84. Тұрақты тіркес мағынасының уәжін мысалмен түсіндіріңіз


Сөз мағынасының уәжділігі дегенді қалай түсінесіз. Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі25,31 Kb.
#143735
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
84, 85,86

85.Сөз мағынасының уәжділігі дегенді қалай түсінесіз. Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді).
Сөз мағынасын топтастыру мағынаны әр түрлі аспектіде караудан туындайды. Мәселен, сөздің негізгі және тұрақты мағынасы дегенде деректі атаулардың аталым дәрежесі, ал сөздің нақты және абстракті мағынасы дегенде адам ойының танымдық және абстрактілену дәрежесі ескеріледі. Профессор Б.Сагындықүлы сөз мағынасын сөздің жеке тұрғандағы және өзге сөздермен карым-катынасқа түскендегі қалып-күйіне байланысты сөздің сөздік мағынасы жэне сөздің тілдік мағынасы деп екі үлкен топқа бөліп алып, ары карай сөздік мағынаны өз ішінен: 1) лексикалық мағына; 2) лексика- грамматикалык мағына деп екіге бөледі. Тілдік жүйе негізінде калыптаскан мағына элементтерін тілдік мағына деп атай отыра ғалым оны іштей парадигмалық және синтагмалық мағыналар деп екіге бөліп карастырады, лексикалык магынаның кұрамдас бөліктері ретінде денотаттык мағына мен сигнификативтік (пайымдык) магынаны атап көрсетеді [10, 8-18].Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін. Кез келген сөзде белгілі бір мағына болғанымен, сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдірмейді. Мыс., «Мына сиыр сүтті-ақ екен» деген сөйлемдегі “ақ” шылауында күшейту мағынасы бар да, «Сен ауылға бардың ба?» сөйлеміндегі “ба” деген шылауда сұраулық мағына бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Сөз мағынасының әр түрлі эмоциялық реңкі болады. Ал, ұғымда мұндай эмоциялық реңк болмайды. Сөз мағынасының лексикалық және грамматикалық түрлері бар. Тілдегі сөздердің мағынасы сол тілдің семантикалық жүйесінің бөлшегі болып табылады да, оның сөздік құрамымен, сөздердің мәтінде қолданылу ерекшелігімен, тілдің грамматикасы табиғатымен байланыста айқындалады.
Сөздің тура мағынасының өзі уәжделінген және уәжделінбеген, туынды және туынды емес болып бөлінеді. Бастапқы мағынаның барлығының уәжділігі бірден байқала бермейді. Мәселен, етістіктен морфологиялық тәсіл арқылы жасалған оқытушы деген зат есімнің уәжділігін анықтау қиын емес. Бұл сөздің барлық қолданысы жұртты оқытатын адам дегенді білдіретіндіктен, оның мағынасын тікелей уәжделінген деуге болады. Ал, сөздің уәжделмеген тура мағынасы ұғым мен сөз формасының арасындағы шартты байланысқа негізделеді. Сөздердің мағынасын тануда уәжін анықтау маңызды. Себебі сол мағынаның негізін, мотивін білуміз сол сөзді қабылдауға және түсінуге көмектеседі. Сөздердің уәжі белгілі мағына беретін сөздің түп-төркіні. Осыған байланысты адам есімдері де белгілі мотив, негізге байланысты қойылады. Мысалы, Азат- үйдің тұңғыш ұлы әрі тәуелсіздік күнінде туғандықтан азат ел ұрпағы деген уәжбен қойылған есім. Сол секілді
Қорыта айтқанда, бардық сөзде мағына болады. Ал мағына белгілі бір уәжге негізделеді. Сөздердің мағынасын тану үшін оның уәжіне жүгінеміз. Сөздердің білдіретін мағынасы неліктен осылай аталғанын білуде уәж негіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет