Өлке.
|
Көмегі.
|
Бөкей Ордасы
|
1804-1815 жж. Бөкей Ордасынан 48 мың жылқы сатып алынды.
|
Орынбор губерниясы.
|
40 кавалериялық полк құрылды.
|
Риддер, Зыряновск, Белоусовка кеніштері
|
Мыс, қорғасын балқытуды үдетті.
|
Елтон кәсіпорны.
|
Майданға 1 млн пұт тұз жөнелтті.
|
Тұз өндіруші қазақтар. Жаңа оқулықта-Риддер, Зырян кеніштерінің жұмысшылары.
|
22 мың сом ақша жинады.
|
II. Қазақтардың шайқастарға қатысуы.
Есімі.
|
Шайқас.
|
Марапаты.
|
Майлыбайұлы.
|
Бородино, қыркүйек, 1812 ж.
|
Күміс медаль.
|
Зындағұлұлы.
|
Бородино.
|
Көгілдір ленталы медаль.
|
Құлшоранұлы, Азаматұлы.
|
Малаево Болото, Левия.
|
Хорунжий атағы.
|
Хамитұлы.
|
Вязьма.
|
3-дәрежелі «Қасиетті Анна» ордені.
|
Жанжігітұлы, Байбатырұлы.
|
Лейпциг, Глогау, Веймар, Ганау, Франкфурт.
|
Байбатырұлы - жауынгер-ақын. Күміс медальмен марапатталды. 1853 ж Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына, Ақмешітті алуға, Сырдария қазақтарын Қоқан езгісінен босатуға қатысты. Жанжігітұлы – «Георгий» орденінің кавалері. 1837 ж Орынборда II Александрмен кездесті. Екеуі де орыс әскерінің шетел жорықтарына қатысты.
|
Беляков, шоқынған қазақ.
|
Лейпциг, Веймар, Ганау.
|
Орыс әскерінің шетел жорықтарына қатысты. Кутузовтың қолынан награда алды.
|
Тілекұлы.
|
|
Старшын. Жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырды.
|
Шашубайұлы, Әубәкірұлы.
|
|
Ерен ерліктің үлгісін көрсетті.
|
4. Қазақстан жеріндегі көтерілістер. І. Башқұрт халқының көтерілістері.
Жыл.
|
Көтеріліс.
|
1735-37 жж.
|
Башқұрттардың бірінші көтерілісі. Бұл котерілісті басуда орыс үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды.
|
1740 ж.
|
Башқұрттардың екінші көтерілісі. Қарасақал басқарды. Башқұрттармен бірге қазақтар және қарақалпақтар қатысты.
|
1755 ж.
|
Башқұрттардың кезекті ірі көтерілісі. Батырша басқарды. 50 мың адам Кіші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ билеушілеріне башқұрттарды үстап беруді немесе қуып шығуды ұсынды. Ұсынысты Нұралы хан бастаған топ қана қуана қарсы алды. Неплюевтың ұсынысы мен Нұралының әрекеттері қазақ пен башқұрт арасында көп жылдарға созылған алауыздық туғызды. Ол туралы XIX ғ 30 жж Левшин былай деп жазды: «Қантөгіс азайғанымен екі туысқан халықтың арасындағы қастандық осы уақытқа дейін сақталып келеді».
|
ІІ. Пугачев бастаған шаруалар соғысы. 1773-75 жж.
Көтеріліске Орта (керей, қыпшақ, қанжығалы, қарауыл, арғын) және Кіші жүз қазақтары қатысты. Қазақ шаруаларының Пугачев бастаған соғысқа қатысуына түрткі болған мәселе-жер мәселесі. Пугачев өзін Ресейдің III Петр патшасымын деп жариялады. Көтеріліске шыққан шаруалардың басым көпшілігін Орал казактары құрады. Көтерілістің өзіндік ерекшелігі: Ресей империясындағы түрлі халықтардың өкілдері қатысты-қазақ, башқұрт, татар, қалмақ. Пугачевті қолдаған сұлтандар- Ералы, Досалы, Айшуақ, Сейдалы (Кіші жүз), би Дәуітбай (Орта жүз). Кіші жүзде Пугачевті батыр Сырым Датұлы қолдады. Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан патша үкіметіне маған бағынбай кетті деп түсіндірді. Қазақ жасақтары жеткен Еділ бойындағы Ресей қалалары: Царицын мен Астрахан.
Жыл.
|
Соғыс барысы.
|
1773 ж.
|
Пугачев құпия түрде Кіші жүздің көші-қон аумағында болып қайтты.
|
1773 ж, қазан – 1774 ж, наурыз.
|
Қазақ жасақтары Орынборға тікелей шабуыл жасауға қатысты. Орынборды қоршауда 200 қазақ ат салысып, ерекше көзге түсті (басқарған - Досалы).
|
1773 ж, қараша.
|
1.Нұралы хан өкілі Зәбір молда Усиха маңында Пугачевпен кездесті. 2.Қазақтар Кулагин бекінісін алуда басты күш болды.
|
1774 ж, жаз.
|
Орта жүз қазақтары Алабұға бекінісін талқандады.
|
1775 ж.
|
1.Көтерілістің негізгі ошақтары жойылғаннан кейін де қазақтардың отаршылдыққа қарсы қозғалысы одан әрі жалғаса берді. Ол Көктемірдің «Көзге көрінбейтін қозғалысы» деген атқа ие болды. Тама және табын руларының арасында тарады. 2.Патша үкіметінің арнайы жарлығымен Жайық өзені Орал өзені, Жайық қалашығы Орал қалашығы деп өзгертілді.
|
1776 ж, сәуір.
|
Генерал Рейнсдорп үкіметке хатында «тыныштық» орнады деп хабарлады.
|
ІІІ. Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі (1783-97 жж).
Руы-байбақты. Пугачев көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы, көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Әрі шешен, әрі би. Бала кезінде «Бала би» атанды. Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы: патша үкіметінің жер тартып алуын тоқтату, ханның, султандардың озбырлығына тыйым салу. Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтар, старшындар (Барақ, Тіленші, Оразбай), билер, ру басшылары, батырлар қатысты. Көтерілісшілер саны-5800 адам болды.
Жыл.
|
Көтеріліс барысы.
|
1778 ж.
|
Сырымның балалары қайтыс болды.
|
1784 ж.
|
Сырымның Орал казактарымен кескілескен күресі басталды. Сағыз өзені ауданы көтерілістің негізгі ошағына айналды (Сырым әскерінде 1000 адам болды).
|
1785 ж.
|
1.Қазақ жасақтары Төменгі Орал (Жайық) шебінің аймағында патша үкіметінің әскерімен шайқасқа түсті. Датұлының Сахарная бекінісіне шабуылы кезінде Айшуақ сұлтанның ұлы Атақ ұрыс даласында қаза болды. 2.Нұралы ханды тақтан тайдыру көтерілісшілердің ендігі басты мақсатына айналды. 3.Кіші жүз старшындарының съезі. Шешімі: Нұралыны тақтан тайдыру.
|
1786 ж.
|
Нұралы Кіші жүзден біржола қуылып, Уфаға жер аударылды. Орынбор губернаторы Игельстром реформа жобасын ұсынды. Реформаны II Екатерина бекітті. Реформаның мәні, мақсаты: хан билігін жою, бүкіл билікті Шекаралық сотқа беру. Кіші жүз Әлімұлы, Байұлы, Жетіру деген үш аймаққа бөлініп, олардың әрқайсысында ру ақсақалдары кіруге тиісті расправалар құрылатын болды. Сұлтандар мен старшындар арасында қарама-қайшылық басталды. Раправалардың құрылуы султандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды. Датұлының көздегені-хандықты құртып, билікті билерге беру. Орынборда Шекаралық комиссия құрылды. Датұлы Хиуа хандығымен келіссөздер жүргізді. Францияда король билігінің жойылуы Игельстром реформасын тоқтатуға себепші болды.
|
1790 ж.
|
Нұралы Уфада қайтыс болды.
|
1791 ж.
|
Әбілқайырдың ұлы Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды. Бұл көтерілістің қайта жандануын тездетті. Осы кезеңде Сырымды табанды қолдағандар: Айшуақ сұлтанның баласы Жантөре, старшындар Ілекбай, Барақ, Жиақас, қара халықтан шыққан батырлар Жарқымбай, Амандық.
|
1792 ж.
|
Датұлы 1000 сарбазымен Елек қорғанына шабуыл жасады.
|
1794 ж.
|
Ералы хан өлді.
|
1795 ж.
|
Нұралының ұлы Есім хан сайланды.
|
1796-97 жж.
|
Кіші жүздегі жұт.
|
1797 ж.
|
1.Сырым тобының хан сарайына шабуылы. Салдары: Есім өлтірілді. Бұл жағдай атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды. Жазалаушы отрядтар қазақ даласына жіберілді. 2.Хан кеңесі құрылды. Төрағалыққа сұлтан Айшуақ бекітілді. Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы кеңеске енгізілмеді. Осындай шешім арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 3.Нұралының жақтастары оның ұлы Қаратайды хан сайлады. 4.Айшуақ сұлтан хан сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, старшындар да қолдап, өзара татуласты. Датұлы старшындарды топтастыру мүмкіндігінен айырылып, Хиуаға өтіп кетті.
|
1802 ж.
|
Сырым Хиуада дүние салды. Датұлы көтерілісінен кейін патша үкіметі Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану жөнінде едәуір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 1801 ж Жайық өзенінің оң жағасында Ішкі Орда құрылды.
|
IV. Ресейге қарсы Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс (1822-25 жж). Руы табын. Мақсаты: Елек өзені бойындағы жерлерді қайтару. 3 мың жауынгері болды.
V. Бөкей (Ішкі) Ордасындағы шаруалар көтерілісі (1836-38 жж). Көтерілістің басты себебі: жердің жетіспеушілігі (20 мың отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородко Каспий теңізі жағасында орасан көлемді жер иемденді). Түрткісі: 1833 ж Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы. Негізгі қозғаушы күші: қазақ шаруалары. Сипаты: ұлт-азаттық, отаршылдыққа, феодалдық озбырлыққа қарсы. Көтерілістің басты мақсаты: хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мәселесіндегі патша үкіметінің саясатын өзгерту. Көтеріліс үш кезеңге бөлінеді: 1833-36- көтеріліс алғышарттарының қалыптасуы, 1837- көтерілістің етек алған кезеңі, 1837 желтоқсан-1838 шілде- көтерілістің әлсіреп, жеңілу кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |