Дәйексөз Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
М. Шаханов
Сахналау Рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар
Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?
Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп – өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен.
Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?
Атасы: Ол – менің ата – бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен.Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?
Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін.
Немересі: …
Түйіндеме
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.
Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу.
Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.
«Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз.
Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті.
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.