- Академиялық адалдыққағидатын қолдау; - Адал еңбекті құрметтеу; - Сөзіне берік, ісіне адал болу; - Халқына адал қызмет ету - Әдеп нормаларын ұстану; - Шешім қабылдай білу жәнежауапкершілікті сезіну; - Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту; - Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның. Отанның бірмүшесі екенін сезіну. Күтілетін нәтижесі:
Ар-ұят, адалдықты жоғарыбағалайды;
Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
Ата-анасына сүйіспеншілікпенқарайды;
Достарын, сыныптастарынсыйлайды;
Кішіге ізет, үлкенге құрметкөрсетеді.
Талап құндылығы: - Сыни және креативті ойлау; - Жеке және командаменжұмыс істей білу; - Білуге, жаңаны тануғақұштар болу; - Физикалық белсенді болу; - Салауатты өмір салтынұстану; - Технологиялық және цифрлық дағдылардыілгерілету; - Дұрыс қарым-қатынасорната білу; - Уақыт пен қаржынытиімді жоспарлау. Күтілетін нәтижесі:
Жан мен тән тазалығынсақтайды;
Дұрыс тамақтану мәдениетінтүсінеді;
Қоршаған орта тазалығынсақтайды.
Ақпараттық, медиа жәнеқаржылық сауаттылық;
Ізденімпаз, жасампаз тұлға.
Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:
Жасөспірімнің тәрбиесі (11-15 жас) Ұсынылады:
тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың
психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;
жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің
бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға,
ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;
ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып
жеткен мұралармен таныстыру;
тарихи, деректі фильмдерді талдау;
білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету;
табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу;
жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту;
«Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |