Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту
Отанға, туған жерге деген махаббат сезімі оянады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңi.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалімнің:
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен сналар.
Талапты бол, талантты,
Бүгінгі сабақ елімізге арналар. – деген шумақпен сабақ басталады.
Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» әнін хормен орындайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Әңгімелеу
1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені
2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.
Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.
Мәтінмен жұмыс
Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»
(үзінді)
Мәтінді мазмұндау бөлімдері:
Етікші шыңы
Жолаушы
Қарт кесімі
Қатал сызық
Айнабұлақ
Тұмар
Мәтін бойынша сұрақтар
- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
- Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құып сүйгенінен көрінеді.
- Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің?
- Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді.
- Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?
- Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.
Түйіні:
Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер.
Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.