ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітілді»
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
проректор
___________ Д.Ерболатұлы
« » 2019ж.
8D05401 -Математика
мамандығы бойынша докторанттарды
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өскемен, 2019
8D05401 -Математика мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
8D05401 - «Математика» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының сұрақтары негізгі математикалық пәндер – көпбейнелердегі математикалық талдау және стохастикалық талдау, математика және информатиканың тарихы мен әдіснамасы, оңтайландырудың сандық әдістері курстары бойынша құрастырылған.
Оқуға тапсырушы:
1) аталған курстың негізін білуі;
2) курс бойынша білімін теориялық және тәжірибелік мақсаттарда қолдана білу дағдысы болуы;
3) негізгі ұғымдар мен анықтамаларды білуі;
4) негізгі теоремалар мен олардың берілуі және дәлелдемелерін білу және оларды нақты есептерге қолдана алуы;
5) курстың типтік есептерін шешу дағдысы болуы тиіс.
Билет үш тапсырмадан құрылған:
1) Көпбейнелердегі математикалық талдау және стохастикалық талдау пәнінен теориялық сұрақ.
2) Математика және информатиканың тарихы мен әдіснамасы пәнінен теориялық сұрақ.
3) Оңтайландырудың сандық әдістері пәнінен теориялық сұрақ.
Достарыңызбен бөлісу: |