8-тақырып: Ғылыми мақаланың құрылымы және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар Тапсырма: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз 1- мақала дегеніміз не?


- Қандай Қазақстандық ғылыми басылымдарды білесіз?



бет3/3
Дата02.10.2023
өлшемі53,55 Kb.
#112638
1   2   3

5- Қандай Қазақстандық ғылыми басылымдарды білесіз?


  • “Бастау” ғылыми басылым редакциясы

  • «Автоматика Информатика» журналы

  • «Университеттің еңбектері – Труды Университета» журналы

  • Ғылым және білім – «Қазақстан-2030» стратегиясының жетекші факторы» (№4 Сағынов оқулары) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері

  • Ғылым және білім – «Қазақстан-2030» стратегиясының жетекші факторы» (№5-6 Сағынов оқулары) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері

  • «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру- Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері (№7 Сағынов оқулары)

  • ««Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференциясының тезистері (16-17 сәуір 2016 ж.)

  • ««Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференциясының тезистері (14-15 сәуір 2016 ж.)

  • Тезисы докладов республиканской студенческой научной конференции «Вклад молодежной науки в реализацию Стратегии «Казахстан-2050″»

  • «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру- Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері (№8 Сағынов оқулары)

  • Сагиновские чтения №10

  • «Жастар ғылымының «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі» тақырыбындағы республикалық студенттік конференция баяндамаларының ТЕЗИСТЕРІ

6- Белгілі ғылыми басылымдағы мақаланы безендіру талаптарын жазыңыз.


Материалдарды рәсімдеу ережесі
Конференцияға қатысу үшін ұсынылған ғылыми материалдар, «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» 7.5-98 МЕМСТ, мақаланың жанындағы библиографиялық тізімдер, «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесі» 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес мақалаларды рәсімдеу бойынша негізгі баспалық стандарттарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
Редакциялық алқа авторлардан мақалаларды дайындаған кезде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.
Көлемі 3 беттен 5 бетке дейін, пішімі – А 4; тек doc және rtf пішімінде ғана, MS Word редакторын пайдалану.
Шрифтің мөлшері 12 pt Times new roman (сyr), жоларалық интервал – дара, барлық жағынан ашық шеттері 2 см, ені бойынша түзетілген, азат жолдың басындағы бос жер 0,8 см, кітаптық бағдар, автоматты тасымалдау, «әдеттегі» стиль.
3.Парақта мәтінді орналастыру:
1жол – жұмыстың атауы (БАС ӘРІПТЕР, ортасы бойынша түзету, жартылай қою шрифт);
2жол – бос;
3жол – автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты. Ортасы бойынша түзету;
4жол – мекеме, қала (егер де ол мекеменің атына кіретін болса, қала көрсетілмейді). Ортасы бойынша түзету;
Одан әрі бір интервалдан кейін, мақаланың мәтіні болады (ені бойынша түзету).
4.Мақала аңдатпадан (бос жерлерімен қоса 800-1000 белгі, 7-8 жолдан аспайтын) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі сөздерден тұруы керек. Аңдатпа оның тақырыбы және құрылымы туралы жинақталған ұғым беретін, ғылыми шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы болып табылады. Аңдатпа мәтіннен басқа, 3 т. сәйкес рәсімделген, тақырыпты, авторлардың тегін, атын, әкесінің атынан, мекемені, қаланы қамтуы керек. Негізгі сөздер мақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтуы керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Тізімді салдыр-салақ немесе дұрыс жасамау, бұл сұраныстар бойынша, сайтқа сіздің жұмысыңызға қызықпайтын, бөгде адамдардың кіруіне алып келеді. Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words), көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract қосу керек.
5. Жалпы қабылданған қысқартулармен ғана шектелген жөн және оған жеткілікті түрде негіз болмаса, жаңа қысқартулар енгізуге жоламау керек. Енгізілген қысқартулардың мағынасын ашып жазған жөн.
6. Кестелерде, суреттерде, формулаларда нышандарды, белгілерді белгілеген кезде әртүрлі оқылулар болмауы керек. Суреттер айқын, таза болуы керек. Мәтіндегі суреттерде және кестелерде сілтемелер болуы керек. Барлық суреттердің және кестелердің атаулары болу керек.
Өлшем бірліктерінің, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық өлшемдердің қабылданған қысқартуларын қоспағанда, сөздерді, есімдерді және атауларды қысқартуға жол берілмейді.
МЫСАЛЫ:

1 сурет – Тұлғаның зақымданудан кейінгі стрестік жабырқауының дамуы
Мәтінде формулалардың саны аз болуы тиіс. Формулалар сәйкес редакторда (математикалық және химиялық формулаларға арналған) терілуі керек. Кестелердің тақырыбы болуы керек, бос жолдардың қалуына жол берілмейді. Шартты қысқартуларды және нышандарды ескертуде түсіндіру керек.
Суретті материалдар мына пішімдерде ұсынылады: фотолар, суреттер үшін - tiff немесе jpeg (ақ-қара және түрлі түсті үшін 300 dpi); кескіндеме, диаграмма, сызбалар және т.с.с. үшін - exls, cdr. Суреттің артқы жағында немесе оның астында автордың тегі, мақаланың аты мен суреттің нөмірі көрсетіледі. Суреттер мәтін бойынша орналастырылуы тиіс және міндетті түрде жеке файлдар түрінде тіркелуі керек (ол кейін беттеу кезінде пайдаланылатын болады). Сурет астындағы жазулар, мақаланың соңында жеке тізіммен жазылады. Мақаланың соңындағы қолжазбаға барлық авторлар қолдарын қояды.
7. МЕМСТ сәйкес рәсімделген, пайдаланған әдебиеттің міндетті тізімі (10-нан 20-ға дейінгі дереккөздер). Әдебиеттер тізімі [12], тек шаршы жақшаларда ғана беріледі, авторлық мәтіннен дәйексөз келтіргенде немесе әңгімелегенде [12, 29 б] беріледі. Мақаладағы сілтемелердің нөмірленуі, мақала жанындағы әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің тәртіптік нөмірі бойынша жасалады. Мұрағаттық материалдар тізімге енгізілмейді, олардың сілтемелері мәтінге дөңгелек жақша ішіне орналастырылады. Мақалада электрондық қорлардан немесе шалғайдағы қол жетімділіктен (Ғаламтордан) алынған дереккөздерді пайдаланған кезде, әдебиеттер тізімінде дереккөздің библиографиялық жазбасы мен Ғаламтордағы толық желілік мекен-жайы жазылған, желілік қорға сілтеме келтіріледі. Қорға жүгінген уақытты көрсеткен дұрыс.
МӘСЕЛЕН (библиографиялық мәліметтер шартты):
Кітаптар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Тақырыбы. — Басылымның қайталамалығы туралы мәлімет. — Басылып шығарылған орны: Баспахана, Басылымның жылы. — беттер саны.
Мәселен:
1. Ильин В.А., Позняк Э.Г.. Сызықтық алгебра. — 3-басылым. — М.: Наука, 1984. — 294б.
Журналдардағы мақалалар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. (Сериясы). — Басылымның жылы. — Томы. — Нөмірі. — Беттері.
Мәселен:
2. Панчук Д.А., Садақбаева Ж.К., Пуклина Е.А. және т.б. Метал жабын-полимерлі төсем шегіндегі фазааралық қабаттың құрылымы туралы // Ресейлік нанотехнологиялар. — 2009. — Т.4. — №5-6. — 114–120 б.
Конференция материалдары, еңбектер жинақтары және т.с. үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. Басылымның түрі. — Басылымның орны, жылы. — Том. — Нөмірі. — Беттері.
Мысалы:
3. Приходько Н.Г., Лесбаев Б.Т., Ченчик Д.И., Нәжіпқызы М., Мәнсұров З.А. Төменгі қысым кезіндегі көміртекті наноқұрылымдардың синтезі // VI Халықаралық симпозиум: Көміртекті материалдардың физикасы мен химиясы / Наноинженерия. - Алматы, 2010. - 135-138 б.
Әдебиеттер тізімі орыс тілінде және жалпы қабылданған ағылшын транслитерациясында ұсынылуы тиіс. Мұны http://translit.ru/. сайтында көрсетілген, бағдарламаның көмегімен жасауға болады.
МЫСАЛЫ (библиографиялық мәліметтер шартты):
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ильин В.А., Позняк Э.Г. Сызықтық алгебра. - 3-басылым. - М.: Наука, 1984. - 294б.
2.Панчук Д.А., Садақбаева Ж.К., Пуклина Е.А. және т.б. Метал жабын-полимерлі төсем шегіндегі фазааралық қабаттың құрылымы туралы // Ресейлік нанотехнологиялар. — 2009. — Т.4. — №5-6. — 114–120 б.
3.Приходько Н.Г., Лесбаев Б.Т., Ченчик Д.И., Нәжіпқызы М., Мәнсұров З.А.Төменгі қысым кезіндегі көміртекті наноқұрылымдардың синтезі // VI Халықаралық симпозиум: Көміртекті материалдардың физикасы мен химиясы / Наноинженерия. - Алматы, 2010. - 135-138 б.
8.Авторлар туралы мәлімет
Қолжазбаға тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы; негізгі жұмыс орны; үй, қызмет немесе ұялы телефондары; электронды және пошталық мекен-жайы (редакциямен байланысу үшін) көрсетілген, әр автор туралы анықтама тіркеледі; жұмыс орындалған ұйымның, қаланың, елдің атын, авторлардың біреуінің e-mail көрсету керек. Авторлардың жұмыс орнына сілтеме жасау керек.
Көрсету керек: факультет (ҒЗИ, департамент), университет, қала, ел. Кафедралар, бөлімдер және басқа да бөлімшелерді көрсетпеу керек.
Автордың жариялау үшін бірнеше жұмыстарды беруге құқығы бар.
Басқа қаладағы авторларға жинақтың электрондық нұсқасы жіберілетін болады.
-Редакцияға басып шығарылған нұсқасына толығымен сәйкес келетін, мақаланың электрондық нұсқасын ұсыну керек. Файлдың аты бірінші автордың латынша жазылған фамилиясынан басталу керек (мәселен, Ivanov.doc(rtf)). Мақаланың беттері нөмірленуі керек. Редакцияға түскен барлық мақалалар рецензияланады. Қажет жағдайда, мақала түзетілу үшін авторға қайтарылуы мүмкін. Редакция мәтінге мақаланың мағынасын бұрмаламайтын өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Әдебиеттер тізімі орыс тілінде және жалпы қабылданған ағылшын транслитерацииясында берілуі керек. Мұны http://translit.ru/. сайтында көрсетілген бағдарламаның көмегімен жасауға болады.
Мақаланы рәсімдеудің сызба түріндегі мысалы
ӘОЖ
Ортасы бойынша келтіріледі:
Авторлардың тектері мен аты-жөндерінің бірінші әріптері (мәселен: Иванов И.В., Крылов С.П.)
Авторды ұсынған мекеменің толық атауы (қаланы көрсете отырып). Егерде авторлар әртүрлі мекемелерден болатын болса, онда авторлар мен мекеме арасындағы сәйкестік жол үстіндегі индекстермен белгіленеді, мәселен:
Иванов И.В.1, Крылов С.П.2
1әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ, Қазақстан;
2Жану мәселелері институты, Алматы қ, Қазақстан
Электрондық мекенжайы
Мақаланың аты (жартылай қою жазу)
Аңдатпа
Негізгі сөздер
Мақаланың мәтіні
Әдебиет
Мақаланың соңында, мақаланың атауының, авторлардың тегінің, атының, әкесінің атының екі қалған тілге аудармалары келтіріледі (шрифтің мөлшері, негізгіге қарағанда 2 кегльге кіші).
Жекелей беттерде жазулары бар, суреттемелер (суреттер, диаграммалар, кестелер және т.с.) келтіріледі.
Авторлар туралы мәлімет.
Мақаланың мәтіні бар, файлдің атауы, автордың тегіне, атына, әкесінің атына (аты-жөндерінің бірінші әріптеріне) өзгертілуі тиіс. Егерде авторда біреуден артық мақала болатын болса, онда оны файлдің атауларында нөмірлеу керек («Тегі, А.Ә-1 doc», «Тегі, А.Ә-2 doc» және т.с.). Үлгідегі стилді және пішімдеуді сақтаған жөн, мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Тегі, Аты, Әкесінің аты (толығымен) қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы
Ұйымы
Мекен-жайы
Елі
Жұмыс, ұялы телефондары
Факс
E-mail
Мақаланың аты
Қатысу түрі (стендтік хабарлама/ауызша баяндама/жарияланым)
Секцияның атауы
Қосымша ақпарат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет