8-сынып Теориялар жинағы Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы жылулық қозғалыс



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата12.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#100746
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-сынып теориялар жинағы(232) ) JUZ40 ONLINE

температурасы деп атайды 
47.  Меншікті балқу жылуы – балқу температурасында тұрған массасы 1 
кг кристалл дене толығымен сұйық күйге айналуы үшін қажет жылу 
мөлшерін көрсететін физикалық шама 
48. Булану – сұйықтың буға айналу құбылысы
49. Буланудың екі тәсілі бар: кебу және қайнау
50. Кебу – сұйықтың беткі қабаттарының булануы
51. Кебу кез келген температурада жүре береді 
52. Заттың қатты күйден бірден газ тәріздес күйге өтуін сублимация деп 
атайды 
53. Конденсация – будың сұйыққа айналу құбылысы 
54. Заттың газ тәрізді күйден бірден (сұйыққа айналмастан) қатты күйге 
айналуы десублимация деп аталады
55. Қаныққан бу – өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын 
бу 
56. Қаныққан бу берілген температурада молекулалардың көп мөлшерін 
ұстап тұра алмайды, яғни үлкен тығыздықта бола алмайды 


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
57. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды 
58. Қайнау – қайнау температурасында сұйықтың тұтас көлеміндегі 
булану процесі 
59. Меншікті булану жылуы – қайнау температурасындағы 1 кг сұйықты 
буға айналдыру үшін қажет жылу мөлшеріне тең физикалық шама 
60. Қысымның төмендеуі қайнау температурасының төмендеуіне алып 
келеді 
61. Қысымды 
көбейту 
арқылы, 
керісінше, 
сұйықтың 
қайнау 
температурасын арттыруға болады 
62. Бір күйден екінші бір күйге ауысқан дененің ішкі энергиясының өзгерісі 
денеге берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштердің істеген 
жұмысының қосындыларына тең 
63. Жылу 
құбылыстары 
үшін 
энергияның 
сақталу 
заңы 
термодинамиканың бірінші заңы деп аталады 
64. Газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісіне және 
оның механикалық жұмыс атқаруына жұмсалады
65.  Мәңгі қозғалтқыш – отын немесе басқа энергия қорын жұмсамай-ақ 
механикалық жұмыс жасай алатын қозғалтқыш 
66. Жеке бөлініп алынған энергия көзінің салқындауының арқасында 
үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес 
67. Температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылу 
берілуі мүмкін емес
68. «Жұлулық өлім» - термодинамиканың термині, ол кез келген 
тұйықталған термодинамикалық жүйенің энергиясының барлық түрі 
жылу энергиясына ауысатын соңғы күйін білдіреді 
69. Жылулық қозғалтқыш – газдың немесе будың ішкі энергиясын 
механикалық энергияға айналдыруға арналған құрылғы 
70. Жылу мәшинесінің пайдалы әрекет коэффициенті – қыздырғыштан 
алынған энергияның қанша бөлігі механикалық энергияға айналатынын 
көрсететін физикалық шама 
71. Идеал жылулық мәшине – жүргізілген жұмыс пен берілген және 
шығарылған жылу мөлшерінің айырымы тең болатын мәшине 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет