8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Тірек сөздер: Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы, Уақытша ереже, 
Приставтық, Вице-губернатор, Қыстау, Жайлау.
ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:м ақалалар жинағы. – Т.І-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге 
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
Көрнекілік
1867–1868 жылдардағы Уақытша ереженің саяси құрылымын көрсететін 
схеманы пайдалану.
Мақсатты айқындау
Патша үкіметінің Қазақстанда жаңа реформаларды жүзеге асыру-
ды жоспарлаудағы мақсатын, реформаның отаршылдық мазмұнын және 
реформаның мәнін түсіндіру. 
Дамытушылық маңызы.
1867–1868 жылдардағы реформалардың отар-
шылдықтың негізгі құжаттары ретіндегі орны мен рөлін айқындай отырып, 
осы құжаттардың күні бүгінге дейін қазақтардың сана-сезімін бодандыққа 
бейімдеуде ауыр салдарлар қалдырғанын көрсету.


60
Тәрбиелік маңызы.
Қазақстанға көрші екі елдің қарым-қатынасындағы 
жағдайларды анықтайтын құжаттарды дайындау және ресми түрде қабылдау 
мәселелеріне Қазақстан азаматтарының аса сақтықпен қарауға қажеттігін, 
мұндайда әрқашанда Қазақстанның тәуелсіздігі алғашқы орында тұруы 
қажеттігін түсіндіріп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
сабақтың деректік материалдары
Мұғалім оқушыларға өзі сабақ дайындап әкелеген жоспары негізінде 
бұл реформаның дайындалу себептерін, оған жергілікті қазақтардың және 
империялық шенеуніктердің екі түрлі көзқарасын, реформаның мәнін және 
мазмұнын ашатын тартымды әңгімелер айтады. Оқушылар екі топқа бөлініп 
жұмыс жасайды. Бірінші топ реформаның дайындалу кезеңдерін сипаттап, те-
зистер жасайды. Екінші топ реформаның мазмұны мен мәнін көрсететін сызба 
дайындайды. Сонымен қатар оқушылар оқулықтың 144-бетінде көрсетілген 
№1 тапсырманы орындайды.
1. 1822 және 1867—68 жылдардағы реформалар ерекшеліктерін көрсететін 
кестені толтырыңдар:
1822 ж. реформа ерекшеліктері
1867—68 жж. реформалар 
ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет