84. Тұрақты тіркес мағынасының уәжін мысалмен түсіндіріңіз



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі25,31 Kb.
#143735
түріҚұрамы
  1   2   3

84.Тұрақты тіркес мағынасының уәжін мысалмен түсіндіріңіз
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б
Тұрақты тіркестердің мағынасының уәжін ашу. Мыс: 1) Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау. Берілген тіркесіндегі “ала жіпті” енді жүрген сәбидің аяғына байлауында үлкен мән жатыр. Ала жіп жас сәбидің тұсауын шырмап тұрған деген ұғыммен енді жаңа өмірге нық қадам бассын деген ниетпен байлайтын жіп. Сондай-ақ ала- ақ пен қарадан тұратын жақсы, жаман ұғымын ашатын мәнде қолданылады. Халық танымында ала жіпті аттамау деген тіркестің негізгі мағынасы өзге адамның ақысына кірмеу, біреудің өміріне қол салмау деген уәжден шыққан болуы керек.
2)Қас пен көздің арасында – тез . Тіркестің шығу уәжі адамның қас пен көз арасының жақын екенін білдіріп, тез арада болатын істі білдіріп тұр.
3) Шашасына шаң жұқпайды-жүйрік. Шаша жылқының сирағы мен бақайшығы түйіскен жердегі бір шоқ ұзын қылшық. Осы негізде жылқының аяғындағы ұзын қылға шаң жұқпастай жүйрік деген уәжден шыққан.
4) Ат құйрығын кесу, Ат сауырысын беру фразеологизмдері кұрамындағы сөздер өздерінің тура мағынасында емес, өзара жымдасып, біртұтасып келіп “теріс айшалып кету”, “қарым-қатынасты біржола үзу” дегенді білдіріп, фразеологиялык байлаулы мағынада жұмсалған.
P.s Тұрақты тіркестердің мағынасының шығу тегін (уәжін) мысалмен талдап беру керек




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет