8–сынып. Қазақ-жоңғар соғыстары


Жыл. Саудадағы белді оқиға



бет16/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#13150
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
8сынып

Жыл.

Саудадағы белді оқиға.

1805-1806 жж.

Головкин елшілігі Қытайға жіберілмей, Ургадан (Улан-Батор) қайтып оралуға мәжбүр болды.

1822 ж.

Грузин көпесі Мадатов «Үлкен Тибетке» жетті. Кашмирде болып, 250 шәліні тұнғыш рет Қазақстанға жеткізді.

XIX ғ 30 жж.

Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілді.

Ресей мен Қытайдың мемлекетаралық келісімдерінің жоқтығы сауда байланыстарына кедергі жасады.

ІІ. Ресей - Қытай сауда келісімдері.

Жыл.

Келісім.

Мәні.

Нәтижесі. Маңызы.

1851 ж, шілде.

Құлжа келісімі.

Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталықтары, орыс көпестерінің арнайы сауда орындары ашылды. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейтілді.




1860 ж.

Пекин шарты.







1864 ж.

Шәуешек хаттамасы.






1881 ж, ақпан.

Петербург келісімі.


Петербург келісімінде Іле су жолы мәселесі анықталды. Есесіне Іле өлкесі Қытайға қайтарылды. Патша үкіметі Батыс Қытай мен Монғолияда баж салығынсыз сауда жасау құқығына ие болды. Орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат берілді.

Шыңжанмен саудаға Зайсан, Бақты, Қорғас тұрғындарының тартылуына, Жетісудың Шығыс Қазақстанмен қатар ірі сауда-экономикалық ауданға айналуына себепші болды. Мысалы, XIX ғ 80 жж Жетісу арқылы өтетін орыс-қытай саудасының көлемі 5 млн сомға жетті.

III. ХІХ ғ ІІ жартысындағы сауда. Қытаймен экономикалық байланыста Петропавл және Семей қалалары басты орын алды. Бүкіл Шығыс Түркістан сауда әлеміне белгілі болған қазақ көпестері: Шаянбайұлы, Жандыбайұлы, Жақыпұлы, Жетікұлы.

Жыл.

Саудадағы белді оқиға.

Маңызы, салдары.

1851 ж дейін

Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстар негізінен Кяхта қаласы арқылы жүзеге асырылды.




1855 ж.

Шәуешекте орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды.

Қазақстанның Шыңжаңмен байланыстарын уақытша тоқтатты. Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен шектелді.

XIX ғ 50-60 жж.

Шыңжанмен саудаға Жетісудың қалалары Қапал, Верный тартыла бастады.




XIX ғ 80 жж.

Қазақстанға шығарылатын дәстүрлі кытай тауарларымен қатар аңның қымбат терілері, Қашқар түбіті, марал мүйізі, күміс, бұрын сатылмайтын «Аққұйрық» атты шай әкелінді.




1883 ж.

Ауқатты ұйғыр көпесі Юлдашев Англиядан кеме алдырып, Қытайға апаратын Іле су жолын ашты. Юлдашев жеткен Қытай бекінісі: Сүй.

Іле су жолының ашылуы ХІХ ғ ІІ жартысындағы орыс-қытай қатынастарының белді оқиғасы.

1890 ж, маусым.

Семей, Түркістан сауда округтерінің ашылуы.

Шыңжанмен сауданы ұйымдастыру үшін құрылды.

9. XIX ғ – XX ғ басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы.

Негізгі салалардың дамуы.

XIX ғ ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қатынастар ене бастады.

Сала.

Дамуы деңгейі.

Ауыл шаруашылығы.

Көшпелі мал шаруашылығы Орталық Қазақстан, Бетпақдала, Маңғыстау, Сырдария маңы, Семей, Ақмола облыстарында дамыды. Солтүстік Қазақстанда егіншілік басым болды. Жылқы саны азайып, сиыр саны көбейді. Сиыр малын Семей, Торғай, Ақмола, Орал облыстары көп өсірді. Бұл біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің белгісі болды. Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 ж болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 млн мал аштан қырылды. 19 ғ бірінші жартысында ең ірі байлардың бірі Азынбай болды. Оның 25 мың малы бар еді. 1917 ж қарай Қазақстанның 6 облысында 18 млн мал болды.

Темір жол.

1893-95 жж салынған Сібір темір жолының 178 км Қазақстан шекарасын басып өтті. 1893-97 жж салынған Рязань-Орал шойын жолының 194 км Қазақстанның батыс аудандарын басып өтті. XIX ғ соңғы 10 жылында 482 верста темір жол тартылды. XX ғ басында Орынбор-Ташкент шойын жолын салу патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы болды. Ұзындығы 1656 км болатын, құрылысында 30 мың адам жұмыс істеген темір жол 1906 ж пайдалануға берілді. Маңызы: Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстырды. XX ғ басында 1818 верста темір жол тартылды.

Банк ісі.

Филиалдары саны жағынан белгілі орын алған – «Орыстың сауда -өнеркәсіптік банкі» болды. Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омбыда (1895), Верныйда (1912) ашылды. Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда қызмет етті. 1871 ж Петропавлда Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық банк ашылды.

Сауда, жәрменкелер.

Қазақ даласында малмен сауда жасау арқылы әйгілі болған ірі көпестер: Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин. Қазақстандағы тұңғыш жәрменке – 1832 ж Бөкей (Ішкі) ордасында ашылды. Шығыс Қазақстанда XIX ғ 80 жж 70 жәрменке болды. Жәрменкенің басты дамыған өңірі Ақмола облысы болды: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновская –Еленецкая (Акмолада), Петровка (Атбасар), Қарқара (Жетісу уезі). Қытаймен сауда арқылы Орал облысында Ойыл және Темір жәрменкелері, Семей облысында Шар - Екатеринская жәрменкесі белгілі болды. Аса ірі жәрменке – Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды (Ботов) жәрменкесі болды. Ол 1848 ж ашылды. Жылдық айналымы 2-3 млн сомға жетті. Қоянды жәрменкесінде атақты Қарқаралы петициясы жазылды. Қоянды жәрменкесі 1924 ж дейін өткізіліп тұрды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет