыңыз, ортақ идеялық мазмұнды ашатын тірек ұғымдарды кластерте жинақтап, топтастырыңыз