Мақалалар, баяндамалар жинағы



жүктеу 3.77 Mb.
Pdf просмотр
бет1/49
Дата30.01.2017
өлшемі3.77 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

1

Алматы 

«Сардар» баспа үйі 

2014 жыл

Мақалалар, баяндамалар жинағы



2

Қ 23


ӘӨЖ 81 373

КБЖ 81. 2 Қаз - 3

Қ 23

Жауапты редактор:

филология ғылымдарының кандидаты Э.Ә.Өтебаева



Қайдар Әбдуәли. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жи-

нағы   – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 520 - бет. 2014 ж.

ISBN 978-601 – 7174- 42 - 2 – Т.1.

ISBN 978-601 – 7174- 43 - 9

«Ғылымдағы  ғұмыр»  атты  бұл  кітапқа  белгілі  тіл  маманы,  филология 

ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА  академигі  Әбдуәли  Қайдардың  әр  жылдары 

газет,  журнал  беттерінде  жарияланған  жалпы  лексикология  саласындағы,  оның 

үйірлі  тараулары  –  сөзтану  және  түбіртану,  ономастика,  этимология,  этнонимика, 

терминология,  фразеология  мен  паремиология,  сонымен  қатар  этнолингвистика 

және  тарихи  лексикология  салаларына  арналған  мақалаларының  таңдаулылары 

топтастырылған. 

Бұл  еңбек  қазақ  тілінің  бай  қазынасын  тереңірек  білгісі  келетін  миллиондаған 

оқушы, студент жастар мен зиялы қауым және қалың жұртшылыққа арналған.

ӘӨЖ  81. 373 

КБЖ 81.2 Қаз – 3

© Қайдар Ә., 2014 

© «Сардар» баспа үйі, 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитетінің 

тапсырысы бойынша 

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 

2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 

аясында шығарылды

ISBN 978-601 – 7174 - 43 – 9 - Т.1

ISBN 978-601 – 7174 - 42 - 2


3

АЛҒЫ СӨЗ


Қазақ тілін түбегейлі, терең зерттеу арқылы ұлттың болмысын танытқан, 

ана тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мемелекеттік тілдің мәртебесін жоғары 

деңгейге көтерген, аса көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 

академигі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  еңбек  сіңірген 

Ғылым қайраткері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар.

Қазақ  ғылымының  қара  шаңырағы  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы 

Тіл білімі институтында өтіп жатқан алпыс жылдан астам уақыт ішінде 

Ә.Т.Қайдар аспиранттан академикке дейінгі қызығы мен қиындығы мол жолды 

бастан  өткеріп,  іскер  басшы,  білікті  ғылыми  жетекші,  ғылым  болашағын 

болжай алатын талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.

Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе қазақ тіл 

білімі  мен  түркітану  саласына  қосқан  нақтылы  үлесі  мен  сіңірген  еңбегі 

оның жариялаған 700-ден аса ірілі-кішілі (жалпы көмегі 1000 б.т. астам) 

зерттеулерінен, оларда көтерілген сан алуан (50-ден астам) лингвистикалық 

проблемалардың қажеттілігінен де, тақырыбынан да айқын көруге болады.

Ғалымның  «Қаңлы:  тарихи  шежіре»  (Алматы,  2003)  атты 

көлемді  монографиясы  мен  «Қазақ  қандай  халық?»  (Алматы,  2008) 

атты  монографиясы  және  3  томдық  «Қазақтар:  ана  тілі  әлемінде» 

атты  этнолингвистикалық  сөздігі  (2009;  2013)  келешек  ұрпаққа  ұлттық 

қасиеттерімізді  басқа  бұлақтардан  емес,  тек  тіл  бұлағынан  ғана  сусындай 

білудің нақты дәйегін көрсетеді.

Соның бір нақты айғағы академик Ә.Қайдардың лексикография саласындағы 

еңбектері:  «Ұйғырша-орысша  лингвистикалық  сөздік,  Қазақша-орысша  бір 

буынды  түбірлер  сөздігі»  (1986),  «Уйгурско-русский  словарь»  (1961), 

«Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігі»  (авт.  бірі)  (1966), 

«Тысяча метких и  образных выражений: казахско-русский фразеологический 

словарь  с  этнолингвистическими  пояснениями»  (Астана,  2003),  «Халық 

даналығы  (қазақ  мақал-мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және  зерттеу)» 

(Алматы,  2004),  «Қазақ  тіліндегі  қос  сөздер:  зерттеу  және  сөздік» 

(Алматы, 2013) т.б. 

Академик  Ә.Қайдар  өзінің  үздік  өнегесімен  ғана  емес  ғылымда  еліміздің 

рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік,  білім мен ғылым жүйесіндегі ғылыми зерттеу 

мен  кадр  дайындауды  ұйымдастыру,  тіл  саясаты  мен  мемлекеттік  тілдің 

қызметінің жүзеге асырылуы ісіне қоғам қайраткері ретінде де белсене араласып, 

азаматтылықтың жоғары деңгейінен көрініп келеді. Мұны ғалымның 60 жыл 

бойы атқарып келген, әлі де жалғастырып отырған еңбек жолы айқын көрсетеді.



4

Академик  Ә.Қайдардың  тілші  ғалым  ретінде  көп  жылдардан  бері  үзбей 

шұғылданып  келе  жатқан  проблемалары  негізінен  тіл  білімінің  лексикология 

саласына жатады деп айтуға болады. Лексикология – тіл білімінің құнарлы 

да  сүбелі,  күрделі  де  сан  қырлы  салаларының  бірі  екендігі  белгілі.  Кең 

шеңберде  алып  қарағанда,  оның  зерттеу  объектісіне  жалпы  сөз  байлығы  – 

сөзтану  және  түбіртану,  сөз  төркіні  –  этимология,  жер-су,  кісі  аттары 

–  ономастика,  ру-тайпа  –  этнонимика,  ғылым,  білім,  техника  атаулары 

– терминология, тұрақты тіркестер – фразеология мен паремиология сияқты 

жеке-жеке  тараулар  жатады.  Әрбір  тараудың  өзі  іштей  жіктеліп,  сан 

алуан проблемалар мен тақырыптық топтардан тұрады. Лексикалық қорды 

әр  қырынан,  синхронды  һәм  диахронды  тұрғыдан,  салыстыра-салғастыра 

зерттеуге  байланысты  лексикология  да  көп  аспектілі  тіл  білімі  саласына 

жатады. Ол – зерттеу мақсаты мен нысанына қарай іштей тақырыптық 

проблемаларға  жіктеліп,  тіл  білімінің  басқа  да  (грамматика,  фонетика, 

семасиология, т.б.) салаларымен астарласып келетін күрделі дүние. Сондай-

ақ, ана тілі байлығының негізінде қазақ халқының рухани және материалдық 

мәдениетін зерттеуге бағышталған этнолингвистикалық ізденістері ерекше орын 

алады.  Осы  бағыттармен  байланысты  14  ғылым  докторының,  70  ғылым 

кандидаттарының диссертацияларына ғылыми жетекшілік жасады.

Лексикология ғылымының негізгі объектісі – сөз десек, сол сөздің табиғаты 

мен сан қырлы сырын, атап айтқанда, шығу тегін, даму тарихын, құрам-

құрылымын, мағына-мәнін, бояу-нақышын, бейнелеу өрнегін, іштей жіктеліп, 

сырттан енуін қағазға түсіп, хатталу тәсілін, ел жадында сақталып, ұрпақ 

тілінде қолдануын, т.б. ерекшеліктерін айқындау мақсатында бұл ғылымның 

өзінен бұтақтап, соның төңірегінде қалыптасқан дербес тараулардың шоғыры 

тағы бар. Олар жинақта: 1) сөзтану және түбіртану; 2) ономастика, 3) 

этимология, 4) этнонимика, 5) терминология, 6) фразеология мен паремиология, 

7) этнолингвистика және тарихи лексикология т.б. деп әртүрлі газет-журнал 

беттерінде жарық көрген мақалалары топтастырылып берілді. 

Бүгінде 90 жас жасап отырған ғалым Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың 

жарты ғасыр барысында жарияланған мақалаларын тақырыптық топтарға 

бөліп, бүгінгі оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

Сөз соңында осы еңбектің өз деңгейіне сай сапалы болып шығуына  белсене 

атсалысқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшылығы 

мен шәкірттері – филология  ғылымдарының докторы, профессор Ж.Манкееваға, 

филология ғылымдарының кандидаты Э.Өтебаеваға, магистр Г.Тлегеноваға зор 

алғысымызды білдіреміз.



5

СӨЗТАНУ ЖӘНЕ ТҮБІРТАНУ



«Сөзтану», «түбіртану» – ғалымның өз ұсынысы бойынша шартты 

түрде алынып отырған термин (атау). Оның мәні – сөз табиғатын, сөздің 

сан  алуан  сиқырлы  сырын,  «тәні  мен  жанын»,  нәзік  жаратылысын, 

құдіретті күшін, мәңгі-бақи құбылып-өзгеруін, жасаған сайын жаңғырып, 

жаңалауын, дыбыстан туып, толассыз туындап өсетін, т.б. осы сияқты сөз 

қасиеттерін  танып-білу.  Сөзтану  проблемасы  этимология,  ономастика, 

терминология,  семасиология  сияқты  тараулардың  бәріне  де  қатысы  бар, 

бірақ бір де біреуінің шеңберіне сыймайтын, алайда жалпы сөз ұғымын 

дәріптеуші (актуализациялаушы) лексикологияның «ноқталы» бағытына 

(приоритеті), сан қырлы, сыры мол (многовекторное) бір өрісіне жататын 

сала. 

Тіл-тілде  не  көп  –  сөз  көп,  сөздің  түрі  көп:  бір  дыбыстан  да,  он 



дыбыстан да тұратын, бір мағынаны да, көп мағынаны да білдіретін, көне 

де, жаңа да, бір текті де, әр текті де, қосарлы да, қайталама да, біріккен де, 

кіріккен де, мән-мағынасы айқын да, күңгірт те, бір текті де, әр текті «өлі» 

де, «тірі» де – бәрі-бәрі тілде бар.

Ғалым  зерттеулерінде  жиі  сөз  болып  келе  жатқан:  «бір  буынды 

түбірлер»  («моносиллабы»),  «синкретизмдер»,  «бір  текті  түбірлер» 

(«гомогенные  омонимы»),  плеоназмдар,  «бір  түбірлес  сөздер»,  «түр-



түсті білдіретін сөздер», «саяхатшы сөздер», «қос сөздер», «өлі түбір», 

«тірі  түбір»,  «еліктеуіш  сөздер»,  «сырлы  сөздер»,  «киелі  сөздер» 

культовые  слова»),  т.б.  атаулардың  бәрі  де  осы  сөзтану  проблемасына 

қатысты.  Олардың  кейбіреулері  жеке  мақала  көлемінде  ғана  сөз  болса, 

енді біреулері (синкретизм, плеоназм, бір текті омонимдер, имитативтер, 

т.б.)  туралы  бірнеше  мақала  жарияланып,  дами  келе  олар  ғалымның 

шығармашылығында  елеулі  орын  алады.  «Түбір  сөз  проблемасына» 

арналған «Структура односложных корней и основ в казахском языке». 

Алма-Ата,  1986,  328  б.;  жауапты  редакторы  –  проф.  Н.А.Баскаков)  атты 

еңбек – солардың бірі. Онда автор осы проблеманың қыр-сырын кең түрде 

сөз етеді. Автордың өзі «үкілі кітабым» деп атаған бұл еңбек түркология 

әлеміне тез тарап, бірден ғалымдардың назарын өзіне аударған болатын. 

Өйткені  қанша  зерттелсе  де,  түркі  түбірінің  жалпы  табиғаты  (оның 

тілдік  статусы,  оған  берілетін  анықтама  –  дефинициясы,  құрамы,  даму 

эволюциясы, т.б. ерекшеліктері) туралы пікір тиянақтала қоймағандығы 

белгілі.  Сондықтан  да  болар,  бір  буынды  түбірге  бай  қазақ  тілінің 

фактілері негізінде (басқа түркі тілдерімен салыстыра отыра) Ә.Қайдар бұл 


6

еңбегінде түбір туралы өз тұжырымын ұсынып: «Тюркский корень есть 

наидревнейшая  и  историческая  реальная  единица  языка,  сохраняющая 

свою суть несмотря на постоянные фоно-морфо-семантические изменения, 

происходящие  в  процессе  агглютинативного  развития  строя  тюркских 

языков.  Он  может  структурно  совпадать  с  первообразным  словам,  если 

оно  не  превышает  одного  слога.  Во  всех  остальных  случаях  тюркский 

корень  выступает  как  производная  единица  языка,  где  корень  отражает 

в  себе  состояние  статики,  а  слова  –  динамики»  (Жоғарыда  көрсетілген 

еңбек, 25 б.) – деп жазды.

Осы  анықтама  тұрғысынан  автор  қазақ  тілі  фактілеріне  сүйене 

отырып, жалпы түркі түбірі проблемасына қатысты көптеген ғылыми мәні 

зор мәселелерді қарастырды, олар туралы өз пікір-тұжырымдарын ортаға 

салады. Сол мәселелердің негізгілері деп мыналарды атауға болады.

1)  Түркі  тілдеріндегі  базистік  лексикаға  тән  түбір  сөздердің  буын 

санына  қатысты  бір  буынды  және  көп  (екі,  үш,  т.б.)  буынды  топтарын 

анықтау,  осыған  байланысты  автор  қазақ  тілінде  3  мыңнан  астам  бір 

буынды  түбірдің  барлығын  және  олардың  жартысынан  көбі  жеке-дара 

қолданылмайтын  (консервацияланған,  мағынасы  күңгірттенген), 

дербестігін  жойған,  сондай-ақ  сол  3  мыңның  жарым-жартысы  ғана 

байырғы (ілкі, көне), ал қалғаны басқа тілдерден қабылданған түбірлер 

екенін анықтайды.

2)  Қазақ  тіліндегі  түбір  сөздің  түп-тегі  о  бастан-ақ  бір  буынды 

(моносиллабикалы)  болғандығы,  ал  буындық  ара-жігі  ажырамайтын 

(бала,  балта,  алма,  балға  т.б.  осы  сияқты)  екі,  үш  буынды  онша  көп 

емес сөздердің төркінін, яғни олардың шеттен қабылданғанын, не бір 

буынды  түбірлер  негізінде  дамығанын  анықтай  түсу  қажеттігі  сөз 

болады;

3)  Сөздердің  фоно-морфо-семантикалық  ара-жігін  ажырату,  яғни 



о бастағы өз түбірімен бірігіп, кірігіп, «ажырамас» бір тұтас туынды 

тұлғаға айналған лексемалар құрамынан сол көне, ілкі түбірлерді бөліп 

алудың (реконструкция, разложение) ғылыми тәсілдері сөз болады;

4)  Бір  буынды  түркі  түбірінің  жеке-дара  лексема  ретінде  дербес 

қолданылуы,  қолданылмауы;  бұл  мәселеге  байланысты  түркологияда 

қалыптасқан  «түркі  түбірі  әрқашанда  айқын-анық  (прозрачность) 

қолданылады» деген пікірдің қате екендігін дәлелдей келіп, автор бұл 

тұрғыдан  (қазақ  тілі  фактісі  негізінде)  барлық  бір  буынды  түбірлерді 



«өлі  түбір»,  «мағынасы  күңгірттенген»,  «қолданысы  туынды  сөз 

тұлғасымен шектелген (консервацияланған)», «бір текті және әр текті 

(гомогенді  және  гетерогенді  омоним)  түбірлер»,  екі  ұдай  (етістік, 

есім) мағыналы синкретті түбірлер» деп жіктеп қарастырады;

7

5) «Бір буынды түбірлер о баста пайда болған бір тұлғада қатып қалған, 

еш өзгермейтін тұрақты элементтер ме, жоқ әлде өзгермелі құбылыс па?» 

деген сауалға байланысты автор түркологияда қалыптасып кеткен «түркі 



түбірі өзгермейтін тұрақты элемент» дейтін пікірдің мүлдем дұрыс емес 

екендігін дәлелдеуге тырысады. Керісінше бір буынды түбір сөздердің бәрі 

де өзіне тән мағына өзегін сақтай отыра, тұлға жағынан бір тілдің өзінде 

де, туыс тілдер аралығында да ылғи өзгеріп, құбылып, сан түрлі сапаға ие 

болатыны дәлелденеді. Бұл пікір де «түркі тілдерінің жалғамалы тілдер 

жүйесінен бұрын фузиялық дамуды басынан кешірген» деген жорамалға 

барып саяды;

6) Бір буынды түбірлердің үш өлшемді (фоно-морфо-семантикалық) 

тұлғасында мағына өлшемі де аса маңызды фактор екендігіне байланысты 

автор  мағына  эволюциясын  үш  (өткен,  қазіргі,  келешек)  уақытқа  бірдей 

қатысты динамикалық процесс деп бағалайды;

7)  Бір  буынды  түбірлер  фонологиялық  тұрғыдан  қазақ  тілінде  де 

6  классикалық  типтен  –  г,  сг,  гс,  сгс,  гсс,  сгсс  –  тұратындығы 

дәлелденеді,  солардың  ең  көбі  және  жиі  кездесетіні  (2704  единицаның) 



сгс (2115), ең азы – г (15) түрі.

8)  Бір  буынды  түбірлердің  ішкі  (фонологиялық)  және  сыртқы 

(экстралингвистикалық)  себептерге  байланысты  ұдайы  тұлғалық 

өзгерістерге  ұшырап  отыруы  нәтижесінде  дербес  түркі  тілдері  мен 

олардың құрамындағы көптеген диалектілері мен говорларының, сондай-

ақ тіларалық лексикалық варианттардың пайда болуы да сөз болады;

9)  Бір  буынды  түбірлердің  сөзжасам  және  сөздік  қорды  байыту 

процесіне  ұйтқы  боларлық  негізгі  қызметі  де  грамматикалық  тұрғыдан 

(сөз таптарына қатысты) жан-жақты қарастырылады.

Міне,  көріп  отырғанымыздай,  қазақ  тілі  (кеңірек  –  түркі  тілдері) 

лексикологияның  негізгі  де  өзекті  проблемаларының  бірі  –  түбір  сөз 

проблемасы  академик  Ә.Қайдар  зерттеуінде  негізінен  осы  салалар 

бойынша  сараланып,  шәкірттерінің  еңбектерінде  өз  жалғасын  тауып, 

түркологияға үлес болып қосылды деп айта аламыз.

Түбір сөз проблемасына бағышталған бұл еңбегін ғалым түркологияда 

бұрыннан  сөз  болып  жүрген  үлкен  екі  бағдарламаның  ғылыми 

«беташары», сол мақсатты орындаудағы алғашқы қадам деп санаған еді. Ол 

бағдарламаның біреуі – «Түркі тілдері бір буынды түбірлерінің корпусы» 

деп аталатын іргелі еңбек те, екіншісі – соның негізінде жасалуға тиісті – 

«Түркі тілдері бір буынды түбірлерінің этимологиялық сөздігі» болатын. 

Өкінішке орай, бұл шығармашылық бағдарламаны жүзеге асыруға тиісті 

шәкірттер қауымы әлі қалыптаса қойған жоқ. Бір топ түркі тілдері (қазақ, 

қырғыз, хакас, башқұрт, татар, ұйғыр, чуваш, қарашай-балқар, түрік т.б.) 



8

бойынша басталған зерттеулер ғалым ұсынған идеяны (қара.: Ә.Қайдаров. 



Из опыта этимологического исследования односложных основ в тюркских 

языках // Лексика и морфология тюркских языков. Новосибирск, 1982, 3-12 

с.) орындау деңгейіне әлі жете қойған жоқ. Ал, қазақ тілі бойынша бұл екі 

бағдарламаның алғашқы қадамы ретінде ғалымның аталған («Структура 

односложных...») еңбегінің соңында берілген (183-131 б.б.) «Қазақ тіліндегі 

бір  буынды  түбір  сөздердің  сөздігін»  және  жасалып  жатқан  «Қазақ 

тіліндегі бір буынды түбірлердің этимологиялық сөздігі» (шамамен 80 б.т.) 

атауға болады. 

Сонымен,  академик.  Ә.Қайдардың  лексикология  саласындағы  бір 

үйір  еңбегінің  өзекті  арқауы  саналатын  аталған  еңбегі  оның  қазақ  тіл 

білімінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  түркітануда  да  аса  көрнекті 

зерттеу  ретінде  өз  бағасын  алғаны  белгілі.  Ол  туралы  жарияланған 

рецензиялардың бірінде азербайжан ғалымы проф. В.И.Асланов өз пікірін 

былай деп түйіндейді.

«В заключение хочется подчеркнуть, что рецензируемая монография 

А.Т.Кайдарова  представляет  собой  ценный  вклад  в  тюркологическую 

науку  и  несомненно  станет  настольной  книгой  многих  тюркологов 

наряду с этимологическими словарями Э.В.Севортяна, М.Рясянена и Дж. 

Клоусона».  

О некоторых общих тюрко-монгольских 

однокоренных основах

Несмотря  на  то,  что  многочисленные  исследования  не  привели 

ученых-алтаистов  к  единому  мнению  относительно  генетического 

или  исторического  родства  алтайских  языков  и  все  еще  продолжают 

существовать по данному вопросу диаметрально противоположные точки 

зрения, поиски в этом направлении за последние годы принимают все более 

интенсивный характер. В этом отношении не безынтересны «встречные» 

исследования специалистов тюркских и монгольских языков с широким 

привлечением  фактов  конкретных  языков  не  только  лексического,  но  и 

фонетического  и  грамматиче ского  порядка,  которые  разными  путями 

ведут нас к общей цели

1



В этой связи привлекает наше внимание наличие в тюркских (в данном 

случае  в  уйгурском,  казахском,  узбекском  и  др.)  и  монголь ских  языках 

общих однокоренных морфем, давших впоследствии не мало производных 

образований,  которые  характеризуются  как  результат,  с  одной  стороны, 

исторической  общности  этих  языков  в  далеком  прошлом,  а  с  другой  – 

самостоятельности их развития в относительно поздние времена.

1 См.: Проблема общности алтайских языков. Л., 1971, с. 404 и др.


9

Сравнительное  изучение  этих  общих  для  тюркских  и  монголь-

ских  языков  однокоренных  морфем  в  структуре  сложных  производ ных 

образований в каждом конкретном языке позволяет установить общность 

их  этимологической  природы  и  проследить  эволюцию  се мантического 

и  структурного  развития  с  учетом  вполне  объяснимых  фонетических 

отклонений  и  модификаций.  Так,  например,  понятия  «лук»  и  «стрела» 

во всех тюркских и монгольских языках передают ся или одной корневой 

морфемой  в  разном  фонетическом  оформле нии  (ср.  каз.  жай,  жақ,  уйг. 

я, узб. ей, алт. я, урянх. ая, кирг. жаа, якут, саа, азерб., тур. яй и т. д.), 

или производными образо ваниями от общего корня (ср. каз. садақ, хакас. 



чаҗақ шор. чачаг, письм.-монг. сағадағ «колчан» и хал.-монг., ойрот-монг. 

сайдағ, садағ, бур.-монг. һадағ «колчан для стрелы» и т. д.). Из этого далеко 

не полного перечня видно, что эволюция фонетического развития данной 

корневой  морфемы  в  тюркских  и  монгольских  языках  пред ставляется 

следующим образом: я/ яй/ ая/ жаа/ жай/ сай/ саа/ сак / сага / сая / ча / һаа 

и  т.  д.  Изначальным  вариантом  для  тюрк ских  языков,  пожалуй,  следует 

принять йотированный я, ей.

В  тюркских  языках  корневая  морфема  я  (с  ее  фонетическими 

вариантами)  воспринимается  как  имя,  тогда  как  в  монгольских  язы-

ках  она  выражает  действие,  связанное  со  стрельбой  из  лука.  В  та ких 

случаях,  когда  корневая  морфема  одновременно  выражает  предмет  и 

действие  предмета,  обычно  первичным  считается  глагольное  значение 

(ср. тюрк. кәч «кочевать» и көч «кочевка» и др.). Исходя из этого, можно 

предполагать,  что  монгольский  вариант  этой  морфемы  сага/саа/һаа 

считается относительно древним. К тому же она, например, в бурятском 

языке,  при  ее  этимологической  прозрачности,  дала  ряд  производных 

основ:  һаа  +  даг  «колчан  для  стрелы»,  һаа  +  ли  «лук-самострел»,  һаа 

+  ха  «пускать  стрелу»

2

.  В  тюркских  же  языках  эта  корневая  морфема 



бытует  как  архаичный  элемент  и  не  всегда  имеет  самостоятельное 

употребление.  Этим,  пожалуй,  объясняется  то,  что  данная  морфема, 

встречаясь  в  основе  производных  образований;  (ср.  садақ/чаҗақ/чачак 

и др.), не всегда ассоцииру ется с употребляющимися в тех же тюркских 

языках  вариантами:  я/яй/ёй/сай/сак/са/жай/жаа/ча  и  др.,  не  говоря  уже 

о  таких  словах  производного  образования,  как:  каз.  қорамсақ  «чехол 

для стрел лука», масақ «наконечник стрелы», сарыжа – разновидности 

стрелы или лука, бұқаржай – инкрустированный лук бухарского изделия, 



жебе «наконечник стрелы»; уйг. ясақ «дружина», «вооружен ный отряд», 

2  Дондуков  У.Ж.  Ш.  Аффиксальное  словообразование  частей  речи  в  бурятском  языке. 

Улан-Удэ, 1964, с. 38.


10

яйи «вооруженный воин», «солдат» и др., – в структуре которых также 

наличествует  уже  указанная  общая  для  тюрко-монгольских  языков 

корневая морфема в следующей фонетической модификации: сак/жа/жай/

же/я.

Таким  образом,  одна  и  та  же  корневая  морфема  в  тюркских  и 

монгольских  языках  может  дать  целый  ряд  производных  форм,  что 

зачастую  приводит  к  различным  фонетическим  изменениям  и  диф-

ференциации их семантики. Однако при этом она не всегда теряет свою 

монопольность и подвергается этимологическому затемнению. Об этом же 

говорит вышеуказанный факт.

Или  возьмем  другой  пример.  В  монгольском  языке  употребляет ся 

корневое  слово  ул  «подошва»,  «подметка»,  «основание»,  «базис»  как  в 

отдельности, так и в структуре производных образований и словосочетаний: 



Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Еліміз өз тəуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп, дамуының жаңа кезеңіне аяқ бас


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет