Исатай Жайықтан шығысқа қарай, Кіші жүзге өтіп кетіп, шекті руының жерінде уақытша қоныстанды.
1838 ж, көктем.
1.Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. 2.Екінші жағынан, Кіші жүздің батысында сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің етек алуы Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды.
1838 ж, шілде.
Ақбұлақ деген жерде Исатайдың соңғы шайқасы. Орыс әскерін Геке басқарды. 80 көтерілісші өлді, оның ішінде Исатай. Көтеріліс бойынша жазалау ісін басқару Гекеге тапсырылды.
1842 ж.
Исатай көтерілісінің жалғасыболып табылатын Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы басқарған көтеріліс.
Көтерілістің нәтижелері, маңызы: Патша үкіметіне старшиндармен санасуына тура келді. Салықтың көтерілуіне белгілі дәрежеде шек қойылды.
VI. Кенесары Қасымұлы (1802-47 жж) қозғалысы (1837-47 жж). Кенесарының көзқарасы қалыптасуына әкесі Қасым төренің қимылдары әсер етті. 1836 ж Қоқан ханы бұйрығымен Кенесарының ағасы Саржан, 1840 ж әкесі Қасым төре өлтірілді. Қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Әскер саны 20 мың адамға дейін жетті. 80 сұлтан, би, старшын қатысты: Ақмола округінің сұлтандары-Күшік Жадай, Жанай Айшуақұлдары, Көкшетау округінен-Айғаным ханым, батырлар-Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт, Ұлы жүзден Тайшыбек, Саурық, Сұраншы. Қозғалыстың басты қозғаушы күші: қазақ шаруалары, қазақтармен қатар орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, түрікмен халықтарының өкілдері қатысты. Қозғалыстың басты мақсаты: патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, округтерді тарату, салықтарды жою.