85. Абылай ханның Жоңғар билеушісінің тұтқынында болған кезін суреттейтін Үмбетей толғауындағы тарихи шындықтың көрінісін Ш. Уәлиханов, А. Левшин еңбектерімен, кейінгі Көкбай Жанатайұлы туындысымен байланыстыра отырып талдаңыз


Ақтамбердінің өр тұлғалы батыр, мейірімді жан кейпіндегі бейнесін көрсететін шығармаларын автордың өмірбаянымен байланыстыра отырып талдаңыздар



бет3/3
Дата18.05.2023
өлшемі19,97 Kb.
#94636
1   2   3
Байланысты:
ХАНДЫҚ 85-86-87

87.Ақтамбердінің өр тұлғалы батыр, мейірімді жан кейпіндегі бейнесін көрсететін шығармаларын автордың өмірбаянымен байланыстыра отырып талдаңыздар.
Ақтамберді— жырау, ақын, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан.
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақтың болмысы, тіршілік-тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Алдаспан жырларынан өрлік пен өміршеңдік, ел тәуелсіздігін ту еткен ерекше отаншылдық рухы басым.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол «алғидың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өміріндегі алар орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына ризашылдығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет