XIX ғ 70-80 жж бастап кедейленген қазақтар тау кен-орындарына, түрлі кәсіпорындарға тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жатты. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: тау-кен өнеркәсібі. XIX ғ соңында бұл салада 19 мың жұмысшы болса, 1902 ж 30 мыңға жуық болды. XIX ғ соңында 300-400 жұмысшылары бар ірі өндіріс орындары пайда болды: Успен кеніші, Қарағанды көмір алыбы, Екібастұз, Риддер өндірістік орындары. Олар бүкіл ел көлемінде белгілі болды. Қарағанды көмірін 1833 ж Байжанов ашты. Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы кен орындарды тұңғыш рет Пішенбаев ашты. Ол 1867 ж Екібастұз көмірін, 1895 ж Майқайын кенішін ашты. Қазақ жерінің табиғи байлығы шетел капиталистерінің көңілін аударды. 1904 ж Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Оның акциялары АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция өнеркәсібі иелерінің қолына көшті. Бұл компания Успенск, Спасск-Воскресенский мыс кеніштерін, Спасск мыс қорыту зауытын, Саран және Қарағанды көмір кендерін сатып алды. 1904 ж Риддер мен Зырян түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 ж Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоныр темір кен орындарын иемденді. Мұнай өндіру ісі ағылшындардың қолында болды. Олар 1911 ж Доссорда мұнай өндіре бастады. 1917 ж Қазақстандағы жұмысшылар саны 90 мыңға жетті.