8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет123/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
сабақ түрі мен әдісі
Тұлғатану. Дөңгелек үстел (мұғалім модератор, оқушылар қатысушылар).  
Дискурс, ақпараттылық, ғылымилылық.
сабаққа қатысты ескертпелер 
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер: 
1. Абай өмір сүрген қоғам. 
2. Абай жазған шығармалар. 
3. Абайдың ағартушылық тұрғыдағы ойлары. 
Сабақ барысында алдындағы тақырыптарға қолданылған әдіс бойынша 
мұғалім оқушылар назарына мектеп кітапханасынан және өзінің жеке 
кітап қорынан Абай Құнанбаевтың шығармаларын алып келіп, сыныпта 
шағын кітап көрмесін жасайды. Осы кітап көрмесіне кітаптармен бірге 
Абай Құнанбаевтың сөздерінен цитаталар жазып, оны А3, А4 көлемдегі 
қағаздарға қалың бояумен шығарып қою кітап көрмесінің мазмұнын аша 
түседі. Қалалық өңірде ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамынан сабаққа 
“Абайтану” бойынша пікір айтуға қонақ шақырса да болады. Оқушыларға 
Абай туралы түсірілген көркем фильмдер мен деректі фильмдерді көруді 
ұсыну керек. Факультатив сабаққа таңдаулы оқушыларға “Абайтанудан” 
баяндама, ғылыми жоба қорғауға тақырып беру керек. Абай туралы деректі 
фильмді көруді факультатив немесе үйірме жоспарына енгізу керек. Семей, 
Жидебай өңіріндегі мектеп оқушыларына осы сабақты мұражайда немесе 
мұражай қызметкерлерінің “көшпелі дәрісі” бағдарламасы бойынша мектеп 
қабырғасында өтуге болады. Нәтижесінде осы тақырыпты жүргізу әдістемесін 


121
“әдістемелік журналдарда” (”Қазақ тарихы”, “Мектептегі ғылыми жұмыс” т.б.) 
жариялап тәжірибемен бөлісу қажет. Сабақты Абай шығармаларының әлем 
тілдеріне аударылып тарауы, Абайдың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО 
көлемінде тойланғанын айтып қорытындыласа болады. 
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Абайдың рухани достары кім болған?
2. Абайдың “Қара сөздерінің” негізгі идеясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет