8-сынып Теориялар жинағы Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы жылулық қозғалыс



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата12.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#100746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-сынып теориялар жинағы(232) ) JUZ40 ONLINE



https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
8-сынып
Теориялар жинағы
1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы жылулық қозғалыс 
деп аталады 
2. Ұсақ бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы ірілерінің жылдамдығынан 
артық екендігін көрсетті. Сұйықтың температурасын арттырғанда 
бөлшектердің жылдамдығы да артады 
3. Броундық қозғалыс дегеніміз – молекулалардың соққысының әсерінен 
сұйықта немесе газда қалқып жүретін қатты дененің ұсақ бөлшектерінің 
үздіксіз ретсіз қозғалысы 
4. Диффузия – бір заттың молекулалары мен атомдарының басқа бір 
заттың молекулалары мен атомдарымен өзара араласу процесі, соның 
нәтижесінде бөлшектердің бүкіл аймақта бірқалыпты таралуы жүзеге 
асады 
5. МКТ-ның 3 қағидасы:
- Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан 
тұрады 
- Заттың бөлшектері үздіксіз және бейберекет түрде қозғалады 
- Молекулалар немесе атомдар арасында тартылыс және тебу күштері 
әрекет етеді 
6. Термометр – дененің немесе қоршаған ортаның температурасын 
өлшеуге арналған аспап 
7. Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама 
8. Жанасқан денелердің температураларының бірдей күйге келуі жылулық 
тепе-теңдік деп аталады 
9. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясын кинетикалық 
энергия деп атайды 
10. Денені 
құрайтын бөлшектердің өзара әрекеттесу энергиясын 
потенциалдық энергия деп атайды 
11. Ішкі энергия – жылулық қозғалыстың кинетикалық энергиясы мен 
дене бөлшектерінің өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық 
энергиясының қосындысына тең физикалық шама 
12. Ішкі энергияны өзгертудің екі тәсілі бар: жұмыс істеу және жылуберілу 
13. Денемен жұмыс істеген кезде оның ішкі энергиясы артады 
14. Егер бу жұмыс атқарса, ішкі энергия азаяды 
15. Денелер жанасқанда энергия қатты қыздырылған денеден азырақ 
қыздырылған денеге беріледі 
16. Жылуберілу – энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ 
қыздырылған денеге берілу құбылысы 
17. Жылуберілудің 3 түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару 


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
18. Жылуөткізгіштік – жылулық қозғалыстың және дене бөлшектерінің 
өзара әрекеттесуі нәтижесінде энергияның дененің қатты қыздырылған 
бөлігінен азырақ қыздырылған бөлігіне берілу құбылысы 
19. Жылуды нашар өткізетін заттарды жылуоқшаулағыштар деп атайды 
20. Конвекция – энергия сұйық немесе газ ағыны арқылы берілетін 
жылуберілудің бір түрі 
21. Сәуле шығару – сәуле энергиясын бөліп шығару, тасымалдау және 
оның жұтылуы кезінде жүретін денелер арасындағы жылуберілу 
22. Жұтылу – сәуле шығару энергиясының дененің ішкі энергиясына 
айналу процесі
23. Қара түсті денелердің жұту қабілеті ақ түсті және жылтыр айналық 
беттерге қарағанда жоғары екенін көрсетті 
24. Жоғары жұту қабілетіне ие денелер жоғары сәуле шығару қабілетіне де 
ие болады, олар тез суиды 
25. Анабиоз – ағзадағы тіршілік процесінің уақытша бәсеңдеуі немесе 
тоқтатылуы 
26. Жылу мөлшері – дененің жылуберілу кезінде алған немесе жоғалтқан 
энергиясы
27. Массасы тұрақты дененің температурасы өзгерген сайын, дененің алған 
немесе берген жылу мөлшері де өзгереді 
28. Жылу 
мөлшері мен температура өзгерісінің арасында тура 
пропорционал тәуелділік бар екені тәжірибе жүзінде дәлелденген
29. Дененің массасы артқан сайын, оның температурасын белгілі бір мәнге 
арттыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері де көбейе береді. Жылу 
мөлшері мен массаның арасында тура пропорционал тәуелділік бар 
30. Заттың меншікті жылусыйымдылығы – массасы 1 кг заттың 
температурасын 1
0
С -ге өзгерту үшін қанша жылу мөлшері керек екенін 
көрсететін физикалық шама 
31. Заттың 
меншікті жылусыйымдылығы жоғары болған сайын, 
температурасы өзгергенде оған берілетін немесе одан бөлінетін жылу 
мөлшері арта түседі 
32. Құрамында көміртек бар отындарды органикалық отындар деп 
атайды 
33. 1 кг отын толығымен жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет