Сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:
салауатты өмір салтына ынталандыру;
сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған
консультациялар);
білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.
Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі.
Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #Біртұтас_тәрбие хештегін белгілеу.
Ескерту: Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда ұсынылған мақсат, міндеттер мен мазмұнын сақтай отырып, өңірдегі жергілікті ерекшеліктерді ескеру маңызды.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ АЙЫ
1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары
5 қыркүйек- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар
Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |