1775 ж дейін Жайық деп аталды. Қала халқының басым көпшілігін казактар құрады. Еркін казактардың астанасы. 20 ғ басында қала халқының саны: 50 мың.
1716 ж.
Жәміш, Омбы.
1717 ж.
Железинск.
1718 ж.
Семей.
1720 ж.
Павлодар.
Қаладағы аса бай көпестердің бірі: Деров. Қаланың белгілі тұрғыны-әйгілі әнші Шамсутдинова. 20 ғ басында қала халқының саны: 31 мың.
1720 ж.
Өскемен.
1735 ж.
Орск.
1743 ж.
Орынбор.
Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталығына айналды.
1752 ж.
Петропавл.
Бүкіл Солтүстік Қазақстанды фабрика-зауыт өнімдерімен қамтамасыз етті. 1900 ж 446 сауда орны болды, олардағы жылдық сауда айналымы - 4 млн сом.
1761 ж.
Бұқтырма.
1824 ж.
Көкшетау, Қарқаралы.
1832 ж.
Ақмола.
Ақмола округінің алғашқы аға сұлтаны: Құдаймендіұлы. 1852 ж екі жәрменке ашылды: Константинов және Дмитриев. Әсіресе Константинов жәрменкесі әйгілі болды. 19 ғ соңында оның жылдық сауда айналымы 4 млн сомға жетті. Жергілікті сауданы көпес Кубриндер қадағалап отырды. 1882 ж бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар әкелінді. 1914 ж қала халқының саны 16,5 мың адам болды. Потанин Ақмоланы қазақтардың астанасы болса деп армандады.
1836 ж.
Көкпекті.
1845 ж.
Ырғыз, Торғай.
Ырғыз алғашында Орал бекінісі, Торғай Орынбор бекінісі деп аталды.
1846 ж.
Атбасар.
1864 ж.
Зайсан.
Алғашқы аты Жеменей.
1869 ж.
Ақтөбе.
Шаруалардың қоныс аударуы барысында пайда болды.
1879 ж.
Қостанай.
Шаруалардың қоныс аударуы барысында пайда болды.
14. Қазақстан жеріндегі казак әскерлері.
Казак әскері
Құрылу тарихы мен басқарылуы.
Шаруашылығы.
Жайық (Орал) казак әскері.
1917 ж жалпы саны: 174 мың адам.
Ең алғашқы мекендері 16 ғ Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде пайда болды. Жайық казактары Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Казактардың қоғамдық өмірінің аса маңызды мәселелері әскери топта шешілді. Байырғы ескі діни сенімдер ұзақ сақталды.
Әрбір казакта 80 десятина жер болды. Қызыл балық пен қара уылдырық сатудан казактар жыл сайын 2 млн сом табыс тапты. Олар жылына 300 мың бас қой сатты.
Орынбор казак әскері.
1916 ж жалпы саны: 533 мың адам.
1748-55 жж құрылды. Жайық казактарынан айырмашылығы: патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев, Есет казактары болды. 1840 ж «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты. Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласы болды.
Орынбор казактары егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен айналысты. Қалаларда казактардың 2%-ы тұрды. Бүкіл Ресейге және одан тыс жерлерге Орынбор шәлісі танымал болды.
Сібір казак әскері.
1917 ж жалпы саны: 172 мың адам.
Сібір казактарының тарихын зерттеумен генерал Катанаев айналысты. Бұлардың негізін полиция қызметіндегілер құрады. Олар 16 ғ аяғынан бастап әскери бекіністерде күзет қызметін атқарды. 1808 ж Сібір казактары «Сібір шекара шебінің казак әскерлері» деген атқа ие болды. Әскердің штабы Омбы қаласында орналасты. 19 ғ соңында Сібір казак әскерлері екі облыста орналасты: Ақмола және Семей.
Әрбір казакта 30 десятина жер болды. Негізгі кәсіп-егіншілік. Казактар негізінен қара бидай егумен шұғылданды. Петропавл маңында бау-бақша өсірумен айналысатын тұтас казак поселкелері құрылды.
Жетісу казак әскері.
1917 ж жалпы саны: 45 мың адам.
1867 ж құрылды. 1869 ж бұл әскердің құрамына Қытайдан қашқан қалмақтар қосылды. Жетісу казактары Бұхара әмірлігін, Қоқан, Хиуа, Түрікменстанды бағындыруда, 1919 ж көтерілісті басуда ерекше белсенділік танытты. Жетісу казактарын басқарудың басты органы-сход болды.
Жетісу казактарының негізгі шаруашылығы егіншілік, ал қосымша шаруашылығы балық аулау және омарташылық кәсібі болды. Жетісу казактарының қолында 281 мың десятина жер шоғырланды. Ол әр адамға шаққанда 28 десятинадан келді.
Қазақ жерінде 4 казак әскері болды. 19-20 ғғ шебінде бүкіл казак әскерлері 5 млн десятина жерді алып жатты. Казактардың әр ер азаматына шаққандағы жер телімі орта есеппен 30 десятинадан келді. Аға офицерлер 200-ден 600 десятинаға дейін, штаб офицерлері-400-ден 1000 десятинаға дейін, генералдар-1500-ден 3000 десятинаға дейін жер иеленді. 1835 ж дейін казактар әскери қызметке өмір бойы жалданды. Кейінірек әскери қызмет мерзімі 30 жыл болып белгіленді. 19 ғ ортасында Ресей казактары 160 мың әскер жасақтай алды.
15. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы.
Дума.
Облыс, губерния.
Депутат.
1906 ж I-ші Дума.
73 күн жұмыс істеді.
Торғай.
Бірімжанов.
Уфа губерниясы.
Жантөрин.
Ақмола.
Қосшығұлов. Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады.
Семей.
Бөкейханов. Выборг үндеуіне қол қойды.
1907 ж II-ші Дума. 104 күн жұмыс істеді.
Ақмола.
Қосшығұлов.
Торғай.
Бірімжанов.
Семей.
Нұрекенов.
Жетісу.
Тынышбаев.
Орал.
Қаратаев. Ресейдің қоныс аудару саясаты туралы арнайы баяндама жасады.
1907 жылғы сайлау туралы заң бойынша қазақтар сайлау құқығынан айырылды.
І. XVIII ғ Қазақстан мәдениеті. Ресей зерттеушілері.
Есімі.
Еңбегі.
Қысқаша сипаттама.
1.Бекович-Черкасский.
Хиуаға экспедицияны басқарды. Экспедиция Батыс Қазақстан аумағын игеруде маңызды болды.
2.Бухгольц.
І Петрдің «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған. Жоғарғы Ертісті зерттеді. Құрамында тұтқынға түскен швед офицері әрі картографы Ренат болды.
3.Ренат.
«Жоңғария картасы».
Қазақ жүздерінің орналасуы туралы мағлұматтар жиналған. Веселовский ХІХ ғ 80 жж «Жоңғария картасын» алғаш рет жариялады.
4.Муравин, Гладышев, Гуляев.
Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған, Орск маңында (1738, 1740, 1742) қазақ хандары мен сұлтандарының съездеріне қатысып, сол кездегі саяси жағдайды суреттеген.
5.Миллер.
«Сібір тарихы». 1750
«Сібір тарихының атасы» атанды. Орта жүз туралы жазды. Оның ерекше көзге түсетін дерегі-жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы мәлімет.
6.П. И. Рычков.
«Орынбор өлкесінің топографиясы». «Орынбор тарихы». 1730-50 жж.
«Орынбор өлкесінің Колумбы». Қазақ тарихының даму кезеңдерін зерттеді. Кіші жүз қазақтарының Ресей құрамына өту барысын баяндайды. ҒА-ның корреспондент-мүшесі.
7.Н.П. Рычков.
1771 ж - «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар».
Орынборда әскери қызметте болған.Кіші жүз қазақтары туралы бақылаулар қалдырған. Әбілқайыр бейтін суреттеп жазған. Алғаш рет Еділ қалмақтарының Қытайға қашуы туралы айтады.
8.Гавердовский.
Орта жүз туралы жазған.
9.Паллас.
«Россия мемлекетінің әр-түрлі аймақтарына саяхат».
1768-74 жж экспедицияны басқарды. Ол экспедицияның жұмысына Фальк және Георги қатысты. Мәліметтері молдығымен, тарихи мазмұнымен қазіргі кезге дейін ерекше орын алады.
10.Георги.
1796 ж - «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың ... сипаттамасы».
11.Ломоносов.
Қазақстанға ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.