8 сынып Қмж лары (білім беру ұйымыныңатауы) Қысқамерзімді (сабақ)



бет15/56
Дата06.10.2023
өлшемі2,47 Mb.
#112990
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Сабақ
тың соңы



Сабақты қорытындылау
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бірігіп «Достық» әнін орындау.
Кері байланыс
 Қиын болды…
 Бүгін мен білдім…
 Қызықты болды…
Үйге тапсырма«Біз-біртұтас халықпыз!»

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


ustaz.kz›materials/word/tarbie…birtutas…birtuta


Шаймардан Нурумов: Біз – біртұтас халықпыз

Алдымызда қазақстандықтардың ең айтулы мерекелерінің бірі – Алғыс айту күні келе жатыр. 28.02.2018 3061 Бұл мейрам Қазақстан халқының ынтымағын, бірлігі мен бауырластығын одан әрі нығайтатын, қазақ халқына барша жұрттың ыстық ықыласын арттыратын бірден-бір мереке. Бұл күні Қазақстанды мекен еткен барлық этнос өкілдері қазақ халқының кішіпейілдігі, ақкөңілдігі, кең байтақ жеріндей кеңпейілдігін тілге тиек етіп, өз ризашылықтарын білдіріп жатады. Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барша жұрт еліміздің дара тұлғасы, бүкіл әлемге танымал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің бүгінгі бақытты да шаттықа толы бейбіт өмірлері үшін алғысын жаудырып, ілтипатын білдірумен болады. Соның ішінде Қазақстан ұйғырлары да осы елді мекен етіп жатқан 100-ден астам этностың өкілдерімен тең дәрежеде бақытты өмір сүріп жатыр. Халқымызға өз мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрін сақтап қалуға бар мүмкіншілік жасалған. Қазіргі таңда елімізде 70-ке жуық ана тілінде дәріс беретін мектептер жұмыс істеуде. Бүкіл дүние жүзіне өзінің өнерлі әртістерімен танылған Республикалық мемлекеттік ұйғыр театры бар. Қ.Қожамияров атындағы бұл театрға өздеріңіз білетіндей жақында академиялық дәрежесі берілді. Бұл Қазақстан ұйғырлары үшін аса қуантарлық жаңалық болды. Сонымен қатар елімізде республикалық дәрежеде «Ұйғыр авази» атты ана тілінде шығатын 15 мың оқырманы бар газет жұмыс істейді. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ұйғыртану ғылыми орталығы жұмыс істейді. Ұлдарымыз бен қыздарымыз халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет атқарып келеді. Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының негізгі қызметтерінің бірі қайрымдылық көмек көрсету болып табылады. Айталық соңғы бір-екі жылдың көлемінде миллиондаған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бөлініп, жұмсалды. Көптеген қайырымдылық іс-шараларына демеушілік жасалды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да үнемі қаржылай көмек беріп, қамқорлық жасап келеді. Мысал келтірсек, жақында Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында бірнеше үй өртеніп, тұрғындар қиын жағдайда қалды. Бірі қазақ, бірі ұйғыр және орыс болып табылатын бұл ауыл тұрғындары да берілген жәрдем мен демеушіліктер үшін өз алғыстарын айтып жатты. Қарағандыда болған су тасқыны, Алматы облысындағы сел кезінде де көптеген азаматтар көмекке мұқтаж болды. Ұйғыр орталығының Жігітбасы кеңесі, Әйелдер кеңесі жапа шеккендерге барынша қолдау көрсетіп, белсенді түрде қызмет атқарды. Қазақстан ұйғырлары Президент Н.Назарбаевтың ішкі-сыртқы саясатын толығымен қолдайды. Соның ішінде «Мәңгілік Ел» стратегиясы Қазақстан ұйғырлары үшін көптеген міндеттер жүктеді. Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілін латын графикасына өткізуі кезеңінде де қазақстандық ұйғырлар ана тілін латын таңбасына негіздеп бірге көшуге шешім қабылдады. Әрбір қазақстандық ұйғыр жақсы түсінетін бір қағида мынау: «егер Қазақ жерінде Қазақстан мәңгі болса, Қазақстан ұйғырлары да, олардың тілі, діні және дәстүрі де мәңгілік болады». Сондықтан әрбір қазақстандық ұйғыр Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне әрдайым өз үлесін қоса береді. Шаймардан НУРУМОВ, Мәжіліс депутаты, ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының төрағасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет