Алматы облысында 6 ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ауқатты ұйғырлардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен, кедейлер егіншілікпен айналысты. Ауқатты ұйғыр көпесі Юлдашев 10 мың десятина жер иеленді. Сонымен қатар ол астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. Әрбір ұйғыр мен дүнгенге орта есеппен 3 десятина жерберілді (жаңа оқулықта 5-7 десятина). Дүнгендер Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады. Дүнген көпестері Қытаймен сауданы монополияға айналдырып алды. 1905 ж Жаркенттің өзінде 167 дүнген көпесі болды.
Мәдениеті.
Ұйғырлар мен дүнгендердің музыка өнерін зерттегендер: Уәлиханов, Роборовский, Пржевальский. Дүнген ақыны Ву Сан күлкі ететін өлеңдер жазды. Дүнгендердің ертегілері мен аңыз әнгімелерін айтушыларды фофуди деп атады. Ұйғырлардың атақты әншілерін қошықшылар деп атады (Садыр Палуан, Назугум). Қошықшылар Цин билеушілеріне қарсы азаттық қозғалысты өздерінің жырларына арқау етті. 1905 ж Қазанда «Он екі мұқам» ұйғыр эпосы басылып шықты. Авторы – Мусса бен Айса Сайрами.