8.Құндылықтар философиясы Аксиология және адамгершілік. Аксиология


Этикалық ілімдердің тарихи типтері



бет2/4
Дата05.05.2023
өлшемі21,03 Kb.
#90129
1   2   3   4
Байланысты:
8.??íäûëû?òàð ôèëîñîôèÿñû Àêñèîëîãèÿ æ?íå àäàìãåðø³ë³ê. Àêñèîëîã

2.Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
Әлем мәдениетінің бірінші ұстазы Аристотель игілік, теңдік, еркіндік, адамгершілік, ар-ождан туралы да ой пікірлерін білдіреді. Ол құндылықты қасиет деп көрсетеді. Ол өзінің "Эстетика" трактатында эстетикалық теориясының негізін қалауға тырысып, этика терминін ғылымға енгізеді. Ол этика ғылымның мақсаты адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру әрі саяси сана сезімін қалыптастыру деп көрсетеді.
Феодализм кезеңінде этиканың орнына жалпы маңызы бар тәлім-тәртіп нормалары мен ережелер жүйесі өмірге келді. Осы кезде библияның өсиеттері неғұрлым кең тарап, ол рулық-қауымдық меншікке негізделген құндылықтар жүйесіне айналды. Орта ғасыр дәуірінде құндылықтар туралы өз пікірін ағылшын философы Ф. Бэкон еңбегінде қарастырады.
Этикалық категориялар моральдың маңызды аспектілері мен элементтерінкөрсететін этика ғылыми аппаратының негізгі ұғымдары. 
Этика категорияларының ерекшелігі-олардың көпшілігі қарапайым тілдің 
сөздері, мысалы, «жақсы», «бақыт», «бостандық» және т.б., өйткені этика
пәні адамдардың өмірімен тікелей байланысты. 
Этика туралы негізгі түсінік - жақсылық категориясы. Оның көмегімен 
берілген құбылыстың жағымды моральдық сипаты көрсетіледі. Қарама-
қарсы жағымсыз моральдық бағалауды білдіретін зұлымдық түсінігі. Әрине, 
жағымды немесе жағымсыз сипаттамалар белгілі бір моральдық идеялардың 
негізінде беріледі. 
3.Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы.
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет