Король ІІ Ричард көтерілісшілерімен кездесуге мәжбүр болды. Король
шаруалармен келіссөз жасап жатқанда, Лондонның мэрі Уот Тайлерді
опасыздықпен өлтіреді. Король толып жатқан уәделер беріп, оларды
үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лон-
доннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары
жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды.
Г. Каль
Франция 1358 жылы
Көтерілістің себебі – Жүз жылдық соғыстан және «қара өлім»
індетінің туындаған елдегі күйзеліс, салықтың өсуі еді. жалдамалы әскерлердің тонаушы-
лық әрекеттері қарапайым халық-
тың ашу-ызасын келтірді
Гильом Кальды феодалдар ал-
дап, келісімге шақырып, өлтіреді.
Басқарусыз қалып, нашар қарулан-
ған шаруаларды феодалдар отрядта-
ры тас-талқан етіп жеңді. 1358 жы-
лы француз тағына мұрагер Карл
Парижды басып алып, көтеріліс-
шілерді жазалады.