8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
сабақтың деректік материалдары
Мұғалім көтерілістің біртіндеп өршіп, кіші жүз аймағында өрістегенін, 
жазалау үшін шыққан патшаның Гекке отрядыалғашқы кезде сәтсіздікке 
ұшырағанын, бірақ Исатайдың Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске 
қосылмай, Ішкі Ордада дербес әрекет жасауға ұмтылғанын, мұның өзі 
көтерілістің сәтсіздікке ұшырауына тікелей себеп болғанын, ұрыс даласында 
Исатай мен Махамбеттің ерліктері жауынгерлерді рухтандыра тұрса да, ұрыс 
даласында, Ақбұлақта, Исатайдың қайтыс болуы көтерілістің қарқынын 
төмендетіп, оның әлсірей түсуіне алып келгенін, ал мұның өзі көтерілістің 
жеңіліп қалуына әкеліп соққанын түсінікті тілмен баяндайды. Оқушылар үш 
топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ кіші жүзде көтеріліс өрістеген 
аудандарды картаға түсіреді. Екінші топ көтерілісшілердің жазалаушы пат-
ша әркері мен Ақбұлақтағы ақырғы шайқасын, ондағы Исатайдың ерлігін 
сипаттап, эссе жазады. Үшінші топ көтерілістің салдарларын және маңызын, 
Махамбет Өтемісұлының шығармаларына сүйене отырып, сипаттайды.


45
сабақ түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, 
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабылетін 
дамыту.
сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы Сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей 
мәселелерге аударады:
1. Көтерілістің Кіші жүз аймағына таралуы.
2. Ақбұлақтағы соңғы шайқас.
3. Көтерілістің жеңілу себептері
4. Көтерілістің салдарлары.
5. Көтерілістің маңызы
Бағалау мүмкіндігі
Мұғалім өзі жасаған жопарлау негізінде төмендегідей мәселелер төңірегінде 
қорытындылар жасайды:
1. Көтерілістің кіші жүзде өрістеуі және баяулау себептері.
2. Көтерілістің басшылары Исатай мен Махамбеттің ерліктері.
3. Көтерілістің жеңілуінің ауыр салдарлары.
4. Көтерілістің қазақ ұлт-азаттық қозғалысы үшін тарихи маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет