1.Жаңқожа әскері Хиуаның Жаңақала бекінісін басып алды. 2.Патша үкіметі Жанқожаны өз жағына тартуға күш салып, оған 200 сом жылдық жалақы белгіледі. Батырға жасауыл атағы берілді. Жанқожа барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан бас тартты.
1856 ж.
Жанқожа әскерінің саны 1500-2000-ға жетті.
1856 ж, желтоқсан
1.Сыр бойы қазақтарының қарулы көтерілісі басталды. Түрткісі: ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты тірідей жағып жіберуі. Көтерісшілер саны 3 мыңға жетті. 2.Жанқожа Қазалы портын қоршады.
1857 ж, 9 қаңтар.
Жанқожа әскері мен Фитингоф басқарған орыс жазалаушылары арасындағы шешуші Арықбалық шайқасы.
1857 ж.
Жанқожа әскерінің саны 5000-ға жетті.
Б. Есет батырдың Ресейге қарсы көтерілісі -1855-58 жж.
Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған батырлардың бірі.
Ауданы: Арал теңізінің солтүстігі.
Жыл.
Көтеріліс барысы.
1847 ж.
Жем өзенінің бойында Есет патша үкіметінің жазалаушы әскеріне шабуыл жасады.
1855 ж.
Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөринді өлтірді.
1858 ж.
Көтеріліс тоқтатылып, Есет батыр патша билігін мойындады.
VIII. Хиуа, Қоқан, Бұқарға қарсы қазақ халқының көтерілістері. 1812, 16, 20 жж Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қазақ жеріне жойқын шабуылдар жасады.
Жыл.
Көтеріліс.
1821 ж.
Қоқан хандығына қарсы Тентектөре көтерілісі.Саны-10 мың. Ауданы-Шымкент, Әулиетата, Түркістан.
1825-36 жж.
Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс.
1858 ж.
Қоқанға қарсы Әулиеата маңындағы көтеріліс. Себебі: Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге қосымша салықтың енгізуі. Қатысқан-қазақ, қырғыз шаруалары. Пішпек түбіндегі ұрыста қоқандықтар жеңілді. Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алды. Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.
IX. XIX ғ 60-70 жж қазақ халқының азаттық күресі. А. 1868-69 жж Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.
Өлшеуіштер.
Сипаттама.
1.Мерзімі.
1868 ж, желтоқсан – 1869 ж, қазан.
2.Себептері.
1.Жер патша үкіметінің мемлекеттік меншігіболып жарияланды (1867-68 жж реформа бойынша). 2.Шаңырақ салығы енгізілді. Мөлшері-1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиын болды.
3.Сипаты.
Антифеодалдық, отаршылдыққа қарсы.
4.Қозғаушы күштері.
Қарапайым халық.
5.Басқарғандар.
Рубасылар (ерекшелігі).
6.Жеке басшылары.
Сұлтан Арсланұлы, билер Асауұлы, Мұнайтпасұлы, молдалар Досұлы, Рысқұлұлы.
7.Барысы.
1.1868 ж, маусым: Орал облысындағы көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. 2.1869 ж, мамыр: Жамансай шайқасы. Орыстар саны - 200 адам, оларды басқарды - фон Штемпель. Қазақтар саны - 20 мың. 3.1869 ж, наурыз-маусым:көтерілісшілер феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Оларға 3000 мың адам қатысты. Көтерілісті басу үшін Петербург, Мәскеу, Харьков, Қазаннан 5000 жазалаушы жіберілді.
8.Салдары.
Торғай облысынан 1880 ж 500, 1890 ж 3000 адам жер аударылды.
Жазалаушыларды басқарғандар: Рукин, граф Комаровский, губернатор Веревкин.
Б. 1870 ж Маңғыстау көтерілісі. Адай руы қатысты.
Өлшеуіштер.
Сипаттама.
1.Себептері.
1867-68 жж «Уақытша Ереженің» қатал отаршыл талаптары: 40 мың адай шаңырағы 2 жылда 160 мың сом төлеуге тиісті болды.
2.Түрткісі.
Патша жазалаушыларының адай аймақтарына жақындауы.
3.Сипаты.
Отаршылдыққа қарсы. Антифеодалдық сипаты әлсіз болды.
4.Қозғаушы күштері.
Қарапайым халық.
5.Басшылары.
Тіленбайұлы, Тәжіұлы.
6.Ерекшелегі.
Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы. Көтерісшілер өзінше «флотилия» құрды.
7.Көтерілісшілер саны.
10 мың.
8.Барысы.
1.1870 ж, наурыз: Бозащы шайқасы. Жазалаушылар талқандалды. Оларды басқарған Маңғыстау приставы Рукин атылып өлді. Бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны шарпыды. 2.Әскери министр Милютин «бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқау берді. Орынбор губернаторы Крыжановский осы нұсқауға сай котерісшілерді қудалады. 3.1870 ж, сәуір: қазақтар Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар Нижнее бекінісін қиратты. 4.1870 ж, мамыр: Кавказдан патша әскері әкелінді. Ол үш ай бойы Маңғыстаудан кетпеді.
8.Көтерілісті басу ісі жүктелген әкімшілік.
Кавказ билеушісі.
9.Салдары.
3 мың көтерілісшілер шаңырағы (Ханғали Арыстанұлы бастаған 57 мың қазақ) Хиуаға өтіп кетті. Адайлар 57900 сом ақша төледі, 90 мың қой өткізуге міндеттелді. 1873 жылы адайлардың кезекті жаңа көтерілісі бұрк ете түсті.
X. 1905-06 жж шаруалар қозғалысы. 1905 ж жазында Семей, Торғай, Орал, Сырдария облыстарында шаруалар жергілікті әкімшілікке қарсы көтерілді. 1906 ж Семей облысының Қарқаралы уезінде, Жетісу облысының Жаркент уезінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсетті.
5. ХІХ ғ әкімшілік реформалар.
І. 1822-24 жж реформалар. 1781 ж Орта жүз ханы болып Абылайдың үлкен ұлы Уәли сайланды. 1815 ж патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды-Бөкейді тағайындады. 1817 ж Бөкей, 1819 ж Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін талап етті. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылып алынды. Ғұмырының соңына дейін оған жалақы төленетін болды. Жарғылар.
Жарғының атауы.
Қабылданған жыл.
Автор.
Мақсаты.
Бекіткен патша.
1.«Сібір қазақтарының Жарғысы».
1822 ж.
Батыс Сібір генерал-губернаторы Сперанский және болашақ желтоқсаншы Батеньков.
Қазақстанның солтүстік-шығысында басқаруды өзгерту. Орта жүзде хан билігін жою. Рулық-феодалдықтәртіпті әлсірету.
I Александр.
2.«Орынбор қазақтарының Жарғысы».
1824 ж.
Орынбор губернаторы Эссен.
I Александр.
3.«Орынбор қазақтары туралы Ереже».
1844 ж.
1822-24 жж реформаның мәнісі. Басқару жүйе 3 буынды болды: Орта жүзде - округ, болыс, ауыл, Кіші жүзде – округ, дистанция, старшындықтар мен ауылдар.
Әкімшілік бірлік.
Басқарды.
Сайлану мерзімі.
Сайлаушылар.
Теңестірілді.
1.Округ (15-20 болыс). Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтік приказ құрылды.
1.Округ.
Аға сұлтан. 1854 ж бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар сайлана алатын болды.
Ресейлік майор шені берілді: 10 жылдан кейін дворян аталды
2.Болыс (10-12 ауыл).
2.Дистанция (1831 ж құрылды).
Болыс сұлтаны.
Дистанция бастығы (Орынбор губернаторы тағайындады).
Өмірлік.
Сұлтандар.
Ресейдегі 12 класстық шенеунікпен теңестірілді.
3.Ауыл (50-70 шаңырақ).
3.Старшындық пен ауыл.
Старшын.
Старшын (Орынбор губернаторы тағайындады).
3 жыл.
Көшпелілер өздері сайлады.
Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.
1822-24 жж реформа бойынша құрылған округтер.
Округ атауы.
Құрылған жылы.
Халық саны.
Басқарды.
Кірген генерал-губернаторлық.
1.Қарқаралы, Көкшетау.
1824 ж.
60 мың қазақ.
Округтік приказ (аға сұлтанның басқаруымен). Ол қылмыстық істерді қарады (Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінген болатын: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту). Округтік приказ салық жинаумен де айналысты. 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ салығын төлеу міндеттелді.